banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_6975

Қосқан уақыты Тамыз 4, 2018 | 187 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыдағы «Барыс» автокөлік базарында көшпелі «автоцон» жұмыс істей бастады

   Бүгін Алматыдағы «Барыс» автокөлік базарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары қызмет көрсетті. Енді тамыз айында әр демалыс сайын Алматы қалалық мамандандырылған ХҚО қызметкерлері автобазарларда жұмыс істеді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы  аясында халықтың цифрлық сауаттылығын көтеру, мамандандырылған ХҚО-лардағы жүктемені төмендету, автокөлік иелерінің кезегін азайту мақсатында жүзеге асып жатқан іс-шара барысында мамандар азаматтарды электрондық үкімет порталы арқылы өз бетінше қызмет алуға үйретеді.

«Бүгінгі таңда Алматы қаласының автобазарларында күніне 5 мың көліктің сату-сатып алу үдерісі жүріп, дүйсенбі күні мамандандырылған ХҚО-ға адамдар ағылады. Ал кейбір азаматтар сол жерде жүретін алаяқтарға алданып, делдалдарға жем болып жатады.  Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін автобазарда көшпелі қызмет көрсету секторын орналастырдық. Егер осы бастамамыз оң нәтиже беріп жатса, алдағы уақытта да сенбі-жексенбі күндері МХҚО мамандары осында қызмет көрсететін болады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова

    «Барыс» автобазарында орналасқан көшпелі автоХҚО мамандары  автокөлік иелеріне ЭЦҚ жазып алу,  мобильді үкіметке тіркелу, айыппұл, салық берешектерін тексеру және төлемдер жасау, «Жүргізуші куәлігін онлайн алу», «Көлік құралын онлайн тіркеу» мемлекеттік қызметтерін алу процестерін үйретіп, осы қызмет түрлеріне МХҚО-ға бармай-ақ қол жеткізуге көмектесті.

Барлық автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет алу бойынша ақпараттық парақшалар таратылды.

Корпорация мамандары шара барысында халыққа ақпарат таратушы БАҚ өкілдеріне автокөлік иелерінің игілігі үшін жасалған жаңашылдықтар туралы айтып, онлайн қызметтерді алу жолдарын кезең-кезеңімен түсіндіріп, цифрлық қызметтердің артықшылықтарын көрсетті.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑