banner-top12

Оралмандар A8D35B5F-5ACA-4DC1-92D2-991959A84755_cx0_cy22_cw0_w1023_r1_s

Қосқан уақыты Қазан 26, 2017 | 362 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Алыс елдерден келген этникалық қазақтар және оралмандар үшін

Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар және оралмандар 5-күннің аралығында уақытша тіркеуге міндетті түрде тұру керек (Ресей, Қырғызстан, Беларусь азаматтары 1 айға дейін уақытша тіркеусіз болуларына мүмкіндіктері бар). Уақытша тіркеуге этникалық қазақтар өздерінің төлқұжат түпнұсқа- көшірмесімен және тіркеуды жасау туралы өтінішін тапсыру қажет.(өтініштің бланкысын көші-қон қызмет бөлімінің инспекторы береді).

Алыс елдерден келген этникалық қазақтар және оралмандар Қазақстан Республикасында тұрақты қоныстану туралы өтініш білдірсе,оларға виза санатына қарамастан құжаттар тапсыруға болады. Олар және ТМД елдерінен келген этникалық қазақтарға мынадай құжаттар тапсыру қажет:

1.Сауалнама-өтініш-2 дана (көші-қон полиция қызметкерінен алады);

2.Ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, жарамдылық мерзімі өтініш берген күні күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс. ТМД елдерінен келген азаматтарына туу туралы куәлігі және түпнұсқасы этникалық қазақ   болғаның дәлелдеу үшін қажет.Төлқұжатарындағы виза және тіркеу бар парақтарының көшірмелері.

3.Озінің азаматтығы бар мемлекеттің жазбаша келісімі,ТМД елдерінің азаматтарына шығу парағы не болмаса шетелге тұрақты тұруға шығуға арналған рұқсатты растайтын басқа құжат ретінде жүруі мүмкін. (ҚХР келген этникалық қазақтар осы құжаттарды тапсырмайды).

4.Өмірбаян қазақ немесе орыс тілінде, міндетті түрде (Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы, өтініш жазған иесінің, міндетті түрде қолы болу керек).

5.Азаматтығы тиесілігі және тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат (ҚХР келген этникалық қазақтар осы құжаттарды тапсырмайды).

6.Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 16 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;

7.өтініш берушіге тұрғын үй ұсыну туралы жеке және заңды тұлғамен келісім не болмаса шетелдікті тұруға және тұрақты тіркеу есебіне қоюға нотариалды куәландырыған келісім  ұсынылады

  1. «Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7274 тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы Қазақстан Республикасы медициналық мекемесі берген шетелдіктің медициналық куәландыру анықтамасы;

9.мөлшері 35*45 мм 1 фотосурет

Ықтиярхатпен тұрақты тіркеуге тұрған соң,этникалық қазақтар, Қазақстан Республикасы азаматтығына жеңілдетілген түрде (өз азаматтығынан бас тартпай) қабылданады, ол ушін, оларға, «оралман» куәлігін міндетті түрде алу қажет. Сонымен қатар, жеңілдетілген тәртіпте, Қазақстан Республикасы азаматтығына этникалық қазақтар, жоғары оқу орында  оқыйтың, қабылданады. Осындай  өтініштер  3 айдын ішінде қаралады.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхатқа (өтінішке) мынадай құжаттар тігіледі:

1) бұрынғы азаматтықтан бас тарту туралы нотариалды куәландырылған өтініш;

2)  сауалнама-өтініш(көші-қон полиция қызметкерінен алады);

3) өлшемі 3,5х4,5 см төрт фотосурет;

4) Қазақстан Республикасы азаматтығы туралы Заңның  1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;

5) жеке басты куәландыратын және басқа мемлекеттің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын оралмандар – оралманның куәлігі;

7) жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар – осы оқу орында оқитын фактісін растайтын жоғары оқу орнынан анықтама;

8) ұлтын растайтын анықтама;

9) мемлекеттік баж салығын төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат.

Жеңілдетілген түрде Ресейден, Қырғызстаннан және Беларусь Республикасынан келген этникалық қазақтарының Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдау туралы  өтініштер  3 айдын ішінде қаралады. Тізімі жоғарыда көрсетілген тізімге сәйкес болады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑