banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2019-10-20_01-02-08

Қосқан уақыты Қазан 19, 2019 | 162 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ақпараттық топ Еңбекшіқазақ ауданында болды

photo_2019-10-20_01-19-46 photo_2019-10-20_01-19-28 photo_2019-10-20_01-18-32 photo_2019-10-20_01-18-17 photo_2019-10-20_01-17-47 photo_2019-10-20_01-17-17 photo_2019-10-20_01-16-03 photo_2019-10-20_01-15-39 photo_2019-10-20_01-14-31 photo_2019-10-20_01-13-53 photo_2019-10-20_01-13-35 photo_2019-10-20_01-13-00 photo_2019-10-20_01-12-30 photo_2019-10-20_01-19-08photo_2019-10-20_01-11-23 photo_2019-10-20_01-10-39 photo_2019-10-20_01-10-06 photo_2019-10-20_01-08-17 photo_2019-10-20_01-07-17 photo_2019-10-20_01-06-52 photo_2019-10-20_01-06-22 photo_2019-10-20_01-04-55 photo_2019-10-20_01-04-13 photo_2019-10-20_01-03-42 photo_2019-10-20_01-02-39 photo_2019-10-20_01-02-08 photo_2019-10-20_01-00-00 photo_2019-10-20_00-59-30

«Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры жанындағы ақпараттық топ «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» тақырыбындағы жоба аясында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Қаратұрық, Қорам ауылдарында болды.

Насихаттық топтың  мақсаты – Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету, жастарды қазақ халқының құндылықтарын тарату, ену және қабылдау процесіне белсенді тарту, қазақ халқының құндылықтарын барлық қазақстандық этностардың құндылықтар жүйесіне органикалық қосу, Қазақстан этностарын олардың қазақ халқының құндылықтарын қабылдау және рухани қазақ халқының өмір құбылыстары мен формаларын оның бүкіл тарихы бойы және қазіргі заман жағдайында жүзеге асыру

Еңбекшіқазақ ауданының Қорам ауылындағы орта мектепте, Шелек ауылындағы орта мектеп пен Х.Бижанов орта мектепте, Қаратұрық ауылындағы Алтынбике Бертаева атындағы орта мектептерде «Ұлы дала тарихы – ұрпаққа аманат» атты кездесу, «Ұлы дала өнері» оқушылар шығармашылығының көрмесі, «Қазақтану», «Өзгерісті өзіңнен баста» тақырыбында мәдени-ағартушылық лекторийлер, «Буккроссинг», «Букдайтинг», «Таланттарды таныту» және т.б. шаралар ұйымдастырылды.

Шараларға ақын, халықаралық «Ильхам» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Дәулетбек Байтұрсынұлы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметкері, “Сұлтанқұл” қоғамдық қорының басшысы Дамир Жайнақов, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аға оқытушысы Мәрия Майлықұтова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлім басшысы Сұлушаш Асылханқызы, зерттеуші, журналист Аида Қожмамбетова,  аудармашы Алмаш Бимағамбетова, Еңбекшіқазақ аудандық Білім бөлімінің бас маманы Зарима Қожмамбетова, «Қорам» ауылдық Әкімінің орынбасары Сәбит Қошатаев, Аналар алқасының төрайымы Ташгүл Изярова, «Қорам» қоғамдық қорының басшысы Тоқтасын Тұяқов қатысып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі қағидаттарын, оның жаңа мазмұнын және Тұңғыш Президенттің бес әлеуметтік бастамаларын ілгерілету бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру және ағарту жұмыстарын қалыптастыруды, әртүрлі этностық топтар өкілдерінің қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, философиясы, әдебиеті, өнері, тұрмысы мен ой-санасы туралы неғұрлым толық білім алу жүйесін және бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру бойынша әңгімелерін айтты.

«Ақпараттық топтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін халық санасына сіңіру бойынша ел аралап, ауыл халқымен бірге іс-шаралар өткізіп жүргендері құптарлық іс екен. Біз өзіміз де аз жұмыс жасап жатқан жоқпыз. Дегенмен, зиялы қауымның жастар арасында болып, шаралар өткізуінің әсері басқаша болады. Біз бұған қуаныштымыз», – дейді шаралардың басы-қасында жүрген Қорам ауылы Әкімінің орынбасары Сәбит Қошатаев.

Өз кезегінде Қорам орта мектебінің директоры Қанат Жошыбаев пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Олжас Беспаев, музей жетекшісі Тоқтасын Тұяқов, көрме жетекшісі Фарида Хаджиева, Шелек ауылының Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің директоры Муслима Ахметжанова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйкерім Сарыбаева, мұғалімдер Ғалия Әбікенова, Гүлнұр Молдақасымова, Х.Бижанов орта мектебінің директоры  Виктор Волокитин, тәрбие ісінің меңгерушісі Қарлыгаш Орынбекова, ұйымдастырушы мұғалім Эльвира Омарова,  Қаратұрық ауылындағы Алтынбике Бертаева атындағы орта мектеп директоры Жанар Мұхалиева,  орынбасарлары Раушангүл Жұмабекова, Гүлнар Смагұлова, Арман Тохтиев, Айболат Асылбеков, мұғалімдер Бахтияр Самиев, Гүлзар Әширова және т.б. ұжым мүшелері рухани жаңғыруды оқушылар бойына сіңіруде еңбек етіп жүргендерін танытты. Оған дәлел – оқушылардың лекторийлердегі диалогтары, жазған шығармаларымен эсселері, буккроссинг және букдейтинг, таланттарды таныту шараларындағы белсенділігінен байқалды.

Шарада сөз алған аудандық Білім бөлімінің бас маманы Зарима Қожмамбетованың айтуынша, аудан мектептерінде «Рухани жаңғыру» бағытындағы іс-шаралар кешенін  өткізу жүйелі түрде жолға қойылған көрінеді. Сондықтан болар, балалардың шараларға қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде болды.

Бір мектеп балалардың сурет көрмесімен ерекшеленсе, бірі қолөнер бұйымдарымен, енді бірі сахнадағы өнерімен ерекшеленді. Қорам мектебіндегі Тоқтасын Мұсабайұлы  жетекшілік ететін тарихи музейдің де балаларға берері мол екен. Х.Бижанов мектебіндегі бесінші класс оқушыларымен Слушаш Ли мен Дәулетбек Байтұрсын өткізген Қазақтану лекторийі де есте қаларлықтай болды.

«Біздің бұл Жобамыз қазақстандық этностарға қатысты болғандықтан, Еңбекшіқазақ ауданындағы этностар көп шоғырланған ауылдарға келген болатынбыз. Расында, этнос өкілдері көп екен, бірақ тілі де тілегі де бір болып кеткен жергілікті халықпен бір ұлт болып кеткені сонша, ажырату мүмкін емес. Қазақтың тілінде сөйлеп, әнін айтып, биін билеп жүрген ауыл тұрғындарына риза болдық», – дейді шараны ұйымдастырушы «Жанашыр» қорының басшысы Жаңыл Әпетова.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын  ауылдың «Ақсақалдар алқасы», «Аналар алқасы» және «Жастар кеңесі» құрылып, Ережесі бекітілді. Аталмыш ұйымдар басшылары мен Халықаралық «Жанашыр» қоры өзара іс-әрекет Меморандумына қол қойды.

Шаралар  Қазақстан Республикасы  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету тақырыбындағы жоба аясында өтті.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑