banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5683

Қосқан уақыты Шілде 24, 2014 | 606 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алматының 157 мың жаңа тұрғынының мәселесі туралы

 IMG_5681  IMG_5680

Таяуда Алматы қаласына тағы да 23 200 гектар жер қосылды. Алматы қалалық Мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясында жаңадан Наурызбай ауданының құрылғандығы туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қала халқының саны да арта түсті. Қазір ресми мәлімет бойынша Алматы халқының саны 1 млн 665 мың адамды құрайды. Наурызбай ауданының аумағы 6 976 гектар жерді алып жатыр. Оған Әуезов ауданының бір бөлігі мен қалаға жаңадан қосылған жер телімдері қосылды. Ресми деректер бойынша жаңа ауданның халқы 157 мың адамды құрап отыр.

Мұның бәрі ХҚКО жұмысына қосымша міндеттер жүктеп отыр. Алматы қаласына қосылған аймақтардың тұрғындарын құжаттандыру, тіркеу мәселелерінде жұмысты жолға қою мақсатында, бүгін ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалында Алматы қаласы ІІД Көші қон полициясы басқармасы өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Әсем Болатбекқызы Болатбекова, аудандық ХҚКО басшылары, Алматы қаласы ІІД Көші қон полициясы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Ақылбекұлы, Құжаттандыру бөлімінің басшысы Әйкен Дартаевна Қасымова, Көші қон полициясы басқармасының аудандық бөлімдер басшылары қатысты.

ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша филиалының  баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑