banner-top12

спорт IMG_7027

Қосқан уақыты Ақпан 28, 2016 | 440 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда өтіп жатқан траплиннен секіру спортынан FIS әлем кубогінің қысқы кезеңінің бірінші күнгі нәтижелері

IMG_6861 PeterIMG_7027

27-ші ақпан күні ерлер мен әйелдер арасында трамплиннен шаңғымен секіру спортынынан әлем кубогінің кезеңі өтті. Бірінші жарыс күні Жапониялық Сара Таканаши мен Словениялық Петер Превцтің жеңістерімен аяқталды.
Сара Таканаши 252,6 көрсеткішіне секіріп, әйелдер арасында бірінші орын иеленсе, екінші және үшінші орындарды Даниэла Ирашко-Штольц(245,3) және Жаклин Зайфридсбергер(239,2) алды. Үздік бестікке Виц мая мен Хельцль Чиара 235,7 және 234,7 нәтижелерімен қорытындылады. Болашағынан көп үміт күттіретін Ресейлік Ирина Аввакумова 231,2 нәтижесіне секіріп, алтыншы орынға тұрақтады.
Бірінші орыннан көрінген Сара Таканаши, қазақ халқының қонақжайлығын алға тартты. «Қазақстанға бірінші мәрте келуім емес. Бұған дейін Алматыда өткен жазғы маусымдағы жарыстарға келгенім бар. Маған қазақ халқының қонақжайлығы өте ұнайды. Жарыста қызмет атқарып жүрген еріктілер сыпайы жандар деп айтқым келеді. Болашақта да Қазақстанға сан мәрте келемін деп үміттенемін»,-деді Сара Таканаша.
Ерлер арасындағы сөзсіз жеңімпаз, 272,7 көрсеткішін көрсеткен Словениялық Петер Первц болды. Екінші орынды австриялық Михаель Хайбек(254,7), үшінші орынды Германиядан келген Зеверина Фройнд(252) иеленді. Даниель-Андре Танде және Кранец Роберт өзара төртінші және бесінші орынды бөлісті. (244,7 және 242,1).
«Мен бұл жерде алғашқы рет келдім. Жалпы кешен мен үшін өте жаңа және маған ол өте ұнайды. «Сұңқар» кешенінің әлемдегі ең үздік кешендердің бірі екені тегін емес қой»,-деп айтты П.Превц.
Айта кетейік, 27 мен 28 ақпан аралығында Алматы қаласында «Viessmann» ұсынған трамплиннен шаңғымен секіруден қысқы маусымдағы әлем кубогінің кезеңі өтеді. Бұл жарыс Қысқы Универсиада алдындағы тесттік мағынаға ие сайыс. Және жарыс уақытында халықаралық «Сұңқар» трамплин кешеңінің дайындығы тексерілетін болады.
Әлем кубогі Халықаралық шаңғы спорты федерациясының қанаты астында өтеді. Жарысқа 15 елден 150 спортшы қатыспақ. Бұл спортшылар FIS нұсқасы бойынша топ-30 үздіктің қатарына кіретін спортшылар. Жарыс екі күн бойына Eurosport каналынан көрсетілетін болады.

Інжу Сағидолла,

спорт шолушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑