banner-top12

Ақпараттар ағымы ????????????????????????????????????

Қосқан уақыты Тамыз 8, 2018 | 236 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда ата-аналар қажетті анықтамаларды мектеп жәрмеңкелерінен ала алады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа оқу жылының қарсаңында Алматыдағы мектеп жәрмеңкелерінде халыққа қызмет көрсету секторларын ашты. Мемлекеттік корпорация мамандары тамыз айының соңына дейін мектеп жәрмеңкелеріне келуші ата-аналарға қызмет көрсетеді.
Мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер мен балабақшаларда талап етілетін анықтамаларды ата-аналар фронт-офистерге бармай-ақ, өздеріне ыңғайлы жерлерден алуына жағдай жасау, электрондық үкімет порталында өз бетінше жұмыс істеуді үйретіп, мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алуларына көмектесу. Сонымен қатар мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде жыл сайынғы оқу жылы қарсаңында болатын жүктемені төмендетіп, қызмет алушылар легін азайту.
Мемлекеттік корпорация мамандары мектеп жәрмеңкелерінде ата-аналарға ЭЦҚ жазып алу, мобильді үкіметке тіркелу, балаларын тұрғылықты жері бойынша балабақшаға, мектепке тіркеу жайын түсіндіріп, мекенжай анықтамаларын алып, мемлекеттік қызметтерді алу процестеріне үйретеді, сондай-ақ қажетті қызмет түрлерін ұсынады.
Мектеп жәрмеңкесіне келушілерге мемлекеттік қызмет алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылады.
БАҚ өкілдерін осы шара жайлы жария етуге шақырамыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы Әуезов ауданы, Абай-Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы мектеп жәрмеңкесі.
Журналистердің жиналу уақыты: 2018 жылғы 09 тамыз, сағат 11-00.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑