banner-top12

Ақпараттар ағымы AX1_9830

Қосқан уақыты Ақпан 9, 2017 | 475 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыдағы Универсиада әлем спортшыларының достық пен келісім атмосферасында аяқталды

 

      Соңғы екі апта бойы көптеген елдің көрермендеріне көзайым болған студенттік спорт думаны да осымен аяқталып бітті. Кеше 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың Жабылу салтанаты өтті. «Алматы Арена» трибуналарына жайғасқан 12 000 көрермен және телеэкран арқылы Салтанатты қалт жібермей тамашалаған есепсіз жанкүйерлер тобы да Ойындардың алауы өшірілген сәтті ерекше толқыныспен бақылап, спорт мерекесімен қимастықпен қоштасты.


AX__2633AX__2529AX__2561AX1_9875AX1_9830AX1_9798AX__2733AX__2704

Жабылу салтанатында доданың бас сайыпқырандары – медальдерді жеңген атлеттерге, сондай-ақ, спорт алаңында әділ күреске түсіп, жанын салып ойын көрсеткен Универсиаданың басқа да қатысушыларына құрмет көрсетіліп, салтанатты тамашалауға келгендердің барлығы үшін әсерлі музыкалық шоу ұйымдастырылды.

Жабылу салтанатында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матыцин, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, сондай-ақ, Красноярск қаласының мэрі Эдхам Акбулатов сөз сөйледі. Акбулатов мырза FISU туын қабылдау, сондай-ақ, 2019 жылы Универсиаданы қабылдайтын Красноярск қаласының бас белгісін таныстырып,  жиналған қалың жұртпен қаланың тарихы мен мәдениетіндегі ең жарқын оқиғалармен бөлісу үшін арнайы Алматыға келді.

Бүкіләлемдік қысқы студенттер ойыны -2017-нің жабылу салтанаты дәстүрге сай әсерлі шоу түрінде өткізіліп, жарыс қорытындыланды.Салтанатты шараны «Ұлытау» тобы мен танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаеваның сүиемелдеуімен актриса Ардақ Балажанова ашты. Оларға дүйім жұртты таңқалдырған 150 барабаншы жәрдемдесті.

Әрі қарай Универсиадаға қатысушы командалар шеруі өтті.Ашылу салтанатында  барлық елдің спортшылары кез келген жарыста бастысы бәсеке емес бірлік екендігін көрсетіп бірге шықты.

Салтанаттың ресми бөлімі Қазақстан Республикасының ӘнұранынАбай атындағы мемлекеттік опера  және балет театрының хоры мен халықаралық конкурстардың лауреаты Әсет Балғазиннің орындалуымен басталды. Содан кейін мінберге Қазақстан Республикасының премер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен FISU-дің төрағасы Олег Матицын шықты.

– Құрметті достар,спортшылар,Универсиада Қонақтары!
Мыңжылдық тарихы бар Алматы екі апта бойы әлемнің спорт сүйер қауымының көз тартар орталығына айналды.
Осы уақыт ішінде әлем Қазақстанды, Қазақстан әлемді жаңаша қырынан таныды. Халықаралық қауымдастық халқымыздың тамыры терең мәдениеті мен қанына біткен қонақжайлығын, үздіксіз даму мен әлемдік бәсекедегі қайратын сезді. Алматы Универсиадасы – әлем спортының тарихына өзіндік ізін қалдырды.Алматы ойындарын 1 милиардтан астам адам тамашалады.28-ші қысқы Универсиада шығындарды үнемдегеніне қарамастан жоғары денгейде өтті.
Универсиада барлығына 57 елдің спортшыларын бір жерге жинаған байрақты бәсеке ретінде есте қалады.Аз ғана уақыттың ішінде салынған  «Алматы Арена», «Халық Арена»,стадиондары   денсаулық сақтау және мәдени нысандар тұрғын үйлер алматылықтар мен қазақстандықтардың игілігіне беріледі,-деді Бақытжан Сағынтаев.

Әрі қарай сөз алған Халықаралық студенттік спорт федерациясының президенті Олег Матицын Алматыны Универсиаданы абыроймен өткізгеніне алғыс айтып  қалаға келегекте жаңа табыстар тіледі.

Салтанаттың арнайы блогы Универсиададағы еріктілердің жұмысына арналды.Алматыдағы Бүкіләлемдік студенттер ойынына Қазақстан,Ресей,Қытай оңтүстік Корея,АҚШ,Канада,Украйна мент.б көптеген елдерден 3000 ерікті  жұмылдырылды.  Еріктілерге арналған «Қанатыңды кеңге жай» әні орындалды.Номерді орындау кезінде жүздеген еріктілер би билеп,экрандарда әлеуметтік желідегі суреттер көрсетілді.

Еріктілер блогынан кейін Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) туы келесі қысқы Универсиаданың – астанасы Красноярскіге табысталды.Ту Алматы әкімі Бауыржан Байбектің қолынан FISU президенті Олег Матыцинге,ол оны Красноярскінің басшысы Эдхам Акбулатовқа берді.

– Красноярск Универсиада астанасы ретінде жарысты абыроймен өткізетініне барымзды саламыз. Мен жас спортшылардың арманын орындаған,жаңа чемпиондар тәрбиелеген  FISU-ға,рахмет айтқым келеді.Олардың қажырлы еңбегінің арқасында  әлем жастары бір-біріне жақындай түсуде.мен шығыстың қонақжайлығын көрсеткен Алматыға,спорттық жеңістерге шын жүректен алғыс айтамын.

FISU–дың байрағы табысталғанан кейін Красноярскінің театрландырылған танытымы көрсетілді.Көрермендерге сібірдегі мегаполистің өмірі мен келесі Универсиаданың концепциясы таныстырылды.Сібір тайгасынан шыққан шамандардың мәдениетін мәнерлеп сырғанаушылар мен бишілер керемет шоу етіп көрсетті.Мұз айдынында тамаша би көрсеткен Алексей Ягудинді көрермендер зор қошеметпен қарсы алды.

Универсиада Алауы сөндірілгеннен кейін Алматыдағы студенттік Ойындар ресми түрде жабылды.Салтанат  Али Окапов, Адеми, Джа Калиб т.б орындаушылардың концертімен аяқталды.Әншілермен бірге түрлі елден келген спортшылар да билеу шеберлігін көрсетті.Оларға 150 кәсіби бишілер жәрдем етті.

Жабылу салтанатының дәл алдында Универсиада алаңында соңғы екі медаль жиынтығы сарапқа салынған болатын. «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде ерлер арасында 30 шақырымға масс-старттан шаңғы бәйгесі өтті. Осы бәсекеде мәре сызығына соңғы метрлер қалғанда тартысты күрес Ресей мен Қазақстан спортшылары арасында өрбіді. Нәтижесінде мәре сызығын бірінші болып ресейлік Дмитрий Ростовцев кесіп өтіп, отандасы Валерий Гонтарь бар-жоғы 0,3 секундқа одан қалып қойды. Жеңіс тұғырына үшінші болып қазақстандық Сергей Малышев (+ 0,5 сек.) көтерілді.

Сондай-ақ, дәл сол уақытта ерлер арасында хоккей додасының шешуші ойындары өтіп жатты. «Қола» үшін бәстескен Канада құрамасы әрең дегенде Чехияны жеңсе (4:3), «алтын» үшін бұрыннан бәсекелес достар – Ресей және Қазақстан құрамалары алаңда беттесті. Тартысты өткен бәсекенің екі кезеңінде қарсыластар бір-бірінің қақпасына бірде-бір шайба соға алмады, алайда үшінші жиырма минутта Даниил Ильиннің күшімен ресейліктер есепті ашты. Универсиада қожайындары есе қайтармақ болып, қарсыластарының қақпасын шабуыл астына алғанымен, гол соғуға мүмкіндік туған бірде-бір сәтті өз пайдасына қолдана алмады. Нәтижесінде ойын 1:0 есебімен аяқталып, Ресей «алтынды» жеңді. Ал Қазақстанға «күмісті» місе тұтуға тура келді.

Универсиаданың бейресми командалық есебінде Ресей жасағы бірінші орында келеді (29 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль). Екінші және үшінші орындарға Қазақстан (11, 8, 17) және Корея (11, 5, 5) командалары тұрақтады. Қысқы ойындар кезінде барлығы 85 медаль жиынтығы сарапқа салынып, 26 елдің өкілдері бас жүлделерді еншіледі.

Алматыдағы Универсиада әлем спортшыларының достық пен келісім атмосферасында аяқталды.Студенттер ойыны -2017 тарихта қалды.Алматы жарысты ең жоғарғы денгейде өткізіп, Красноярскіге  абыроймен табыстады.

2019 жылы Красноярскте кездескенше күн жақсы, Алматы-2017!

 

Інжу Сағидолла

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑