banner-top12

Ақпараттар ағымы DSC_0077

Қосқан уақыты Мамыр 7, 2016 | 496 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда FISU Бақылау кеңесінің инспекциялық сапары аяқталды

DSC_0075 DSC_0058 DSC_0056 DSC_0091

Алматыда FISU Бақылау кеңесінің инспекциялық сапары барысындағы 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясымен қорытынды жұмыс кездесуі тәмамдалды. Кездесу барысында сапар қорытындысы шығарылып, FISU тарапынан Ұйымдастыру комитетінің атқарған жұмысына баға берілді.

FISU делегациясын бірнеше өкіл құрады. Олар:  FISU Бақылау кеңесінің төрағасы әрі вице-президенті Мариан Дымальский, Бақылау кеңесі төрағасының  орынбасары Кайрис Ульп, Қысқы Универсиада директоры Милан Августин, Қысқы Универисада директорының көмекшісі  Джихо Ким және қысқы Универсиадалар ассистенті Паола Форни.

FISU Бақылау кеңесінің төрағасы Мариан Дымальский, 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындыққа оң бағасын берді. Ол Алматыда өтетін халықаралық  студенттер ойынының сәтті өтетініне сенім білдірді.

«Біз Ұйымдастыру комитетінің атқарған қыруар жұмыстарына көңіліміздің толғанын айтқымыз келеді. Бір апта бойы біз Универсиада нысандарын араладық. 2017 жылғы қысқы Универсиада өз деңгейінде, керемет өтеді деп ойлаймын. Біз сапарымыздан Алматы мен Қазақстаннан жақсы әсер алдық»,-деді Мариан Дымальский.

Апта бойы  FISU делегациясы Универсиада нысандарының дайындығын тексерді. Атап айтсақ олар: «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, 12 мың адамдық Мұз сарайы, Атлетикалық қалашық және т.б. жерлерге бас сұқты. Бұдан бөлек, Бақылау кеңесінің өкілдері Дирекция департаменттерінің функционалды бағыттары бойынша бірнеше мәселелерді талқылады.

Айта кету керек, FISU Бақылау кеңесі өз сапарлары аясында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекпен кездесті. Кездесу барысында,  FISU басшылығы Универсиада нысандарының құрылысына көңілдерінің толғанын айтып, алда біріге атқаратын жұмыстары туралы сөз қозғады.

Сапар қорытындысында, 2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясының директоры  Әсет Әбдуалиев, FISU Бақылау кеңесінің сапары, алдағы уақытта тиімді жұмыс жасауға септігін тигізеді деді.

«Біз Бақылау кеңесінің өкілдеріне алғыс білдіреміз. Олар бірнеше күн бойы үлкен жұмыстар атқарып, бізге кеңес берді. Олардың барлық кеңесі біз үшін маңызды әрі пайдалы»,-деді Әсет Әбдуалиев.

Інжу Сағидолла,

спорт шолушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑