Алматыға тағы да келеміз деп үміттенеміз!
Алматыда өткен 28-ші Универсиада волонтері,
Біз биыл досым Лукас екеуміз Алматыда өткен 28-ші Универсиадада еріктілер қатарында болдық. Біз бұл туралы Алматы қаласында тұратын досымыз Інжуден естіп білген едік. Австриядағы кейбір студент достарымыз да спорттық жарыстарға қатыспақшы екен. Біз де Универсиадаға еріктілер ретінде қатысуға келіскенімізбен, осындай әлемдік деңгейдегі үлкен шара болады деп елестетпеген едік. Оның үстіне Австрияда бұл шара жайлы айтарлықтай жарнамаланбаған да еді, көпшілігі бұл Универсиададан хабарсыз болатын. Сондықтан біз ешнәрседен хабарсыз, көрмеген ел, көрмеген жер, әлеқалай болар деген күмәнді оймен келдік. Алайда, келген бойда күдігімізден арылдық. Құшақ жая қарсы алған ұйымдастырушылар мен өзіміз құралыптас еріктілермен тез тіл табысып кеттік. Біз өзімізбен бірге шаңғымызды да ала келген едік. Бізді «Азияның Швейцариясы» атанатын Шымбұлақта өтетін спортшылармен жұмыс істеуге жіберді. Алматының Шымбұлағы Австрия тауларындағы демалыс орындарынан еш айырмашылығы жоқ екен. Біз тез үйреніп кеттік.
Біздің жұмысымыз таңертең ерте басталатын, себебі Шымбұлаққа жету үшін таңғы сағат бес жарымда тұруымыз қажет болатын. Шымбұлақта біз сырғанауға арналған орындарды дайындап, биіктердің кейбір қауіпті тұстарын ретке келтірумен айналыстық. Арнайы орындарда отырып, шаңғышылардың секіруі кезінде төрешілердің сенімсіз болған тұстарын монитордан баяу жүргізіп, қайта қарап көз жеткізу үшін бақылау тетігінде отырдық. Осының бәрі бізге ерекше қызық болды.
Лукас екеуміз осы елдің тамаша адамдарымен, әлемнің әр түкпірінен келген көптеген спортшылармен танысуға мүмкіндік алдық. Алматыда өткізген әрбір сәт ұмытылмастай қызықтарға толы болды. Осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Барлық қазақстандықтарға, Универсиада ұымдастырушыларына рахмет! Сәті түссе, Алматыға тағы да келеміз деп үміттенеміз!
Юрген Руттингер, Австрия
This year my friend Lukas and I worked as “Volunteers” at the 28th Universiade in Almaty. We decided to take part at this festival when we heard that some of our friends are going to participate at the Championships and friend from Almaty who invited us to take part at the event. At first we didn’t know much about this country and we’re very excited, we had no idea what we should expect and we also had no idea how big this event would get. When we arrived we were surprised that there was so much advertisement, cause in Austria next to nobody knows that this event even exist.
Lukas and I had to work in Shymbulak, called „The Switzerland of Asia“. We arrived with our own pair of ski and developed the resort, there wemade the experience that there was not so much difference to he Austrian resorts, cause even the „Doppelmayer Lift“ was from Austria. Our job started very early in the morning, so we had to get up at 5:30 to get to the resort. In Shymbulak we had prepare the slope or secured some dangerous parts of the slope. On my last day as a Volunteer I was sitting in a box to supervise at the slalom of the men, when a judge wasn’t sure if an athlete passed a station correctly i had been contacted and I had the chance to controll this section again by a slow motion on a monitor. All in all it was super exciting to get to know so many athletes and nice people of this country, Lukas and I enjoyed it a lot. Afterwards we had to travel home and we were lucky cause we were sitting in the same plane like the Austrian Ski Team and they had to celebrate a triple in the slalom.
All in all it was a super interesting journey
Hope to come again in a few years.
Jürgen Ruttinger