Ақпараттық топ Алматы жастарымен кездесті - Шалқар газеті
banner-top12

Жаңалықтар

Уақыты 16 ноября, 2019 | қосқан shalqar | 212 рет оқылды

0

Ақпараттық топ Алматы жастарымен кездесті

IMG_7237 IMG_7245  IMG_7482 IMG_7643 IMG_3836 IMG_3939 IMG_3888 IMG_4005 IMG_4142 IMG_3893 IMG_3894 IMG_8231 IMG_8047 IMG_8019 IMG_5189 IMG_4405 IMG_5005 IMG_5397 IMG_5313 IMG_4529

Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» Жобасы аясында ЖОО-ларда, колледждер мен мектептерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Жоба мақсаты — «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру мақсатындағы шараларды жүзеге асыру.

Жоба бойынша жұмыс істейтін ақпараттық топ жақында  Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация, Әділет және Жаңа технологиялар колледжінде іс-шаралар кешенін жалғастырды.

Жалпы Жоба бойынша ақпараттық құрамында профессор, ғалым, қоғам қайраткері,  Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, Парасат орденінің иегері Асылы Әлиқызы Осман, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері  Университетінің Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және  дүниетанымдық пәндер кафедра  меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Айдарбеков Зейінәбіл Смайлханұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Сатершинов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының лауреаты, ақын Дәулетбек Байтұрсын, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова,  Алматы қаласы Қоғамдық президуим кеңесінің мүшесі  Сагымбекова Майра , Қазақ-Түрік білім, ғылым және зерттеу қауымдастығының төрағасы, «Қазақ елі» жорналының бас редакторы, тарихшы Динчтүрк Шабан Серкан,  Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты, журналист  Мәрия Майлықұтова, , ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық Ататүрік алтын медалінің иегері, профессор Ташенов Өскенбай Бейсенбайұлы, жазушы-этнограф Баяхмет Жұмабайұлы, Экономика  ғылымдарының кандидаты, Түркімен мәдени орталығының басшысы Гүлнара Аннакулиева, Экономика  ғылымдарының кандидаты Роза Мұратова, «DATUB» түрік этно-мәдени орталығының кеңесшісі, продюсер, композитор, дирижер, ҚХА-ның мүшесі Сабир Гусейнов және т.б.  зиялы қауым өкілдері бар.

«Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» мәдени-ағартушылық лекторийлері, Буккроссинг, Book Dating, «Таланттарды таныту» шаралары мен  «Ұлы дала өнері» атты көрме, «Сандық Қазақстан — болашаққа көзқарас» айдарымен жастар арасында цифрлық жаңалықтарды таныстыру және жастардың инновациялық жобаларын қолдау мақсатында өткен «Цифрлан, трендте бол!» акциясы және тағы басқа жалғасты шараға қатысқан 500-ден аса жастар, шаралардан үлкен әсер алды. Шара соңында олар парақшаларға өз пікірлерін жазды.

 




Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to Top ↑
  • Соңғы жазбалар

  • Свежие комментарии

  • Архивы