Алматының Наурызбай ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды - Шалқар газеті

banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 5 июня, 2015 | қосқан shalqar | 846 рет оқылды

0

Алматының Наурызбай ауданында Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды

20150605150304201506051502422015060515025820150605150310IMG_9297IMG_9318IMG_9268IMG_9324IMG_9284IMG_9298
Жаңа ХҚКО-ның ашылуына ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Бек Арпабаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин, «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева қатысты.
Жаңа ХҚКО-да Алматының Наурызбай ауданының тұрғындары құжаттандыру бойынша қызметтерді қоса, барлық қажетті анықтамалар мен құжаттарды ала алады. Халыққа қызмет көрсету орталығы Ақжар шағын ауданы, Егінсу к., 33 мекенжайы бойынша орналасқан және таңғы сағат 9-дан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Бек Арпабаевтың айтуы бойынша ХҚКО ашу қажеттілігі Алматыда жаңа ауданның құрылуына байланысты туындады. «Бұрын осы ауданның тұрғындары басқа ХҚКО-ларға жүгінетін, бұл оларға үлкен жүктеме тудыратын, енді бұл мәсле шешілді. Алматы сияқты мегаполисте тағы бір ХҚКО ашу мемлекеттік қызметтерді неғұрлым жедел көрсетуге жол береді және олардың сапасын арттырады деп ойлаймын», — деп ол атап өтті.
Жаңа ХҚКО-да 50 инспектор жұмыс істейді, құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру үшін 20 жұмыс орны бар.
Сондай-ақ Арпабаевтың айтуы бойынша, қызметті алушылар үшін ыңғайлы жағдайлар жасауға аса көңіл бөлінген: ХҚКО жаңа жиһазбен жабдықталған, 30 автомобильге тұрақ бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус қарастырылған, шақыру батырмасы жұмыс істейді.
Жаңа ХҚКО Алматыда есеп бойынша 9-ыншы екендігін естерңізге саламыз. Бұған дейін қалада автокөлік иелері үшін мамандандырылған ХҚКО-ны қоса, 8 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеді.
Өткен жылы Алматының ХҚКО-ларында 4 миллионнан астам, ағымдағы жылғы 4 ай ішінде шамамен 2 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілгенін айта кетелік.
Анықтамалық:

Алматы қ. Наурызбай ауданының ХҚКО Ақжар шағын ауданы, Егінсу к., 33 мекенжайы бойынша орналасқан
Жұмыс кестесі: ДС-СН, 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін үзіліссіз.
ХҚКО ауданы: 970 кв.м.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑