banner-top12

спорт 242096303

Қосқан уақыты Мамыр 6, 2016 | 540 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

FISU-дың бақылау кеңесі: Алматыдағы Универсиада FISU тарихындағы ең үздік ойындар болмақ

4M2A9506 4M2A9272

Алматы қаласында Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) делегациясының инспекторлық сапары өтуде. Олар 2017 жылғы қысқы Универсиада нысандарының дайындығын бақылап, қысқы ойындарды ұйымдастыру комитетінің департамент қызметкерлерімен жұмыс барысындағы кездесулер өткізуде, – деп хабарлайды 2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз-қызметі.
2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының қызмкеткерлерімен жұмыс барысындағы кездесулерде, әртүрлі функционалды бағыттағы мәселелер талқылануда: аккредитация, спорттық сервис, брендинг, ойын кейіпі, еріктілерді дайындау, тасымалдау, медициналық қамту, тарату, тамақтану, жарияланымдар, ашылу және жабылу салтанаттарын өткізу және делегацияларға қызмет көрсету тб.
Төраға Мариан Дымальский, FISU бақылау кеңесінің қазіргі сапары Алматыға жасалған бірінші сапары екенін айтты.
«Біз бұл жерге дайындық барысын бақылап, баға беруге келдік. Сондай-ақ әрине, түйткілді мәселелерді шешуге жиналдық. Бүгін, біздің сапарымыздың басында, жарыстың Ұйымдастыру комитетімен маңызды кездесу өтті. Және осы жиынның өткеніне толықтай көңіліміз толды. Біздер Ұйымдастыру комитетінің жақсы есебін тыңдадық. Менің осы сапардан алған бірінші әсерім өте жоғары»,-деді FISU вице-президенті.
Қысқы Универсиадалар FISU директоры Милан Августин, ойындарға дайындық белгіленген уақыт бойынша жүріп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Универсиадаға дайындық кезінде алға қойылған мақсаттардың барлығы үлкен нәтиже беру керектігін атап өтті.
«2017 жылғы Универсиадаға қатысуға ниет білдірген 60-тан астам мемлекет, жарыстың ұйымдастыру комитетіне риза болады деген сенімдеміз. Қазақстан-әлем халқына тек бизнестен емес, спорттық жетістіктерімен де жақсы таныс. Бұл жерде Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеткілікті. Менің ойымша, Қазақстан Универсиаданы өз деңгейінде, сәтті өткізеді. FISU тарихында, Алматы Универсиадасы ең сәтті әрі озық болады деп сенеміз», – деді қысқы Универсиадалар директоры Милан Августин.
Бұдан бөлек, бұл күндері FISU өкілдері Универсиада нысандарының алаңдарын қарап көрді. Атап айтсақ: 12 мыңдық Мұз сарайы, 3 мыңдық Мұз аренасы және Атлетикалық қалашық. Сондай-ақ жарыс өтетін – Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, «Cұңқар» халықаралық шаңғымен трамплиннен секіру кешені, «Медеу» мұз айдыны, «Шымбұлақ» таушаңғы курорты, «Алатау» шаңғы-биатлон стадионы және тб.
«Барлық нысандар анықталған және құрылыс және жарықтандыру жағынан даму үстінде. Бұл өте маңызды. Қазіргі таңда далада өтетін спорт түрлеріне көңіл бөлу керек. Өйткені, бұл спорт түрлері ауа-райына бағынышты, сонымен қатар жарықтандыруды талап етеді. Универсиададан кейін артынан мұра қалдыру және тәжірибе жинақтау мақсатында қол ұшын беріп жатқан Қазақстан спорт қауымдастықтарына алғысымды білдіремін, – деді халықаралық кеңесші, Трентинодағы 2013 жылғы Қысқы Универсиада ойындарының спорттық директоры Убальдо Прукер.
2017 жылғы қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекция директоры Әсет Әбдуалиевтің хабарлауынша, жарысқа дайындық пен оны өткізу бойынша, 800 үрдістен тұратын функционалды жоспар әзірленген.
«Қазір Ұйымдастыру комитеті Ойындарға белсенді дайындалуда. Біздерге FISU-дың халықаралық сарапшыларының көмегі әсте қажет. Өйткені біздер Қазақстанның тарихындағы ең ірі спорттық шараны нәтижелі өткізуіміз керек. Универсиада-ұлттық жоба, ол 1000 жылдық тарихы бар Алматының атын әлемге таныты, туристік әлеуеттін арттырады»,-деді Әсет Әбдуалиев.

Інжу Сағидолла,
спорт шолушысы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑