banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-06-10_11-20-26

Қосқан уақыты Маусым 11, 2020 | 171 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда кәріз құдығында уланған жұмысшы ауруханадан шықты

8 маусымда “Алматы Су” АҚ-ның кәріз жүйесіндегі газ буымен уланған қызметкерлерінің бірі ауруханадан шығарылды. Оны шығарып алушылар арасындағосыдан бір апта бұрын оны ажалдан арашалап қалған Наурызбай аудандық ХҚО-ның маманы Ержан Абдразақов та болды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда ХҚО-ның маманы “Алматы су” АҚ-ның екі қызметкері кәріз люктерінде жұмыс істеп, есінен танып, газ буымен уланып қалған жерінен құтқарып қалған. Сол кезде Ержан Әбдіразақов ТЖ қызметкерлерінің келуін күтпестен құдыққа түсіп, тағы бір азаматтың көмегімен жұмысшыларды сыртқа шығарған болатын.

Ажалдан аман қалған Нұржан өзінің құтқарушысы Ержан ағасына ағынан жарыла алғысын білдірді.

«Мен ол күнді екінші туған күнім десем болады. Өліп қайта тірілгендеймін. Осы сәтте Ержан сынды батыл ағамыз болмағанда,  о дүниелік болар едік. Бізге екінші өмір сыйлаған ағаларыма Алла ризашылығы үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», – дейді Нұржан Қалыбай.

Ал, екінші жігіт – Асқар Қайназаров әлі де ауруханада ем алуда. Ол да есін жиған, сөйлей алады. Бірақ ауруханадан шығуға ерте, әлі де әлсіз. Оны да көруге Ержан бірнеше рет барған, бірақ палатаға жібермейді. Сондықтан оның бауыры Ысқақ арқылы хал-жағдайын біліп тұрады.

«Азаматтарымыз аман болса екен. Асқардың да тез айығып, қатарға қосылуын тілеймін. Нұржан ауруханадан шыққанда қатты қуандым. Туыстары, әріптестері келіп, бәріміз бірге қуанып, шығарып алдық. Енді Асқарды да осылай қуанышпен шығарып алатын күн тез жақындасын. Бәріміз де оның денсаулығы үшін дұғада отырмыз», – дейді Ержан.

Сын сағатта еш ойланбастан, өз өмірінің қаупіне қарамай, құтқаруға ұмтылған Ержан Әбдіразақовтың ісі  үлкен ерлік, асқан адамгершілік.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑