banner-top12

Айтарым бар IMG_7711

Қосқан уақыты Қыркүйек 6, 2019 | 106 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ақпараттық топ Алматы облысының  Қарасай ауданында болды

IMG_7808 IMG_7715 IMG_7711 IMG_7707 IMG_7778 IMG_7713 IMG_7709 IMG_7843 IMG_7822 IMG_7820 IMG_7852 IMG_7826

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу, жастар арасында насихаттау, отбасы жəне ата беделі негізінде қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету, отбасылық құндылықтарды тарату мақсатында Қарасай ауданында  шаралар кешені өтті.

Қаскелең қаласындағы орталық кітапханада өткен шаралар көп қырлылығымен ерекшеленді. «Ұлы дала тарихы ұрпаққа аманат» тақырыбындағы кездесу қонақтары аудан тұрғындарымен, оқушы жастармен ашық сырласты.  «Буккросинг», «Букдейтинг» шаралары да тартымды өтті. «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбындағы лекциялар да мазмұндылығымен ерекшеленді.

Шараға Алматыдан арнайы барған этнограф жазушы Жұмабай Баяхмет, Жазушы публицист Болат Құрманғажы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Дәулетбек Байтұрсын, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ақлия Бекбайқызы, ақын, қоғам қайраткері Сламхат Сейтқамзаұлы, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төраймы Шара Қанатқұлқызы, публист-жазушы Болат Құрманғажыұлы, ақын Мұқан Мамытхан айтқан тағылымды әңгімелері жастарды ұлттық құндылықтарды әспеттеуге үндеді.

«Буккросинг» шарасының аясында, жазушылар мен ақындар ауыл кітапханасына өз еңбектерін сыйға тартты.

Ауданның «Билер алқасы», «Аталар алқасы», «Аналар алқасы», «Жастар кеңесі» ұйымдары құрылып, ережесі талқыланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілетуге атсалысу, ұрпақтар сабақтастығын жалғау мақсатында құрылған Алқалар, негізінен қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты жəне этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дəстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту жəне сақтау үшін жұмыс жүргізіп, ата-аналардың дені сау, рухани адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тəрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға жəрдемдеседі.

Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қала аламыз. Осы міндеттерді атқаруға жергілікті алқалар бел шеше кіріспек.

Осылайша Қарасай  ауданында өткен тағылымды шараның жастарға берері мол болды.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑