banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7108

Қосқан уақыты Тамыз 9, 2018 | 271 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматыдағы ХҚО мамандары “Анықтамасыз қызмет” жобасын еске салды

   IMG_7157 IMG_7068 IMG_7132  IMG_7094 IMG_7155IMG_7149

 Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары Алматыдағы мектеп жәрмеңкелеріне келушілерге ЭСҚ және ақпараттық анықтамалар беріп, мобилдік азаматтар базасына тіркеді. Жаңа оқу жылының қарсаңында корпорация филиалы оқушылардың ата-аналары көп жиналатын орындарға қызмет көрсету секторларын ашты.

«Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде мектептер мен балабақшалар сұрататын қажетті анықтамаларды алу үшін ата-аналар легі көбейеді. Біз жұмыстағы ата-аналардың уақытын үнемдеу үшін мектеп жәрмеңкелерінде халыққа қызмет көрсету секторларын ашып отырмыз. Бұл жерде мекенжай анықтамаларын алуға болады, алдағы уақытта мемлекеттік қызметтерді үйде немесе жұмыс орнында отырып алулары үшін электрондық үкімет порталында өз бетінше жұмыс істеуді үйретеміз. Сонымен қатар, мектеп немесе балабақша қызмет алушыға SMS-хабарлама жіберіп, ол расталған соң анықтаманы өздері ала беретін “Анықтамасыз қызмет” сервисі жайлы да айтып түсіндіреміз. Біздің мамандар тамыз айының соңына дейін мектеп жәрмеңкелеріне келушілерге қызмет көрсетіп, кеңестер береді» – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Естеріңізге салсақ, “Анықтамасыз қызметтер” жобасы бойынша үшінші жақ sms-хабарлама арқылы қызмет алушының келісімімен төрт түрлі анықтаманы алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін азаматтар мобильдік азаматтар қорында тіркелген болуы керек, ал анықтама алатын болса – ЭСҚ болуы тиіс.

Жұмыс механизмі қарапайым: мүдделі тұлға электрондық үкімет порталында авторизациядан өтуі тиіс. Сосын «Үшінші тұлғалардың анықтама алуы сервисі» бөлімін таңдап, қай азамат туралы мәлімет алғысы келеді, соның жеке сәйкестендіру нөмірін жазуы тиіс. Егер азамат мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, мүдделі тұлға анықтама түрін таңдап, өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшінші тұлғаға мәлімет беру/бермеу жөнінде шешім қабылдауды сұрайды.

Мобильдік азаматтар қорында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде телефон нөмірін өз ЖСН-ына бекіту керек. Немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының кез-келген фронт-офисіне жүгінуіне болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑