banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-06-10_01-41-28

Қосқан уақыты Маусым 21, 2020 | 144 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

ХҚО-ларға бару уақыты қатаң реттелген  

 

       Қазіргі кезде Алматы қаласының ХҚО-ларында бұрынғыдай кезек күтіп тұрған көп адам көрінбейді. Кезек күтушілер азайған. Бұл ХҚО жұмыстарының жаңа форматының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Енді Алматы ХҚО-ларына бару уақыты қатаң реттелген, алдын-ала жазылып, белгіленген уақытта бару қажет. Мұндай форматта Алматы ХҚО-лары 25 мамырдан бастап жұмыс істеуде.

   Бүгінде ХҚО-лар тек қана қағаз түріндегі 106 қызмет түрін көрсетеді. Қалған қызметтердің 80% -ін egov.kz порталы арқылы азаматтар өз бетінше электрондық форматта алады.

     Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында тіркелуі талап етіледі.

    Бұл базада тіркелу өте оңай. Алдымен Egov.kz порталына кіріңіз, оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз, камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз.

   Сосын байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіп, ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді және телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлайсыз.

Осылайша тіркеліп, egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

    Құжаттандыру сияқты қызметтер ХҚО арқылы көрсетіледі, бірақ тек бронь бойынша. ХҚО-ға алдын ала жазылу арқылы келу керек. ХҚО-ға келу уақытын бірнеше әдіспен  брондауға болады.     Бірінші әдіс порталда арнайы сервисті пайдалану egov.kz.кезекке қою үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Алдын ала жазылудың онлайн-қызметі телефон нөміріне бірреттік СМС арқылы көрсетіледі. Бұл үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет емес. Мобильдік базада тіркелгеніңізді тексеру үшін электрондық үкімет порталына кіру керек, “сервистер” бағанында “азаматтардың Мобильдік базасында тіркеудің болуын тексеру” қойындысын таңдау керек. Содан кейін ЖСН енгізу және жүйе дереу нәтиже береді. Ұялы телефоныңызда телеграм қосымшасы жүктелген болса,  мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайсыз. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді.

    Алдын ала кезекті брондаудың  тағы бір әдісі -1414 Сall-орталығына хабарласу, қоңырау шалу тегін. Бұл опция электрондық үкімет порталын пайдалана алмайтын қарт адамдар үшін өте қолайлы. Егер адам әлі мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, алдымен Сall-орталығының операторларына тіркелу туралы өтініш беру керек. Әрі қарай адамға ХҚКО-ға бару уақыты айтылады, телефонға сәйкес СМС-хабарлама келеді.

        ­Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді.

    Қызмет алушы белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келіп, 1414-тен  түскен СМС-хабарламаны көрсетуі керек.

   Алматы қаласының барлық ХҚКО-ларында жеңілдіктері бар азаматтар үшін терезе қарастырылған. Қосымша жеңілдікті санаттарына барлық топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар жатады.

     Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық бөлімдер қажетті ұйымдастыру техникасымен, дербес компьютерлермен, веб-камералармен, сип-телефондармен және қажетті гарнитуралармен жабдықталған. Бөлімдерде адамдардың жиналуын болдырмау үшін қызмет алушылардың арасындағы қашықтықты сақтау үшін кіру топтарының алдына белгі қойылған. Кіре берісте санитарайзерлер орнатылған, маскасыз ХҚО-на кіруге болмайды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑