banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_1486

Қосқан уақыты Сәуір 20, 2019 | 216 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топ жасақталды

IMG_1320IMG_1439IMG_1309IMG_1374 IMG_1302 IMG_1280 IMG_1457 IMG_1306 IMG_1307 IMG_1556 IMG_1499 IMG_1536 IMG_1526 IMG_1519 IMG_1511 IMG_1384

Алматы қаласы «Достық» үйінде өткен жиында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі насихаттық топ жасақталып, қазақстандық этностарға арналған алғашқы «Қазақтану»  лекторий өтті.

«Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбындағы жобаны жүзеге асыруда. Бүгін жасақталған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері тұрақты түрде жұмыс істеп, мектептер мен колледждерде, ЖОО-дарда, этно-мәдени орталықтар мен жастар ұйымдарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп, түрлі шаралар ұйымдастырып, лекциялар оқитын болады», – дейді ұйым басшысы Жаңыл Әпетова.

Насихаттық топтың  мақсаты – Қазақстан этностары коммуникациясының жаңа арналарын жандандыру, өзара іс-қимыл саласын кеңейту. Сондай-ақ, топ «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.

Алматы қаласы ҚХА мүшелері – Грек мәдени орталығының төрағасы   Иорданиди Георгий Константинович,  Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары, осетин мәдени орталығының басшысы Казбек Мамсуров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Асылы Әлиқызы Осман, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Мәсіғұтқызы Жақанова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Құсман Кәрімұлы Шалабаев, Майра Мәжитқызы Сағымбекова, Қазақстан Республикасының экономикалық қоғамдастықтарының және басқа да нысандағы кооперативтердің ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті Қазбек Алтайұлы Шайых, «Халифа Алтай» қорының төрағасы Қабден Алтайұлы, «Бәйтерек» жастар орталығының жетекшісі Мейіргүл Ноғайбекқызы Қазыбаева, Сервистік қызмет көрсету колледжі жастар ұйымының жетекшісі Тұрсын Бекжан «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыру мен оны жүзеге асырудың формалары мен механизмдері, ақпараттық-насихат тобының жұмысын үйлестіру бойынша пікірлері мен ұсыныстарын, идеяларын ортаға салды. Отырыс нәтижесінде ақпараттық-насихаттық топ құрылып, құрамы бекітілді.

Топ құрамына ҮЕҰ мен сараптамалық қауымдастық өкілдері, этно-мәдени орталықтардың көшбасшылары, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері, тарихшылар мен этнографтар  топтастырылды.

Отырысты  «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының бас директоры, Қазақстан ұлттық ЮНЕСКО клубтар федерациясының, Қазақ психологиялық қоғамының вице-президенті Бейсембаев Ғани Бектайұлы жүргізді.

Сондай-ақ, отырыстан кейін ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің алғашқы «Қазақтану» лекторийі өтті.«Ұлы мұра – ұрпаққа аманат» атты  алғашқы лекторийде этнограф-зерттеуші, Қазақстан мен ҚХР-дағы қазақ мәдени мұралары жайлы 10-ға жуық этнографиялық еңбектің авторы, жазушы Баяхмет Жұмабайұлы, филология ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төраға орынбасары Светлана Викторовна Ананьева, «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті университетінің Жалпыгуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, антропология, этнология, этнография мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты Досымбек Қатран, Алматы қаласы мен Алматы облыстық Түркiмен этно-мәдени орталығының төрайымы, 150-ден аса ғылыми мақалалар мен еңбектің авторы, экономика ғылымдарының кандидаты Гульнара Аннакулиева сынды зерттеушілер «Рухани жаңғыру» бағытындағы зерттеулерімен бөлісіп, ойлары мен пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. Лекторийге Алматы қаласы ҚХА кафедраларының студенттері қатысып, аға буынның лекциясын тыңдады.

Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық  қорының баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑