banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5703

Қосқан уақыты Шілде 5, 2019 | 105 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

Ақпараттық топ Алматы облысында

IMG_5895 IMG_5719 IMG_5722 IMG_5872 IMG_5844 IMG_5726 IMG_5758 IMG_5760 IMG_5739 IMG_5723 IMG_5766 IMG_5771IMG_5719IMG_5895IMG_5703photo_2019-07-05_14-16-24photo_2019-07-05_14-13-33photo_2019-07-05_14-13-06photo_2019-07-05_14-14-03photo_2019-07-05_14-07-56photo_2019-07-05_14-10-06photo_2019-07-05_14-06-40photo_2019-07-05_14-07-04photo_2019-07-05_14-05-49IMG_5764photo_2019-07-05_14-05-14photo_2019-07-05_14-05-34photo_2019-07-05_14-02-50photo_2019-07-05_14-04-36photo_2019-07-05_14-03-35photo_2019-07-05_12-34-19photo_2019-07-05_12-35-52

Алматы қаласында сәуір айында Халықаралық «Жанашыр» қоры жанынан құрылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ақпараттық топ, енді Алматы облысына сапарға шықты.
Алматы облысы Талғар аудандық Орталық кітапханасында өткен «Рухани жаңғыру» күні аудан тұрғындарына «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбында мәдени-ағартушылық лекторийлер, «Буккроссинг», «Букдайтинг», «Таланттарды таныту»шаралары ұйымдастырылып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмыс істейтін жергілікті «Аналар алқасы», «Ақсақалдар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылды.
Аға буын мен жас ұрпақтың үндесіп сабақтасуының үлгісіндей болған «Ұлы дала мұрасы – ұрпаққа аманат» атты басқосу барысында жазушы, этнограф-зерттеуші Баяхмет Жұмабайұлы, Салт-дәстүр академиясының академигі, этнограф Болат Бопайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениет университетінің доценті, Салт-дәстүр академиясының профессоры, Досымбек Қатран, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті, журналист Жаңыл Әпетовалардың тақырыптық мәдени-ағартушылық лекторийлерін, қнер зерттеушісі, жыршы-термеші Әбіш Әділбеков әсем әнмен жалғап, «Таланттарды таныту» шарасына ұласты.
Болашағынан мол үміт күттіретін дәстүрлі әнші Қостыбай Қажыби, қобызшылар Жадыра Нарманбетова, Гүлзира Шаяхметова, домбырашы Азамат Бекеновтер шараны әнмен әрлеп, күймен тербеді.
Буккроссинг шарасында аудан кітапханасының кітап қоры, шараға жиналғандармен қатар, жазушы-этнографтар Жұмабай Баяхмет, Болат Бопай және ақын Дәулетбек Байтұрсынұлының өз қолдарымен әкеліп тапсырған авторлық кітаптарымен толықты.
BookDating шарасы осы авторлық кітаптардың таныстырылымына ұласты.
«Рухани жаңғыру» күніне аудан тарапынан қатысқан Талғар ауданының мәслихат депутаты, ақын Әбдіғани Бәзілхан, Талғар аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Бегембаева Фарида Мамырбекқызы, Талғар қаласының Орталық кітапхана директоры Махамбет Қармысов,Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры Берік Шағаев, «Қызылқайрат» ауылдық мәдениет үйінің директоры Кеңес Баймуханов, «Қазақ тілі» қоғамының әдіскері Гүлнар Мамырбаева, «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілі Жанна Сергеевна Третьяк, кітапхананың бөлім меңгерушісі Токарзаева  Ризвангүл Төлегенқызы өткізіліп отырған шараның маңыздылығына тоқталды.
Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын ауданның «Ақсақалдар алқасы», «Аналар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылып, Ережесі бекітілді. Аталмыш ұйымдар басшылары мен Халықаралық «Жанашыр» қоры өзара іс-әрекет Меморандумына қол қойды.
“Шаралар Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық дамуминистрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі жоба аясында өтіп отыр. Мақсатымыз – шараларды өткізіп қана қоймай, барлық азаматтарды “Рухани жаңғыру” бағдарламасын ілгерілету жұмыстарына тарту. Бұл мемлекеттің ғана емес, бүкілхалықтық іс екенін ұғындыру. Сол себепті жергілікті ұйымдармен меморнадум жасасып, әрі қарай бірлесе жұмыс істемекпіз. Мұндай шараларды республиканың Түркістан, Қызылорда облыстарында да жалғастыруды жоспарлап отырмыз,” – дейді топ жетекшісі Жаңыл Әпетова.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




One Response to Ақпараттық топ Алматы облысында

  1. Ризвангул says:

    Талғар аудандық кітапханасында өткен біздің акциямызға белсене араласып,оқырмандарға жаңа кітап пен қуаныш сыйлап,уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!Біз кітапханашылар алтын қоржынымызға кітап келіп түссе қуанамыз!Еңбектеріңізге табыс,жанұяларыңызға ырыс -береке,амандық тілеймін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑