banner-top12

Ақпараттар ағымы image_l

Қосқан уақыты Мамыр 31, 2017 | 504 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр “Репрессия құрбандарын еске алу күні” болып жарияланған .  1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 миллион 700 мың адам қырылған. 1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жасалған 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішінің ресми ашылу салтанаты болды. Шараға репрессия мен ашаршылыққа ұшырағандардың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қала белсенділері мен жастар қатысты.   Ескерткішті Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек ашты. Бүгінгі күн –  қуғын-сүргін құрбандарын да еске алу күні болғанымен, ескерткіш  тек ашаршылық құрбандарына арнап ашылды.

1493647997_article_bimage_l31cdd9d54dfefd4cf8539575971f8b4972683ba8af9f9a965744ea3040764e1e

Мұның өзі ұзақ күттіріп келген ескерткіш. Дәл осы орында көп жылдар бойы “осы жерде 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткіш орнатылады” деген жазуы бар қара тас тұратын. Бүгін қала халқы  сол ескерткішпен қауышып, ата-бабаларымыз көрген ашаршылық қасіретін еске алды.  Қала басшылығы  алдағы уақытта саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің де болатынын айтты.

Ескерткіш Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы, бұрынғы НКВД ғимараты алдындағы “Қарағайлы” саябағында орналасқан. Қола мен граниттен жасалған аш, жалаңаш баласын көтерген ана  бейнеленген ескерткіштің биіктігі 3 метр. Ескерткіш авторлары –  сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар.

 Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑