banner-top12

Поэзия Beauty-of-nature-random-4884759-1280-800

Қосқан уақыты Желтоқсан 15, 2015 | 1  571 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ақтарар сырым бар менің

1

Ақын, журналист, көрнекті педагог Өнер Хамитұлы Шудабай немересі 1961 жылы 7 наурызда, ҚХР Санжы дүңген автономиялы облысы Фукаң қаласына қарасты Боғда бойында дүниеге келген. 1982 жылы Мори ауданында педагогикалы техникумды, 2000 жылы Шинжиаң Университеті филология фокультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған..
Өнер Хамитұлының «Жауынгер жауабы», «Түртіншек қозы», «Боғданың ақша бұлттары-ай», «Мысырға ұшып барамын», «Еңбекшілер», «Аралар мен балалар», «Жыл толғауы>> қатарлы 100 ден аса өлең-толғаулары түрлі басылымдарда жарық көрген. «Боғда да қарагер», «Сабақтастар», «Көріп қайт боғда көлді» қатарлы он шақты ән текстері радио-теле арналарда орындалуда. «Емілеміздегі екі мәселе» қатарлы өчерк, публицистикалық, этногроафиялық мақалалары жоғары марапатқа ие болған. Ақынның «Боғданың ақша бұлттары-ай» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Алдағы күндердің еншісінде «Ұстаз ұлағаты» атты ғылыми мақалалар жинағы да баспадан шығу алдында тұр.
Өнер Хамитұлы Шинжиаң Санжы обылыстық жазушылар бірлестігінің, облыстық фольклоршылар қоғамының мүшесі.

 

Жапырақтың әжімі

Алақандай жапырақтың тарам-тарам әжімі,
Салаланып, сапаланып сылдырайды жаз күні.
Жаз соңында жазым болып сабағынан үзіліп,
Жер бетінде болып кетер әр тірліктің азығы.

Жапырақтың әжімі хан тамырдай тараған,
Нар ағашқа мәуе боп барлық көркін арнаған.
Оныңдағы бір ғұмыр шаттығы бар, мұңы бар,
Мезгіл деген мейірімсіз кімге құрық салмаған.

Жапырақтың әіміеа сіңген талай тұнықтар,
Тағдырластық аңғартқан теңіз анау, құрлықтар.
Қатпарында әжімнің мың сыр тұнған жарық бар,
Әжімдердің астында қурау деген сұмдық бар.

Жапыраққа жаным ашып менде тұрмын мұңайып,
Үзілер деп қашан ол тосырқалап тұрмайық,
Жапырақпен тағдырласпын әжімдерім бетімде,
Әр маусымын табиғаттың жан сезіммен қорғайық!
Аяулы қарындасым

Тай-құлындай сыйласып өткеніңде,
Гүлдей жайнап өмірдің көктемінде.
Қарындасым сағындым сая бағым,
Жат жұрыт болып алыстап кеткеніңде.

Анамыздың ардағы, әкеміздің,
Гүлімізсің құлпырған әліде біздің.
«Жан аға» деп сыйласқан еркелігің,
Әуені болып шырқалды әніміздің.

Қарындасым қайдасың қарлығашым,
Жыл құсындай қанатың талықпасын.
Төркіндеп қайт ауылға,сағындық біз,
Шақырады ағашың зарыққасын!

Ау, бал қыз
Ау, бал қыз балтырыңды қытықтап шаш бауың,
Қызғаныш қой сезімдегі қас жауың.
Аш беліңнен тіптік түскен қос бұрым,
Арулардың жеткізгендей мақтауын.

Торғын көйлек бейне алау жапқандай,
Жүрегімнің ай құлағын ашып-жауып алғандай.
Көз қиысып өте шықтық сезім рас күңгірттеу,
Жүректегі бір құпия бүршіктеніп жатқандай.

О, құдырет мастығымның жылты оянып кетті ме,
Домалақ сел от жаңбырын төбеден кеп төкті ме.
Қан тамырым ісініп, қайта ішке тартқанша,
Бал қыз емес, басымнан бақыт құсы өтті ме!?

Сен бір тілсым, мен де басқа, расында ұнайсың,
Күйіп-жанып тұрсамда тез мойын неге бұрмайсың?
Құпиялық арыңменен сыр сақтауға шеберсің,
Түсінсе егер жүрегің сақтап солай тұрғайсың…
Ақшулан қыз

Атың қандай тартымды ұнасымды,
Аппақ емес ақшулан жарасымды.
Қызығыңа шомылып таңырқаған,
Қалың көздер құдырет таласулы.

Ақшулан атың қандай бота көзім,
Жүзіңнен көрінгендей айтқан сөзің.
Сүю жайлы сездірмей жүргеніңмен,
Менде тағат қалмады, іште төзім.

Ал сүймесең қинама, қарамашы,
Кірпігіңді жасырып қадамашы.
Өткен күннің белгісі бар өзіңде,
Сезіміңмен сергітіп саралашы.

Сен қиял қыз мендегі ұмытылмайтын,
Бір дертім бар төзімсіз құтылмайтын.
Бәлкім сенің дидарың тұрған шығар,
Жүрегімді ескеріп тулайтұғын.

Айтқан арман ақшулан сезіндің бе?
Қиял кездік, оңаша кезіктің бе?
Екі таудың шоқысын орнықтырып,
Отырған шақ бәр ма екен, төзім текте..

Шопан таяқ қолға алып жұрсемдағы,
Ақ білекті ақ мамық түрсеңдағы.
Ар-ұжданды арманға балағандай,
Тау жаңғырып шіркін-ай, күлсе тағы..

Өзің жоқсың тауың тұр тастарың тұр,
Қына болып жартаста жастарың құр.
Бабам айтқан ертегі елес болып
Бұл өлеңде осылай астарың жүр!!!.

Боғда қызы

Ерен тау бөктерінің қызғалдағы,
Өзіңе айтылмайтын сыр қалмады.
Балауса бақтарының қауашағы
Ашылған раушангүлден біраумайды..

Боғда қызы ақшулан еркелеген,
Өзіңе арнап ән салып елтеберем.
Наз көңілге жарасқан бұлақ күлкің,
Шын дауылдай еседі еркекөлден..

Боғда қызы ауылдан алыс.кетпен,
Есіңдеме балылық,таныс көктем.
Менің жаным өзіңе ынтық, білсең,
Кезігуге мендайын, таныс беттен.

Сұңғақ бойлы сұмбыл шаш қарағым-ай,
Ауылыңды бетке алып барым удай.
Сен де қимай қарайсың,жүзің сынық,
Жолықтырсын біздерді,тағы құдай!

Айналайын боғданың бота көзі,
Сен аман бол! ақынның айтар сөзі.
Жүрегімде сен ғана,кетім алыс,
Келсе екен деп жолығар күндер кезі.
Жігіт мұңы

Қыйын екен жігіт жанын мұң басқан,
Ашылмастай көрінеді мұңлы аспан.
Жүрегіне бұлт оранса бұйраттап,
Қарауытып көрінгендей түнгі аспан..

Ұждан, қайрат, білек күштер білікті,
Осы жүрек, осы мұңға ілікті.
Жаны шаршап, әлсіреген дәрмені
Ғашық мұңы майырама тірлікті?!?

Сары уайым сағындырды, мұңайтты,
Өлең-сезім өкінішті ұлғайтты.
Жаудан қайтпас жау жүрегім жаралы,
Ғашық сезім қалай-қалай мұң айтты?

Сенің жырың, сезім сырың емес пе,
Келесің бе, керуенді кеңеске-
Қара құлып шермен болып іште тұр,
О, дариғай, кілтін берші кеңеске.
Мысырға ұшып барамын
(Египетте оқып жатқан балам Қарақатқа барғанда)

Астанадан ұшты ұшақ,
Үдеу алып көкке өрлеп,
Мысырелінбағытеттік,
Саяхаттап ел көрмек.

Ұшақ басы батыстады,
Зеңгір көкті қақ жарып,
Арманынатоғысты ойы,
Балам барған,бақй жанып.
Құрлық пен құрлық көзұшы,
Өңім бе, ілі де түсым бе?!
Қызылтеңіз бұлдырайды,
Таңғалдымқұдыреткүшіне!

Ұшып өттім Медине,
Аспаныңнан ақаусыз,
Елге, жерге, бәріне
Ақ тілеу тілеп армансыз.
Шаһарындай мысырдың,
Бабалар айтса айтқандай,
Жер ұйығын ықсырдым,
Жанға рақат тапқандай.

Ғажап көркі, иреңдеп,
Ағып жатыр Ніл өзен,
Тауап еттім кием деп,
Сақтасын тәңір тіл-көзден!

Пырамиданы пір тұтқан,
Нар тарих куәсі,
Әз ана-ғой бұл тұрған,
Ерен биік тұлғасы.

Өңтүстікте хұн жатыр,
Қас-сақ тарих қозғаған.
Қу медиән құм жатыр,
Нар түйелер боздаған.

Ұшақпен басып барамын,
Жібек қолдың баранын.
Күн салп көкке қараймын,
Тұрғанын тосып баламның.

Картаға мынау қарасам,
Теңізде жүзем, көкте ұшып.
Египет елін шарласам,
Кетеді денем от құшып.

Мысырға ұшып барамын.
Салтанатты сапармен,
Еліме ерке қараймын,
Мерейі үстем шалқар кең.

Партия баптап баулыған,
Ұрпақтар неткен бақытты.
Жасай бер ұрпақ қаулаған,
Заманаң солай шалқытты.

Ұшақпен ұшып барамын,
Құрлық пен құрлық жалғасып.
Бақ берген бақыт заманым,
Тұр міне бізге жан азық!
Ашық мынау аспанда,
Жұлдызым тұр жарқырап.
Ел аманболс,жұрт тыныш,
Солмінебізгеалтынбақ!

Жоғалмашы жүзігім

Түсімде емес өңімде,
Түсіп қапты жүзігім,
Көңілімнің төрінде,
Өкініш болды-ау жүз күнім.

Жүзік салар саусағым,
Қоңылтақсып қорланды.
Өмірде өскен бау-бағым,
Жүзікпен бірге тоналды.

Жүзігім емес,жүрегім,
Медетім менің өтеуім.
Көздерін оның сұзды кім?
Сағыныш сарып етемін.

Шын сертім солай, жүзігім.
Саусақтан байыз тартатын,
Жоғалтқан мезгіл күзді-күн,
Уәдеге сенім артатын.

Жоғалып кетіп жүзігім,
Аң-таң болдым арманда,
Үмітім солай үзілдің,
Саусағым сұсып қалғанда.

Күәсі едің сенімнің,
Жүрекке орнап қалған бір.
Селеуі болдың сезімнің,
Шым-шымдап шыққан талғам бір…

Жүзігім менің табылды,
Қолды болмай қорланбай.
Жүрегім менің жарылды,
Қара бұлытқа торланбай.

Мезетке жоқ боп қалсада,
Жарқырап тұрып көздері,
Саусағым солып,талсада,
Қауышты қайта өздері.

Жүзігім менің жүзігім,
Жүзіксіз өткен жұз күнім,
Көңілсіз сонда жүдедім,
Қабақ тартып күлмедім.

Көңілді мынау күлгенім,
Қайталап өткен күндерім.
Өзыңмен қайта түрледім,
Жүзікпен қайта төрледім.

Кір шалмай келген жүзігім,
Сәт салды көңіл-күйіме.
Жүзіксіз өткен бір күнім,
Ажымдар салдау жүзіме.

Жүзіктің нарқы көп шіркін,
Санаулы саусақ серпімі.
Қайталау сәттер көп дүркін,
Жар сезімі секілді!

Жар сенімі секілді,
Сақталсын мәнгі жүректе,
Жоғалмасын,тілеймін,
Солмасын салмақ жүрекке.

Жүзігім менің жүрегім,
Саусақтан санар лүпілін,
Мекенде мәңгі жоғалма,
Сақта деп айтам, шүкірім!

Жүзікке енді болам сақ,
Жоғалса жүрек жүдедім,
Саусағым түссе, түсін-ақ,
Жоғалмашы жүзігім?

Сағындырған сары жайлау

Кез құйрығы құрт ілген өре-қосын сағындым,
Қой үйездеп жаттатын шалқар түсін сағындым.
Қой қосақтап ағытқан көң қораңды сағындым,
Көк мойнақтан қыялап ұшқан құсын сағындым.
Түтін ұшқан бұдақтап шаңырақты сағындым,
Атам мінген арымас арғымақты сағындым.
Апам салған боранға салмаларын сағындым,
Ұл-қызынна қалдырған ар-ұятты сағындым.
Ат ағашты қалдырып көшкен жұртты сағындым,
Жұртын таза сыпырып, көмген шоқты сағындым.
Салматас пен жел бақан тұз науаны қоймалап,
Көші-қонда торсықтан малта құртты сағындым.
Қарақат пен қызылқат бүлдіргенін сағындым,
Арулардың әзілдеп күлдіргенін сағындым.
Ерте бітер істерін кеш қалдырған құрбының
Ауыл үйдің иттерін үрдіргенін сағындым.
Тауға қарап таңырқап тау самалын сағындым,
Сары жайлаудың сап-салқын самалдарын сағындым
Сары жайлаудан көшкенде, күзеулікті бетке алып.
Тізбектелген тырнаның тырауларын сағындым,
Тұмандатқан сіберлі мұнарларын сағындым
Мүгі менен жартастың қыналарын сағындым,
Қоңыр аңдар өретін өгіз дөңді сағындым,
Қарағайлы, шыршалы жылғаларын сағындым.
Құздарынан құлдыйлап ұшқан құсты сағындым
Сары жайлауды еске алып, шыбар қысты сағндым,
Таң сәріде күн салып, көп қараймын жайлауға,
Балашақта қызықты болған сті сағындым.
Сары жайлаудың самалды құрақтарын сағындым,
Ата-баба мекені тұрақтарын сағындым.
Саумал айдап салатын қыраттарын сағындым
Қорым-дара сыңғырлы бұлақтарын сағындым,
Өмір солай өткелек тізгініне бағындым.
Көк шалғындай көмкерген ізгілікті сағындым,
Арман қуып алыстан, сары жайлауды сағындым.
Боғданың ақша бұлттары-ай

Жылғадан жыйып балағын,
Асыға шығып барады.
Көрсетіп таудың боранын,
Бұлыттар көшіп барады.

Боғданың бұлты ақ шағыл,
Аспанда күнмен жанасқан.
Тауының жоны тап-тарғыл,
Шүйке бұлт онан ары асқан .

Кигіз қалпақ секілді
Боғыда атаның басында.
Бес қаруы серігі
Жасырғандай тасында.

Бұлыттардан адам адасқан,
Тұман боп торлап алғанда,
Жел қуып шайдай ашқанда
Қол созған тағы арманға.

Қарт боғда тұр бұлыт сүзіп,
Ақ басын малып ақ бұлытқа,
Жүргендей анаң құрт сүзіп,
Шылауыш кійген ақ ұлпа.

Боғданың сәні ақ бұлыттар,
Тұрады кейде алқымдап,
Асқарын айбат айшықтап
Жатады-ау келіп дамылдап.

Ырысын төгіп даланың,
Жер ұйығын жібітып,
Идіріп төсін ананың
Ақ жаңбыры сібертіп.

Ақ бұлыттар көшіп барады,
Керуен түйе секілді.
Таулардан асып тарады
Қызқалдақ қалды кекілді.

Боғданың бұлты ақ шулан,
Ауық-ауық ауатын,
Еңселі боғда ер тұлғаң
Өзіңнен шабыт туатын.

Боғда тау сенде ержеткен
Мекені болдың әр ұлыттың.
Теңдігін сақтап тербеткен
Аймалай берсін ақ бұлытың.

Серуен құрған жеріңде,
Қырмызы қыз бен ұлдары-ай,
Қалықтай берсін көгінде
Боғданың ақша бұлыттары-ай.
Тойы қандай қазақтың
(толғау)

Той дегенде домалаған қу бастар,
Осылайша басталатын той бастар,
Таныс, біліс, жегіжатім демей-ақ
Ханы дағы, қарашасы ойқастар.

Құда түссе құдайындай сыйласқан,
Қыздан алып қынғажақ деп сырласқан,
Теңін тауып тегін берген қазақпыз
Артып тартып аттандырған қыймастан.

Ата-анадан ақ батасын алатын,
Босағаға көріс айтып қалатын,
Сыңсыма айтса, жабық түріп жар-жарлап
Азаматтар келінді алып қайтатын.

Тоғыз, он бір, он үш жасау алатын,
Артыңа енді қарама деп жататын.
Жездесі мен жеңгелері әзілдеп,
Оң аяғын үзеңгіге салатын.

Керуенді көш секілді келетін,
Жол-жөнекей жоралғы бар беретін.
Күйеу жігіт атпен шауып келгенде
Тойшыл қауым шашуынан теретін.

Келін келіп қалған кезде керімсәл,
Абың-күбің болып жатат кемпір-шал,
Абысындар оңашалап желектеп,
Деп жататын салыт-дәстүрді есіңе ал.

Құдаларға ақ сарбасы айтылған,
Құдағыйға мол дастарқан жайылған.
Отау жақта төсек салар, жүк бұзар
Каде алып әзіл-қалжың қайырған.

Құрбы-құрдас келтіретін ізетін,
Ақын жігіт тосып тұрған шіретін.
Бет ашылып ақ батасын алған соң
Оң аяқпен босаға аттап кіретін.

Төре табақ төр алдына сыйланған,
Даяшы жоқ салт-дәстүрден қыйналған.
Су жорғамен тартылатын табақпен
Мәз болатын тойшыл қауым жыйналған.

Салт бойынша той тағамы тартылған,
Бата-тілек ақ сақалға артылған.
Желігі бар желпілдеген жігттер
”мүшелеп” кеп атпен жерді тарпыған.

Қазақ той деп талай таңын атырған
Саумал сауып сары қымызын сапырған.
Балуаны мен ақындарын ардақтап
Жүйріктерін талай таңнан асырған.

Қаны ыстық атқа мінген қазақпыз,
Ата салытты кележәтқан жалғап біз.
Бәйге төбе мәресіне атойлап
Тойлы ауылдан міне осылай тараппыз.

Балуандары айқасатын әйбәтпен.
Аударыспақ ат үстінде өйнәппең.
Қыз қуарда қызық құып барады
Қамшы үйірсе құрбы жігіт тәйсәппең!

Қой жорғасы, су жорғасы зымырап,
Шаң шығармай бара жатыр қыбырлап.
Көк лақ тартқан, теңге ілген жігітке
Әйел жағы баға берген сыбрлап.

О, дариғай! Дәурен деген осы екен, !
Бәйге төбе мәресінен тосса екен.
Ат бегілер бабын тауып қатырған
Бәйгесіне кімдер атын қосты екен.

Құнан, дөнен, аламан бәйге айдалған,
Даяшылар дағды жерден қайтарған.
Шаң шыққанда шарапаты шашылып
Ескеуілдеп қазақ қаны қайнаған.

Ал кешінде құда сыйын сыйлаған,
Өнерпазі тойлы ауылға жыйнаған.
Ауылдастың алты ауызын айтқызып
Таң атыра айтыс жырын жырлаған.

Менде өлең айтып тұрған қазақпын,
Бұл дәуірден тайын мінген талаптың.
Ғасырлардың қатпарынан жалғасқан
О, ағайын тойы қандай қазақтың!
Япырмай …

Даланың иті қасқырмен өш боп өтетін
Қоралап қойын қорашы ит боп кететін.
Қораға түсіп, өрісте малға шапқанда,
Қандаспыз демей көрсетіп кеткен көкесін.

Тегі бір иттер несіне өш боп өтті екен,
Ықылым заман қалайша карын бір солай төкті екен.
Ит үріп шығат құйрығын бұлғап бұлаңдап,
Ұлиды қасқыр, несібе қалай өтті екен.

Ырылдасу иттігі ме әлі, достығы,
Ұқсап та кетет мысығы мен борсығы.
Бәрі де текті түз тағысы екен-ғой
Табиғат алса қойнына сонда бір толар бостығы.

Адамдар әйтеу иіт етіп алған күшікті,
Қасқырмен қалай япырмай неге өшікті.
Әлжуаз төбет қаншығын беріп арланға
Ұрпағы қанден қалаға қарай көшіпті.

Ханымдар барт қанденін сыртқа шалдырмай,
Мамыққа орап көзінен таса қалдырмай.
Иіт екен демей”киесі,, болып барады,
Исініп кетссе иесі қайтер япырм-ай!
Сексеуіл

Құммен өңдес өнген жері,
Сай-салалы, қазан-шұңқыр,
Табиғатқа өң береді,
Қайсарлықтың рухы сіңген талғамың тұр.
Қадау-қадау жылғалардан көрінген,
Аққан құмға балақтары кіренген,
Селдір-селеу кемпір шаштар өрілген,
Ысқырынған құм бораны жемірген.
Сексеуілге сезімдерім ауып тұр,
Ойпатының ойыстырған орманына,
Табиғатпен жарасымын тауып тұр,
Айналғандай жер ананың қормалына.
Қайсарлығы, қайраты тамырынан тараған,
Терең шүңет ылдиынан су алған,
Бүршіктері ыстық желмен таранған,
Діңі шымыр, сарғыш тартқан өңі-түсі сұрланған! ? !
Қазан құмда серуендеп жүргенде,
Сексеуілден секем алды сергек ой,
Шіліңгір мен қақаған аяздарын көргенде,
Сезім серпіп, алып ұшты теңіздейін телегей.
Жел көшірген сары құмның сағымы,
Бұйрат-бұйрат із қалдырған салалап,
Басылғандай сағыныштың сарығы,
Бұйрат құмда балқып келем аралап.
Мең-зең дала тұнық ауа шұрайлы,
Қайсарлықты сексеуілден сезіндім,
Құм төбені жан танымен қорғайды,
Сексеуілдің сезіп тұрмын төзімін.
Теңдік сақтап тегеурінді құмдарға,
Сексеуілдер шебін жайған шеріктер,
Қайсарлықтың қалауы тұр тұлғаңда,
Ерлік-жыгер төзім саған еліктер.
Сексеуілдің тошыңы-жүгініп кеп түйілген,
Апаларым ұршық жасап жұн-жіптерін иірген,
Аталарым атойлап бес қарудың бірі қып,
Бос мойынды шоқпар жасап жау басына үйірген.
Сарбалағын сабын етіп жасаған,
Сексеуілдің шоғына қыздырынса тоңбаған,
Томарымен көң қорасын қоршаған,
Қоламтаға күлді-көмеш нанын көміп толтырған.
Құмды шөлде тамыр тартқан тереңдеп,
Жер шарының аш бүйірін таянып,
Адамдарда аралап жүр телмеңдеп,
Аң-құсыңа, мұнайыңа таңданып…
Сексеуілде серілік тұр паңдық та,
Шымырланған діңіндегі тұрқында,
Ей, сексеуіл мазаңды да алдық па?
Өзгеріс бар мынау мінез-құлқыңда.
Ей, адамдар сексеуілді қорғаңдар,
Сексеуілде құмды-шөлге қорған бар.
Тамырына дақ салушы болмаңдар,
Сексеуілден, сексеуілден туындаған толғаулар!
Қой суарған суатым

Тандыр таудың сірігіне тояттап,
Үйездеген қойларымның топаны.
Төлі ерген аумағында ойнақтап,
Аңсайды екен қара суын қоғалы.
Ентелесе суға таман қойларым,
Суат жолы тарам-тарам із салған.
Дөң басынан бұйрық берген құрғайым,
Науасындай шақырады тұз салған.
Суатына қой жамырап түскенде,
Сол бір сәтте құрбым келер су алған.
Көз алдыңнан көзайым сәт көшкенде,
Қызғалдақтар қызықтырған буралған.
Шопандарды шомылдырған шуағы,
Қой қайтарған қапталына қарашы,
Суаттағы су алған қыз судағы
Кескініне қарап шашын тарайды.
Қойдан қоңыр мінезінен жаралған,
Табиғаттың заңдарынан именген,
Жағада тұр қызғалдағы аққудайын таранған,
Аққуына көгіндегі қыраны да тимеген.
Қой қайтарған қоңыр төбе өрісім,
Жол қараған жолаушыдай жорықтан,
Сол төбеде сушы қызбен жолықтым,
Дәнеңе жоқ кең даламда қыз сезімі қорыққан.
Қой суарған сол быр кездер недеген,
Естен кетпес елегізген шақтарым,
Кең даламды махабаты кернеген,
Қона қалған сол бір сәтте, басыма кеп бақтарым.
Сол суаттан, қарадоңнен кеткелі,
Кездерім жоқ мал суатын аңсамай…
Қалған еді қара көзім өкпелі,
Менде аттанғам өксігімді баса алмай.
Шопандықтың шоғы қалған жүректе,
Қоламтаға көміліп-ап маздаған,
Ауық-ауық амандасып жүрсекте,
Суаттағы күлкің әлі назданған!
Суға келіп,
Шұғынық гүл үздірген қыз,
Су бойында азылымен күлдірген,
Су бетінде сағым болып ойнаған,
Сүрет қыз,
Бүгін міне ана болып, апа болып үлгірген.
Сондықтан да сол суатты аңсаймын,
Қой суарып қара дөңде тұрған шақ,
Өтті-ау дәурен, несін бәрін жасқайын,
Сол суатта басымызға бақ қонған?!?

Климат
Көктем, жаз, күз, қыс жылды құрап жылжытқан,
Қалмайды адам жылдардан алған ырыстан,
Кейде бірақ құтылмай жүр қырсықтан,
Қабағынан қар жауғанда табиғат,
Қиналғандай адамдар жүр тұрмыстан.

О, табиғат мезгіл сенің тағдырың,
Қырсық шалып былғанса сенің балдырың,
Ауаң, суың, топырағың, өсімдік-
Кемісе мүлкің шығады сонда тандырың.

Күнің тұр сенің жүйесінде күлімдеп,
Ыстық пен суық, күнің мен түнды түгендеп,
Кеңістік жатыр уақытпенен шектелмей,
Климат ғана ырыздық берген үнемдеп.

Төрт маусымменен күнің мен түнің түрленсе,
Сұмдыққа қиял жетпегенін көз көрсе.
Ырыздық үшін ыңыранса жер анаң,
Мезгілдер солай қолды болып өзгерсе?

Климат деген – ғаламның теңдік жүрегі,
Орбита ортақ бар тірлік құлақ түреді,
Жер шары-ау сенің органың, жүйең, тыканың-
Климатпенен тыныстап мәнгі жүреді.

Табиғат заңы теңдігін өзі сақтайды,
Керуен көшін көлігімен баптайды,
Он сегіз мың ғалам осы көште келеді,
Адамдар неге шұқылап тыным таппайды!

Ғылымның тегі барлығын дұрыс анықтау,
Ғалымның шегі ізденіс үшін жалықпау,
Білгенге маржан, білмеске арзан климат,
Ескермей кетсең болады тегі арықтау.

Адамдар келет ғасырлық жүгін арқалап,
Ұшпаққа шықпақ байлықтың бәрін арқалап,
Бүлдісең бүлдір, орнында бар оңалар
Жоғалтсаң құртып шамданар быр күн климат!

Бара-ғой балам, оқуға …
(Балам парасатқа арнау)

Бара-ғой балам оқуға,
Астанаға аттандың.
Келмейді жаным тосуға,
Арайлап таңның атқанын!

Жалыны жастық-оқумен,
Белеңге биік шығатын.
Оқудың тегі тоқумен,
Жел өті емес ығатын.

Сайрандап анау бармайсың,
Сақылдаған поезбен.
Ұшақпен де барғайсың,
Теңізде шалқар мүйіспен…

Бара-ғой балам оқуға,
Ауылдан аттап алысқа.
Арманың асқақ болуға,
Оза бір шаптың жарыста!

Ата-анаң қалды, ұстазың-
Ақ батаны ақтарып.
Білімге әйтеу құштарсың,
Баянды болсын бақ дарып.

Оқуың болсын оңтайлы,
Туған елдің үміті.
Осылай әкең толғайды,
Тұлпарын сайлап үкілі.

Ел үмітін ер ақтар,
Білімі мығым түлегі.
Азаматтық ар сақтар,
Отан деп соққан жүрегі!

Тұған елің тұғырың,
Бара-ғой балам оқуға.
Осында өсіп құлпырдың,
Ғылымның сырын ұғуға.

Ақылым берген кеңес-ау,
Біліммен өсіп толғайсың,
Әкеңнің ғана емес-ау,
Халықыңа бала болғайсың!

Өнер Хамитұлы, ҚХР.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑