banner-top12

Ақпараттар ағымы 3280

Қосқан уақыты Сәуір 6, 2019 | 123 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

“Ақ желкен” поэзия клубында кезекті жыр кеші өтеді

Құрметті өлең сүйер қауым!

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанынан құрылған “Ақ желкен” поэзия клубының кезекті жыр кеші өтеді.

Кезекті басқосу ақындар Бақыт Кемелбекқызы мен Напіған Зәпіханұлының шығармашылығына арналмақ.

Кешті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізеді.

Шараға  ақын Жәркен Бөдеш, Сламхат Сейітқамза, Серік Ахметұлы, Болат Бопай, Баяхмет Жұмабайұлы, Жұмабек Табын, Қайрат Дүйсен, Саят Қамшыгер, Тұрсынбай Дәуітұлы, Аманғазы Кәріпжанов, Қайрат Құлмұхаметұлы,  Әбдіғани Бәзілханұлы, Саяхат Әсімқан, Гүлнар Шәмшиева, Жаңыл Әпетова, Елена Ағайса, Ләззат Игісін, Мағиза Құнапияқызы, Тоқтарәлі Таңжарықұлы, Жарқын Сәлен, Сәулежан Тағзия қатарлы өнер  қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады.

Сіздерді Қазақстан жазушылары кітапханасында өтетін осы шараға қатысуға шақырамыз.

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 8 сәуір, сағат 14 : 30-де.

Өтетін орны: Қазақстан Жазушылары кітапханасы. (Мекенжайы: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 37. Жандосов к-сімен қиылысы)

Халықаралық «Жанашыр» қоры

Хабарласу тел.: 8 707 990 9973




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑