banner-top12

Ақпараттар ағымы Слайд2

Қосқан уақыты Тамыз 23, 2016 | 482 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда өтетін 2017 жылғы Универсиаданың бойтұмары мен медальдары бектілді

Слайд4 Слайд1 Слайд2Слайд3

Универсиаданың ұйымдастыру комитеті қысқы ойындардың бойтұмары мен марапат медальдарын бекітті.

 Универсиаданың ұйымдастыру комитетінің отырысында, қысқы ойындар дирекциясының басшысы Наиль Нуров, жарыстың бойтұмары «Сұңқар» құсын жаңа үлгіде жасап шығарғандарын алға тартты.

«Әуелі бастан, қысқы Универсиада бойтұмары ретінде сұңқар құсы таңдалынған болатын. Алайда, бастапқыдағы үлгілер көңілден шықпаған соң, жаңа үлгісін жасап шығаруды ұйғардық. Бұл «Сұңқардың» біз жасаған үшінші үлгісі. Осы жолы оның басына қазақтың ойын-өрнегі бар малақай кигіздік»,-дейді Н. Нуров.

Сондай-ақ Наиль Нуров, студенттер ойынының алауын саланатты жағу бір жерде ғана емес, еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қаласындағы 19 ЖОО-ның қабырғасында өткізілетінін айтты. Кейіннен, барлық алаулар бір жерде тоғысып, Алматыда өтетін жарыстың ашылу салтанатында үлкен алауға айналмақ екен. Эстафета алауы 2-ші қаңтарда бастау алады.

Ұйымдастыру комитетінің отырысында марапат медальдары да таныстырылды. Медаль классикалық үлгіде, металлдан құйылған, алтын, күміс және қола түрінде жасалған. Медальдың алдыңғы бетінде, Универсиада логотипі бейнеленген. Арғы бетінде FISU (Халықаралық студенттер спорты федерациясының) логотипі, Ойындар аты, өтетін жері орналасқан.

Інжу Сағидолла

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑