banner-top12

Ақпараттар ағымы 13177138_10156907582450066_4019252959730813145_n

Қосқан уақыты Мамыр 25, 2016 | 1  749 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

Алыстағы ағайын талай уақытқа жететін көтеріңкі көңіл-күймен қуаттанды

      Үстіміздегі жылдың 14-15 мамырында Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының кезекті 14-құрылтайы өтті. Жиынға Германия, Ұлыбритания, Франция, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерландия, Түркия, АҚШ қатарлы он төрт елден екі мыңға жуық қандастарымыз қатысты.

кельн банер на экран13240590_882580918537173_6844388637638475481_n13177138_10156907582450066_4019252959730813145_n13259990_10210015129043704_6973022876993276051_n13244632_10156907582555066_8621268351471586241_n13237664_1715312262087707_8764371186895318521_n13220849_10210015403330561_2026219017638109040_n13241233_1441902319169240_1682562408536635650_n13220840_1715317495420517_3682402944656385895_n13220837_1715317018753898_4947246380533180095_n13220833_10210015397730421_9111400993888077474_n13293083_888154327979832_66372424_n13293212_888155704646361_1511624736_n13293146_888166247978640_508883654_n13296069_888166854645246_375019467_n13318448_888154277979837_1527064237_n13318442_888154827979782_2037940128_n13318688_888155664646365_394744787_n13318616_888157861312812_741815914_n13318627_888154417979823_1770864903_n13318653_888156021312996_127242766_n13330447_888154594646472_2124030767_n13335501_888157937979471_1348068759_n13336309_888158041312794_1459529687_n13336324_888157104646221_1232168690_n13335392_888157777979487_967019405_n13324411_888163054645626_14706409_o13324173_888157727979492_66589973_o13336257_888156091312989_120576469_n13335322_888154811313117_1913069823_n13318442_888154827979782_2037940128_n13318825_888154401313158_2069813947_n

Жиынға Кельндіктердің ерекше дайындалғаны көрініп тұрды.Өзге елде, өзге жерде, үй ішіне үй тігіп, атамекенді сағынған алыстағы ағайынға қазақтың бар болмысын көрсетуге ұмытылғаны көрінеді.Оның үстіне, бар жүкті көтеріп жүргендер де оншақты отбасы мүшелері… Орталарында Ыдырыс мырзадай ақыл айтар абыз қариясы, қадірменді ақсақалы бар Еролдар отбасы тайлы-тұяғымен бар жүкті өздеріне алғандары көрінеді. Ынтымағы жарасқан берекелі отбасы, барлық істі асықпай, сабырлылықпен, ақылмен жоспарлап, жиналатын бар қазақтың көңілінен шығуға тырысқан. Тіпті өзіміз куә болған, Қазақстаннан барып “неміс ағайындар жайлы фильм түсірмекші едім. Сіздерден маған шақырту ғана керек, басқа ештеңе керек емес” деген  режиссер жерлесіміз бен жанындағы серіктесін құрақ ұшып қарсы алып,төбесіне көтеріп, төріне шығарғанын көзіміз көрді… Екі мыңға жуық қонақтың көңілін тауып, ас, көлікпен қамту дегеннің қандай екенін айтқызбай-ақ топшылауға болар… Дегенмен, қазақтың дархан көнілін, берекелі дастарханын бауырмалдықпен жая білген кельндіктерге келген қонақтардың бәрі дән риза болды…

13241349_1715310535421213_1838086133636778093_n13240668_510194985846463_6829119559830481119_n 13240660_1768596820039500_4541542173706223040_n13244689_1441902405835898_5259626927612073201_n 13221100_510198109179484_2729814521161532284_n 13220840_1715317495420517_3682402944656385895_n13178722_10154167316559872_924526054364624267_n13177647_10154167316799872_1712685224083547666_n13166035_1715318462087087_8538840166053075847_n13165979_510195239179771_3816380047483793860_n13254622_10210015457571917_747463390440383924_n13260276_1715310258754574_7715712964328924181_n13177613_1715310938754506_2524388706891102610_n13240025_1715312522087681_3136206980653083812_n13260222_10210015130643744_5042616481046202422_n13263906_10210015402130531_8950877226118646893_n13239293_10210015119923476_3658440277266485809_n13177580_250359418686791_4581488303623502868_n13255967_1441895312503274_5563650487882147185_n13254462_1441895445836594_4320961069385490650_n13245363_1441895592503246_2001101744414218191_n13244756_1441895355836603_8696709854908922373_n13226896_1441895689169903_7062174163642137547_n13230169_1441895632503242_4848880100853510533_n13237801_1441895752503230_7479070712210944880_n13230352_10204762888032549_2553001853435849856_n13230244_1441902979169174_4714496007605318349_n13221110_1441902942502511_4210580547954539561_n13260111_1441902862502519_6073266843110240043_n13263869_1441902775835861_3844883802234915763_n13226921_1441895925836546_7290375119132829496_n13240642_1441901412502664_7985866454624621336_n13256483_10210015423531066_4986017145518704354_n13239940_1715318515420415_7912174176029923242_n13239869_1715318735420393_1248742449630621533_n13179292_10204762894392708_8641821975766569709_n

Сонымен шараның алғашқы күні Кельн қаласының орталығындағы стадионда қазақ үйі тігіліп, қазақтың әні әуелеп,тойға жиналған халық бейне бір Қазақстанда жүргендей әсерде болды.  Ағайындар сағынышпен қауышып, арқа-жарқа араласып, үлкендер өткенді еске алып әңгімелесіп, жастар доп теуіп, футболда өзара бақ сынасып, балалар спорттық жарыстарда көңіл көтерді. Әлемнің 14 елінен жиналған ағайын, арнайы тігілген киіз үйде қазақтың салт-дәстүрін тамашалап, кельндік қандастар қонақжайлылықпен ұсынған мол тағамнан дәм татып жатты.

13151498_10154167316669872_4912089206590694878_n13239877_10154167316569872_3194515743145298494_n13238958_10210015458931951_6640668059552151021_n13230072_1715321108753489_3875263713141902785_n1936159_10154167316714872_609546826227025482_n13092115_979027752204324_6786139072360694564_n13164472_1715320992086834_4141114026401994127_n13318653_888156021312996_127242766_n

Айтқандай, “Асыл арна”, телеарнасының басшысы, белгілі айтыскер ақын Мұхаметжан Тазабек мырза да осы күні алыстағы ағайын алдында ауызбіршілік, елжандылық,  адами қарым-қатынастар мен асыл қасиеттер жайлы әңіменің тиегін ағытып, үлкен-кішіні аузына қаратты. Жастарға ұлағатты ғибрат айтып, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың алғысын алды. Осылайша, алғашқы күнгі шаралар қас қарайғанша жалғасты.

Шаралар соңы Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтың жайған дастарханымен жалғасты. Түрік ресторанында жайылған бұл дастархан да есте қаларлықтай болды. Бұрын-соңды мұндай орында сөз сөйлеп, ән айту үрдісі болмаса да, қазақстандық айтыскерлер арнау айтып, жыршылар термесін айтып, ағайындар бір-біріне деген ағыл-тегіл тілектерін айтып, отырысты қыздыра түсті.

13179213_510209599178335_3141036328561197436_n13164357_510209795844982_3628968861045383149_n 13151577_510209655844996_6468776795799452993_n13263903_1319826588030813_393809731023255423_n13230237_1064613410243372_2055875625698639595_n13293126_888166607978604_1026341684_n13230269_1768596503372865_7652079896491430286_n1936159_10154167316714872_609546826227025482_n

Құрылтайдың екінші күні  – Еуропадағы қазақ қоғамдары басшылары мен тиісті орындар өкілдерінің қатысуымен өткен “Қазақстан мен Еуропадағы қазақ диаспорасы арасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру мәселелері” тақырыбындағы дөңгелек үстелмен басталды.

Жиын модераторы Еуропа қазақ қоғамдары қауымдастығының төрағасы Абдулқайым Кесижи мырза, “Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасының атамекен – Қазақстанмен қарым-қатынасын жаңа белеске көтеру үшін не істеу керек, айтылған мәселелер сөз жүзінде қалмай, іске асыру үшін не істеу керек. Өсіп келе жатқан ұрпақтың Қазақстаннан тамырын үзбеу үшін, ана тілі мен дәстүр-салтын ұмытпай, болашаққа алып бару үшін не істеу керек, Бұл орайда Қазақ мәдени қоғамдарынан қандай іс-әрекет күтіледі.Арқа сүйер Қазақстанымызға біз не бере аламыз. Еуропадағы қазақ диаспорасы өз әлеуетімен Қазақстанның өркендеуіне қандай үлес қоса аламыз” деген күн тәртібіндегі мәселені алға тартып, қоғам басщылырының пікір-ұсыныстарын сұрады.

Халықаралық “Жанашыр” қорының президенті Жаңыл Әпетова ханым, өткен жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша шетелдердегі қазақ диаспорасының өкілдерімен өткізілген ақпараттық топ жұмысының нәтижесі туралы айта келіп, алдағы уақытта да щетелдегі қазақ диаспорасымен бірлесе жемісті жұмыс жүргізе беретінін тілге тиек етті. Сонымен қатар, сол жоба барысында қол жеткізілген жағымды жаңалықтармен бөлісті. Шетелдегі қандастар үшін Қазақстанда жасалған мүмкіндіктермен таныстырып, толыққанды ақпараттар берді. Балалардың, жастардың тіл үйрену үшін Қазақстанға бару жолдары, жастардың Қазақстанның арнайы, орта және жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндіктері жайлы да ақпараттар берді.

Өз кезегінде сөз алған Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігі Бонн бөлімінің басшысы Ырысқали Дәуренбек мырза, Шетелдегі ағайындардың Қазақстан Республикасына  бару жолдары, виза алу мәселелері, қарастырылған жеңілдіктер жайлы тәптіштеп түсіндірді.

Қоғам басщылары тарапынан да ұсыныстар айтылып, қойылған сұрақтарына жауаптар алды.

13239313_1715310642087869_8259632451389410700_n13178523_10204762896872770_4002789867218342103_n13226630_10154123962139799_1743293335355255091_n13254096_10204762905192978_2555930742578553214_n

Дөңгелек үстел аяқталған соң, құрылтайдың ең басты шарасы үш елдің – Қазақстан, Германия және Түркия елдерінің Әнұранымен ашылды.

13103324_979027842204315_5427711561098067917_nDSC02835_657_438_95f6f585199ce6933ddb7632d1c944a63b13240529_979027955537637_4318609142480357139_n13178805_979028085537624_3226276530973892387_n13329710_888155261313072_1722751020_n13296118_888155157979749_2010121121_n13330447_888154594646472_2124030767_n

Содан соң шара ұйымдастырушылары – Еуропа қазақ қоғамдары қауымдастығының төрағасы Абдулқайым Кесижи мырза мен Кельндегі қазақ мәдени қоғамының басшысы Шұғайып Ерол мырза жиынды ашып, құрылтай қонақтарын қуанышты тойларымен құттықтап, жиын жұмысына сәттілік тіледі.

Шұғайып Ерол мырза, құрылтай қатысушыларына Кельн құрылтайына хош келдіңіздер дей отырып, кезекті құрылтайды Кельнде өткізу жауапкершілігін алған күннен бастап мұндағы ағайындардың жиынды жоғары деңгейде өткізу үшін бар күш-жігерін жұмсағандарын, жиынды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен бар ағайынға алғыстарын айта отырып, үлкен дайындықпен ашылған құрылтайдың жоғары деңгейде өтеді деген сенімде екенін жеткізсе, Абдулқайым Кесижи мырза өз сөзінде, мұндай жиынды өткізу дәстүрге айналғанын, оның келешек ұрпақ үшін маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар, құрылтай алаңы шеттегі ағайынның өзекті мәселелерін көтеріп, шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік тудыратынын айтты. Сондай-ақ, Абдулқайым Кесижи мырза Еуропада тұратын барлық этникалық қазақтар атынан Қазақстан Республикасының Президентіне шетелдегі отандастарына көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіпов Мемлекет басшысының Еуропа қазақтары құрылтайына қатысушыларына жолдаған Құттықтауын оқыды.

13329830_888166531311945_2074357041_n13293173_10154217717385859_691189582_n13237729_510613219137973_6277602245249674072_n13318482_888162507979014_765905783_n

Онда былай делінген:

2016 жылғы 5 мамыр, Астана қаласы.

Еуропа қазақтарының құрылтайына қатысушыларға

Ардақты ағайын! Қадірлі қандастар!

    Сіздерді Қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

    Ширек ғасырда ел болып, экономикамызды дамытып, саяси тұрақтылықты нығайтып,елордамызды Арқа төрінде орнықтырып, Астананы өркен жайған Қазақ елінің құтты мекеніне айналдырдық.

     Қиын-қыстау кезеңдерде тағдырдың тауқыметімен Алаш баласы тарыдай шашылғанына қарамастан, қанымызға сіңген ержүрек болмысымыз бен “Мәңгілік ел” туралы арманымыздың арқасында біртұтас ұлт болып тұрақтадық. Тіліміз бен ділімізді, салтымыз бен санамызды, берекеміз бен бірлігімізді сақтап, әлемге таныта алдық. Осылайша біз ақылгөй даналар мен батыр бабалардың аманатын орындап, асқақ арманға қол жеткіздік.

   Рухы бір – қандас, жүрегі бір – жандас” жейді халқымыз. Жырақта жүрсеңіздер де сіздермен тілегіміз ортақ, қадірлі бауырлар! Баршаңыздың аман-саулықтарыңызды тілеймін!

      Ұлағатты ұлтымыздың, жоралы жұртымыздың жеңістеріне бірге куә болайық!

Н. Назарбаев

Елші Болат Нүсіпов мырза өз сөзінде мемлекет тарапынан сырттағы ағайындарды қолдау үшін көптеген жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.  Мәселен,  Берлинде 2014 жылы құрылған экономика  және қазақ мәдениеті орталығында кітапхана ашылып, онда қазақтың классик және қазіргі заманғы жазушыларының шығармалары, оқулықтар, сөздіктер, қазақстандық газеттер мен журналдар, қазақ тілін үйрету құралдары, Қазақстан Республикасы туралы баспа және электронды нұсқадағы имидждік өнімдер қойылғанын, бұл материалдардың қазақ диаспорасы үшін өте қажетті және қолжетімді екенін айтты. Сонымен қатар, Гумбольдт университетінде 2010 жылдан бері “Қазақстан және қазақ тілі” лектораты жұмыс істейтінін, мұнда қазақ диаспорасының жастары ана тілін үйреніп,ата-бабаларының тарихы мен Қазақстанның бүгінгі дамуын білуге мүмкіндіктері бар екенін айта отырып, алдағы уақытта да қандастарды қолдау аясы кеңи беретінін айтты. Құрылтай жұмысына сәттілік тілеп, жиналғандарды Қазақстан Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады.

Одан кейін сөз алған Қазақстаннан шығып, Бундестаг мінберіне көтерілген алғашқы неміс, Бундестаг депутаты Генрих Цертик: – Германиядағы мұндай мерекеге алғаш рет қатысып тұрмын. Әлемнің әр түкпіріндегі қазақтардың бас қосып, ұлан-асыр ұлттық мереке жасауы қуантарлық жайт. Олар бір-бірімен араласып-құраласып, туған елге деген мауқын басады. Меніңше, мұндай шаралар халықтар арасындағы достықты нығайтады. Мен қасиетті қазақ жерінде 32 жыл тұрдым. Ұзынағаштағы таныстарымды көрген сайын, әсіресе, қазақ әуендерін тыңдасам, керемет кезеңдер ойыма оралады. Неміс халқы қазақ халқының бауырмалдығын, қиын-қыстау кезеңде немістерді бауырына басып, өлімнен қорғағанын ешқашан ұмытпайды. Бүгінде Қазақстанда тұрып жатқан 800 мың этникалық немістерге көрсетіліп отырған қамқорлықты да ерекше құрметпен айтамыз, – деді.

13244764_1715313648754235_3563264821750118642_n13178532_803368683132369_1160757821775080391_n13295092_888155247979740_1888053462_n13318659_888155231313075_324526277_n

Түркия мемлекеті Ыстамбұлдағы Зейтунбурн ауданы әкімінің орынбасары Ілияс Сақа да Түркиядағы қандастар мен түбі бір түрік ағайындарының ыстық сәлемін жеткізді.

13221719_882581705203761_8734885147003603226_n13260068_1715318395420427_1761827400511432724_n13295264_888163231312275_1082974527_n13340937_888154257979839_282458087_o

Халықаралық “Жанашыр” қорының президенті Жаңыл Әпетова осы жолғы Кельн құрылтайына Қазақстаннан келетін делегацияны алып келу міндеті өздеріне жүктелгенін, сол міндет үдесінен шығу үшін, құрылтайдың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосу үшін сапалы құрамда топ алып келгенін жеткізді.”Топ құрамында айтулы айтыскер ақындар, эстрада жұлдыздары,этнографтар мен суретшілер сияқты өнер адамдары мен журналистер келді. Құрылтайдың спорттық ойындарынан бастап, дөгелек үстелдер, өнер көрмелері, айтыс, концерттік бағдарламаларға қатысуға сақадай-сай келдік. Қазақстаннан алып келген тойға шашуымыз, ақындар айтысы,ән, би, жыр-термелерге ұласады. Қазақстаннан келген сағынышты шашуымызды қабыл алыңыздар, ағайын!”- деді. Құттықтау Роза Рымбаева, Ермахан Ыбраимов сынды Қазақстандық өнер және спорт жұлдыздарының бейнеқұттықтауымен жалғасты.

13174155_979028178870948_5835338895990302642_n13177907_979028182204281_1648615616397339811_n13295289_888155191313079_1714128230_n13254439_10210015455171857_166708812622903758_n

Бұл күнгі концерттік бағдарламаның бірінші бөлімін айтыскер ақындар ашты. Әйгілі ақын, “Асыл арна” телеарнасының директоры  Мұхаметжан Тазабек, алқалы жиынның алдына Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезханды алып шығып, құрылтайдағы айтыс додасының тұсауын кесті. Қазақтың айшықты өнері талайды тамсандырып, тәнті етіп, шетелдегі қандастарымыздың құлақ құрышын қандырды.

13265994_882581035203828_327681622207837021_n13256416_882580975203834_8897010023031221988_n 13256407_803368579799046_7545917183617232439_n 13238963_1441900829169389_4827307819134302467_n13336351_888155137979751_540195364_n13241343_1273741942654796_5098421860095003193_n13313731_888162531312345_277420014_o13282491_888162551312343_82784440_o

Құрылтайға арнайы барған қазақстандық эстрада жұлдыздары Ұлықпан Жолдасов, Төреғали Төрәлі, Төрәлі Төлепов, Қажымұрат Шешенқұл, Фарида Жолдасовалар әсем әннен шашу шашып, жиналғандарды еріксіз билетті. Сахнаның құдіретімен арқаланған әншілер, залдағылардың үзіліске шығып, асқа баруын да ұмыттырғандай… “Қара жорғаны” қайта-қайта сұраған қауым, үлкен-кішісі болып буындарын былқылдата билеп кетті….Жыршы-термеші Әбіш Әділбеков, күңіренген қоңыр даусымен залды тебірентіп, қасиетті қара домбыраның үнін асқақтатты.

13087674_1715310318754568_1654688904632067330_n13177059_979028745537558_6176144642445642693_n13245377_1273741355988188_4632112760323961002_n13318482_888162507979014_765905783_n

Өз өнерімен үлкен сахнаға тәй-тәй басып, талпынып жүрген алыстағы қазақтың қара қызы – Әйзел де әнімен, биімен құрылтай қатысушыларының қошаметіне бөленді.

13221744_1064613596910020_1369237658202611082_n13177127_1264773720218285_6276258478270336270_n13241356_803368553132382_3174643636233790357_n13336428_888157054646226_136950883_n13285732_888155097979755_1904811312_n13255900_1064612763576770_1881410964925850866_n13295099_888155321313066_7349045_n13329845_888156211312977_656828476_n

Қазақстандық қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған көрме мен “Дала аруы” атты сурет көрмесінің тұсауын Еуропа қазақ қоғамдары қауымдастығының төрағасы Абдулқайым Кесижи мырза мен Қазақстан Республикасының Германиядағы елшілігі Бонн бөлімінің басшысы Ырысқали Дәуренбек мырзалар кесіп, көпшілікке көзайым етті.

Құрылтайға арнап ашылған суретші-кестеші Гүлнәзім Өмірзақтың сурет көрмесін де тамсана тамашалаушылар көп болды. Кестелеп сурет салу өнері туралы сұраушылар, суреттерді сатып алушылар да табылды. “Құрылтайдан шығармашылық шабытым шалқып қайтты. Оның өзіндік себебі де жоқ емес… Құрылтай аясында “Дала аруы” атты жеке көрмемнің тұсауы кесілді. Еуропаның 14 мемлекетінен жиналған қалың көрерменге қазақтың біз кестесімен тоқылған сәнді картиналарымды көзайым еттім. Қызылды-жасылды өнер туындысына қызыққан алыстағы бауырларыма кестенің тоқылу техникасын əңгімелеп бердім.
Жалпы, Еуропа қазақтары гобелен өнер туындысының қадірін түсінетін жандар екенін сезіндім. Топ ішінен суырылып келіп, өнеріме қол соққандардың бірі- Швеция мемлекетінен келген қандас аfамыз Мұрат Ермеш: Murat Ermis “Қазақтың келісті кестесі төрімде тұрсыншы”-деп, “Шаңырақ” атты картинамды сатып та алды. Көңілде қуанышы кетпей тұрған осынау құрылтай үстінде ашылған көрмеме қолғабыс көрсеткен, өнер жанашыры, Германияның Трейер қаласының тұрғыны, депутат Жанна Штрак ханымға да ризашылықпен рахмет айтамын!

Ең бастысы, сонау Еуропа төрінде өткен дүбірлі тойға қатысып, көңілде ұмытылмас естеліктер қалдыруыма себепкер болған Халықаралық “Жанашыр ” қоғамдық қорына айтар алғысым айрықша!” – дейді жас суретші Гүлнәзім Өмірзақ.

Қазақстаннан құрылтайға қатысуға барған әрбір өнерпаздың ойы осындай. Олар қандастармен “тағы да қуанышпен жүздескенше!” деп хош айтысты.

Иә, әрдайым қуанышпен жүздесуге жазсын!

13255936_882581275203804_3663668238252904688_n13254334_10210015398850449_7113631185954442438_n13254350_1004317856319176_2809863698109475432_n13240118_1715308982088035_4098039377522609792_n13263876_1004317889652506_3437581865138213419_n13244898_1319826511364154_2291490156156674970_n13239425_1004317852985843_5005810708734163672_n13237836_1715307875421479_8305747036106262737_n13238988_882581348537130_1826537619148886284_n13230084_1715313762087557_5810148387603264714_n13226813_1715309938754606_9044991685665793067_n 13226735_510198265846135_5781981718610747048_n 13226630_10154123962139799_1743293335355255091_n13221626_1768596870039495_2397780205851805378_n 13177675_10204762906753017_8210131378280121342_n13177359_1715312375421029_8762920345218010371_n13227113_10204762910353107_8258755439821513787_n13226987_882581911870407_8062229335289602001_n13237664_1715312262087707_8764371186895318521_n13336309_888158041312794_1459529687_n

Құрылтай өз мақсат үдесінен шығып, әлемнің әр түкпіріндегі ағайынның басын қосты. Келелі проблемалары алға шығарылып, іске асырылар мақсаттары айқындалды. Жиын көрігін Қазақстанның, Түркияның Германиядағы елшілері мен оның бөлімдерінің басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қазақстандық белгілі айтыскер ақындар мен эстрада жұлдыздары қыздыра түсті. Әсіресе Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының алыстағы ағайындаға арнаған құттықтауы, ел еңсесін көтеріп, жігерлендіріп,қуаныштарын еселей түсті.Ағайын арқа-жарқа араласып, жастар жадырай табысты. Қазақтың әсем ән-жыры мен күмбірлеген күйі, мың бұралған биі Алмания аспанында шарықтап, көңілдерге қуаныш сыйлады. Алыстағы ағайын талай уақытқа жететін позитивтік көңіл-күймен қуаттанды.




One Response to Алыстағы ағайын талай уақытқа жететін көтеріңкі көңіл-күймен қуаттанды

  1. Кқралай says:

    Керемет! Осындай игілікті, ізгі істер жалғасын тауып, өрісі кеңейе берсін! Рахмет! Ұйымдастартырушыларға мың алғыс!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑