banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 14 мая, 2020 | қосқан shalqar | 179 рет оқылды

0

Алматы ХҚО-лары қала ішінде 40-қа жуық eGov бұрышын ашты

Қала әкімдігі жанындағы жедел әрекет ету жөніндегі штабтың шешімі бойынша, Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын әлі бастаған жоқ. Алайда, жабық тұрған  қала ХҚО-ларына келушілер болып жатыр. Олар электрондық үкімет порталында кезекті алдын ала брондап келуде екен.

«Порталда кезекті алдын-ала брондау сервисі карантин кезінде де, оған дейін де жұмыс істеп тұрды. Штаб рұқсатынсыз Алматы ХҚО-лары жұмыс істемегендіктен, алынған кезек те жарамсыз болып отыр. Порталдағы брондау жүйесі республиканың барлық ХҚО-лары үшін тұтас жұмыс істейді, оның ішінде Алматы қаласы үшін броньды тоқтата алмаймыз. Сондықтан азаматтар кезекті броньдамас бұрын, өзі баратын ХҚО-ның жұмыс істеп тұрғандығынан хабардар болуы тиіс», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 11 мамыр күні сағат 00:00-ден бастап коронавирус пандемиясы нәтижесінде енгізілген төтенше жағдай режимі аяқталды. Осыған қарамастан, елімізде карантиндік шектеулер әлі де жалғасуда.

Карантин біткен соң ашылатын Алматы ХҚО-лары жаңаша жұмыс істейтін болады.

Енді алматылықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.

ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді. Осылайша қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді.

«Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда, екінші деңгейдегі банктерде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде, «Нұр Отан» партиясы кеңселерінде, сауда орталықтарында, автосалондарда,  және т.б. орындардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларынан ала алады. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды», — дейді директор.

Осылайша, Алматы қаласы филиалы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға 39 eGov бұрышын ашты. Осындай өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының қатарында мына орындар бар.

  1. Тұрғын үй департаменті, Жароков көшесі, 215
  2. Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Төле би көшесі, 12. уг.Қалдаяқов көшесі
  3. «Бақытты отбасы» орталығы, Зенков к-сі, 15
  4. Жұмыспен қамту орталығы, Назарбаев көшесі, 50
  5. № 72 мектеп, Думан ш.а.
  6. «Казпочта» АҚ, Алатау ш.а.
  7. «Көк базар» әмбебап базары, Жібек жолы даңғылы 53 / Мақатаев 44
  8. «DOSTYK PLAZA» СОО, Самал шағын ауданы-2,111
  9. «Нұр Отан» кеңсесі, Достық даңғылы, 124
  10. «Галерея» сауда кешені, Тимирязев көшесі, 42
  11. «Мега Alma-Ata» СОО, Розыбакиев к-сі, 247А
  12. «Бақытты отбасы» орталығы, Шұғыла ш.а. 347/2.
  13. «FORUM» СОО, Сейффулин д-лы, 617
  14. Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көшесі, 191
  15. «PROMENADE» СОО, Абай даңғылы, 44а
  16. Райсобез, Мақатаев к-сі, 142
  17. «Нұр Отан» кеңсесі, Құлагер ш.а. 59/1
  18. МФК RAMSTORE ALL IN, Назарбаев даңғылы, 226
  19. Райсобез, Нұркент ш.а. 5/18
  20. «Qoldaý (кәсіпкерлік орталығы), Рихард Зорге к-сі, 9А
  21. «Mаrt Village» СОО, Рихард Зорге к-сі 18/1
  22. Цифрлық ХҚО,. Әйгерім 2 ш.а., Бенберин к-сі, 89
  23. Казпочта, Алатау 61 опс, Райымбек к-сі 383
  24. «Domillion» СОО, Рысқұлов д-лы, 143б
  25. Казпочта, Бөгенбай батыр к-сі, 134
  26. Казпочта, Алтынсарин д-лы, 11 ш.а.. д. 27
  27. Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 3 ш.а.
  28. «Мәскеу» СОО, Алтынсарин к-сі, Абай қиылысы
  29. ТРК» GRAND PARK», Кабдолов көшесі 1/4
  30. Цифрлық қызметтер орталығы, Алмалы-1 ХҚО, Сүйінбай д-лы, 2, к 4
  31. «Белас» СҮ, Жұмабаев көшесі, 71
  32. «Максима» СОО, Райымбек даңғылы
  33. «ЭДЕМ» СО,Кудерин к-сі, 3/1
  34. «Нұр-Отан» кеңсесі, Жетісу ауданы, Құлагер ш.а., 59/7
  35. Жетісу ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Құлагер ш.а., 59/1
  36. Салық комитеті, Абылайхан даңғылы, 2
  37. «Жетісу-Семиречье» СОО, Қайрат ш.а, 181
  38. «Нұр Сәт» базары, Ақсуат ш.а., 118/1
  39. «ТУРКСИБ» жәрмеңкесі, Сүйінбай даңғылы, 261

Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.

Дегенмен, 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.

«Бүкіл республика бойынша ХҚО-ларды іске қосу жергілікті штабтардың шешімі негізінде, вирустың таралуына байланысты кезең-кезеңімен іске асуда. Алматы ХҚО-ларын іске қосудың болжамды мерзімі туралы ақпараттан әзірге хабарсызбыз. Қала тұрғындарын шыдамдылық танытуға шақырамын. Барлығы жақсы болады«, — деді Данияр Батанұлы.




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑