banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_8218

Қосқан уақыты Қыркүйек 13, 2019 | 173 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

 Ақпараттық топ Алматы облысының Көксу ауданында болды

IMG_8531 IMG_8427 IMG_8574 IMG_8506 IMG_8389 IMG_8418 IMG_8328 IMG_8474 IMG_8409 IMG_8535 IMG_8334 IMG_8288 IMG_8399 IMG_8214 IMG_8218 IMG_8590 IMG_8581 IMG_8516IMG_8233IMG_8447

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу, жастар арасында насихаттау, отбасы жəне ата беделі негізінде қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды тарату мақсатында Көксу ауданының Мұқаншы, Жетіжал ауылдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша шаралар өтті.

Мұқаншы ауылдық мектебінен  бастау алған шаралар кешені, Жетіжал ауылында жалғасты. «Ұлы дала тарихы ұрпаққа аманат» тақырыбындағы кездесулерге мектеп оқушылары қатысып, тағылымды әңгімелер тыңдады.Кітапханаларда өткен «Буккросинг», «Букдейтинг» шаралары да көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Мұқаншыдағы аралас мектеп оқушылары, мектепте оқитын этнос өкілдерінің қолымен жасалған қнер бұйымдары қойылған «Ұлы дала өнері» көрмесімен қарсы алды. Шаралар «Мен рухани жаңғыруды қалай түсінемін» тақырыбындағы ашық сабаққа ұласты. «Талантты таныту» айдарының да кейіпкерлері мол болды. Өнерлі өрендердің концерті «Жетіжал» ауылында жалғасты.

Мұқаншы мектебі мен  Жетіжал ауылының Мәдениет үйінде өткен «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбындағы лекциялар да мазмұндылығымен ерекшеленді.

Шараға Алматыдан арнайы барған этнограф жазушы Жұмабай Баяхмет, Жазушы публицист Болат Құрманғажы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсын, Көксу ауданы Жетіжал ауылдық округ әкімі Кендірбекұлы Бақытжан, Жетіжал мектебінің директоры Арынғазы Шаймерденов, ауылдық ардагерлер ұйымының мүшесі Дүйсен Бекмұқанов, Жетіжал ауылдық мәдениет үйінің директоры Фатих Ақынұлы,  ауылдық ардагерлер ұйымының мүшесі Ахметқызы Дариға, әйелдер ұйымының мүшесі Сарғасқаева Балжан, ардагер ұстаз Ақмарал Өмірәлиевалардың тағылымды әңгімелері жастарды рухани құндылықтарды әспеттеуге үндеді.

«Буккросинг» шарасының аясында, жазушылар мен ақындар ауыл кітапханасына өз еңбектерін сыйға тартты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында Жетіжал  ауылдарында жергілікті ақсақалдар, аналар, билер алқалары мен жастар кеңесі құрылды. Алқалар негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты жəне этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жəрдемдеседі.

Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қала аламыз. Осы міндеттерді атқаруға жергілікті алқалар бел шеше кіріспек.

Осылайша, «Көксу ауданының Мұқаншы, Жетіжал ауылдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуді мақсат еткен ақпараттық топ, жергілікті тұрғындардың ынта-ықыласына риза болып қайтты.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑