banner-top12

Тарих no image

Қосқан уақыты Мамыр 18, 2014 | 1  901 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ақтайлақ  би

17  О.ЕГЕУБАЙ            Қазақ  халқы мынау  өмір  атты  кеңкеңістіккекөкірегінданалық  кернегенсансызұлығұлама, елбастағанкемеңгер, елқамынойлапкүңіреніпөткен  ойшыл, жырнөсерін   төккен   дәу   пері    ақын,  семсертілді, жезтаңдайшешен, қарақылдықақ  жарған  әділби  молсыйлаған  асаұлағатты, ұлыхалық  екендігі  төрт  күл  әлемнен  жасырынемес.Құттыбай  баласы  Байғараби  менБайғара  баласы    Ақтайлақби – солбірегейнарқасқа  елкөсемдеріміздің, ұлт  рухынажарық  түсіргенеренданаларымыздыңәке- балалыегіз  екеуі. Аруақриза  болмай  тіріоңалмайды, тарихындағы  ұлы  тұлғаларынсыйламағанұлтөзіндесыйлай  алмайды, басқаға  сыйлата  алмайды. Менұлыларымызды  ұлағаттап  ғылымиконференция  ұйымдастырыпотырғанҚазақстан  республикасы  Білімжәнеғылым  министрлігінің  М.О.Әуезов  атындағы  әдебиетжәнеөнер  институтыменШығыс  Қазақстан  облысы  Аягөз   ауданы   әкімшілігіне  шынайы  құрметпен  тағзым  етемін, тегінбілгентектілікдеп  санаймын  жәнеғылыми  конференцияны  өз  атымнан, Қытайдағы  қандастарыңыз  атынан  шын  жүректен  құттықтаймын. Маған бәсіреленген сөз тақырыбы- «Ақтайлақ мұраларының Қытайда  жиналуы  мен  зерттелуі ». Енді  сол туралы  баяндайын : Қытайда  ес тоқтатқан  қазақтар  арасында  Ақтайлақ  биді   (1720-1816)  білмейтін  пенде  кемде-кем. Бабамыздың  атақ-даңқы, асыл  ғақылиялары өзі  дүние  салмастан, араға екі империяның  шекара  сызығы  (1864)  тартылмастан бұрын-ақ Аспан  тауының  оң-солы саналатын  ұлан-байтақ  ол  өңірге  кеңінен-кең  жайылған. Ондағы қазақтардың   зәу-зат, үрім-бұтақ рухани әлеміне  шағылмас  ұя салған. Содан  бері  қарайғы 137 жыл уақыт  барысында да ауызша, қол  қотарма, бертінгі  жылдарда  басылымдар  арқылы да олар  жаңғырығып   ұрпақтан  ұрпаққа, заманнан  заманға қанат  қағып, жұртшылық  санасында  асыл  мұра, кемеңгерлік  жалауы  болып   желбіреп  келеді. Қара  халық, тіпті  зиялылардың  өзі де  сол  кемеңгерліктің  каусар  нәрінен  бүгін де  сусындап  отырады. Күйделікті  тұрмыс-тіршіліктерінде  кездескен  сан  қилы  түйіншектеріне ұнасымды  шешім  табады, көңілдеріне  естен кетпес  ләззат сыйлайды. Айқындап көрсетсем, Қытай  Халық  Республикасындағы  бүгінгі  қазақ  қауымы  Ақтайлақ тұлғасын : Бірінші, тектінің  ұрпағы  деп  хан  көтереді. Ақтайлақтың  ұлы  атасы  жосылған  шешендігінен « Қу(аққу)  дауысты  Құттыбай»   атанған. Өз  әкесі  Байғара  өмір  бойы  адуын  би  болып  өткен. Ақтайлақ  «Ел атасы» танылған. Екінші  інісі  Түбек, кенже тұяғы Сабырбай  айтулы  ақын  болған. Сабырбай  он неше  жасында-ақ  найманның 16 ақынын қырқай  жеңген.  Қарт  ақын  Жанақты  келген  жерден өлең  екпінімен  сүріндіріп  «бала  ақын »  атанған. Асыл атаулы  қашанда  тегіне тартады. Сөз  орайы  келгенде   сіздерге  Қытайдағы  ұрпақтарын  таныстыра  кетейін: Ақтайлақтың  бүгінгі  заманда  Қытай  Халық Республикасында  қоныс  теуіп  отырған  алтыншы  ұрпағы  әтима  Жакулина миллиардтар елінің ең жоғарғы  билік  төрінен   орын  алған  ақылгөй  ана, қаршадайынан ақын; тағы  алтыншы  ұрпағы   Бұлантай   Досжанин  Қытайдағы  осы  заман  қазақ  әдебиетінің, қазақ  баспасөз   мәдениетінің  алғаш  шаңырағын  көтерген, керегесін  жайған, уық  болып  шаншылған  аға  буын  біліктілер,  мықтылар   тобында ; жетінші  ұрпақ жиені  Асқар  Әнуарұлы Жакулин дүние  тағдыры  ақшаға  аунап  тұрған  қазіргі  қызылкөз заманда Қытай  милионер  ақшалыларымен  үзеңгі  қағыстырып  жүрген  қалталы  кәсіпкер, «Ұлтымның  тәуелсіздігін  таныстырамын, көсемін  көрсетемін »  деген ұлттық үлкен  мұратпен  өткен  жылы  барлық  қаржыны  өз  қалтасынан  шығарып  еліміздің  тұңғыш  президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  «Қалың   елім,  қазағым »  атты  кітабын  қытай  тіліне аудартып, ең жоғары  сапада  бастырып  таратты. Демек, осы  ұрпақ  дәлелдері  бойынша  да Қытайдағы  қазақтар  Ақтайлақты  «Аллатағала  ту  басынан  текті  жаратқан, Қыдыр  дарыған  киелі  тұлға»  деп  қастерлейді. Екінші, асқаралы  абыз, қара  қылды  қақ  жарған, ақ  жүрек  әділ  би  деп  таниды, айту  керек: өз руы – Сыбанның , өз ұлысы – Найманның  ғана  емес. Алдыңа  келсе  дау – жанжал, Төрелік айтып    тура    шеш Мынауың  қалай  демесін,. Алыс-жақын  көңілдес. Келелі  істі  көппен  шеш, Асқынған  істі  ақылмен, Шиыршық  атса  еппен шеш. Бүгін  қойып  ертең шеш, –  деп айтатын  билігіне  тән  берік  ұстанған өзіндік  ата  заңы-қағидасы  бар, кімді  болса  да  тоқтатқан  дуалы  ауыз  би  санайды.  96 жыл ғұмырында  ұлылы-кішілі 600  мәртебе  билік  айтыпты. Билік  барысы мен  ғұмырының әр  кездері ұрпаққа  таңғажайып  аңыз  болып  қалып  отырған. Сол  аңыздардан  үздікпей  бізге  жеткен «Шымыр биден  бата  алуы», «Ақтайлақтың    төбе  би  болуы», «Ердің  құны  екі  елу», «Ат  дауын  шешуі», «Барымтаға  билігі», «Неке  дауын  шешуі», «Ақтайлақ  би  мен  Нұрбек  би», «Алпыс жасты  аралағандағы  айтқан  билігі», «Төрт  тентек», «Ақтайлақ  пен  Дулат», «Ақтайлақ  пен  Бабатай», «Айтуы біреу, тұрманы  түгел», «Ақтайлақ  пен Сұраншының  соңғы кездесуі», «Ақтайлақ пен Алшынбай», «Ақтайлақ пен Бекбау», «Ақтайлақ бидің  Бейсенбі  күйшіге  сәлемі», «Ақбас  ат», «Ақтайлақ пен Сабырбай»  тәріздес  біршама  аңызы  ардақтап сақтап, жинап  келген  Гүлғайша  Нұрсапақызы, Құдайберген   Қабдікенұлы, Асқар  Игенұлы, Жұмаш – жаңкүйерлердің баспаға  ұсынуымен  осыдан  8 де 6 жыл ілгері Шынжаңның  орталығы  Үрімжі  қаласында  шығатын  қазақ  тіліндегі  20 мыңға  тарта таралымы  бар  «Мұра» журналында  жарық  көрді. Үшінші, қиуасыздан сөз  табатын  қара  тіл  шешен  деп  өнеге  тұтады. Ақтайлақ жас кезінде  бата  алу  үшін Шымыр  бидің  алдына  барыпты. Қарт би  салған  жерден : – Арзан  не, қымбат  не? Алыс  не, жақын  не? Жақсы не, жаман не?  Қатты не, тәтті не? – деп  сұрапты. Ақтайлақ  іркілместен – Арзан – өтірік, қымбат – шын, алыс – ұжмақ, жақын – өлім, жақсы – адалдық, жаман – қиянат, қатты – жоқшылық, тәтті – бала, – деп жауап  беретін  аңызды  кеше  ғана  айтылғандай  ел күні  бүгін  үлгі    орнында  ауызға  алып  отырады. Төртінші, елім  деп  еңіреген,  ел тілегін  жырлаған, осы  тақырапта  артынан өшпес жыр, ғақылия  қалдырған  ақын  деп  ұлағаттайды. «Ойлаған  елдің  қамын  кісі  бар  ма», «Не артық», «Не  жетім», «Асқар тау», «Нені  айтамыз», «Қадірін  қашан  білесің», «Жарасым  жайында», «Жас  туралы», «Нені  білмек  керек», «Мақтаншақ», «Әйелдер  жайында», «Достық  жайында», «Тасыма  жігіт», «Ақта  жаман  қар  болар», «Жақсы  мен  жаман», «Нақыл», «Тақпақ сөз», «Өзімшілдік  және  әділеттілік», «Жақсы  туған  қыз  бала»    қатарлы  бір қыдыру  өлең, жыр,  толғаулары  да  1992 жылы   «Мұра»  журналында  жария  болды, ұзақтан  жинап, сақтап  келген  Қабылахмет, Сіләмшайық, Қаныштай  қариялар. Бесінші, сұңғыла  шежіреші  деп  қастерлейді. Көп  адамдар  ол  дүние  салған   1816  жылдан  бұрынғы  ата – бабаларын  «Ақтайлақ  шежіресінен», Ақтайлақ  таратыпты  деген  әңгімелерден  іздейді. Арғы  бетте  қазірге  дейін «Қазақтың  ата  шежіресі», «Үш  жүздің  шежіресі», «Ұлы  жүздің  шежіресі», «Орта жүз – найман  шежіресі», «Төрт  төңірек, Керей,Уақ  шежіресі», т.б.  секілді  40-тан  астам  үлкен-кішілі  шежіре  кітап  болып, мерзімді  басылымдарда  басылып  жұртшылық  қолына  тиді. «Ақтайлақ  шежіресінің»  қотарма  қол  жазбасымен ертеректе  танысқан  бүгінде  көзі   тірі  кейбір  шежірешілер: «Ақтайлақ  шежіресінің  орны  бөлек  еді. Иісі  қазақтың  түпкі  тегін  көрсетіп, оның  үрім-бұтақтары  ретінде  өзіне  дейінгі  барлық  қазақ  ру – тайпаларын  саусақпен  санағандай  тарататын. Сол тұстағы  ел  жайы, олардың  ата  қонысы,  ел  басынан  өткен  үркін – қорқын , елден  шыққан  атаулы адамдар  адалап  айтылатын, тіл, салт-сана турасында да мол  мәліметтер  бар  еді » деп күрсінеді. Өкінішке  орай  бағзы-бағзы  ру – тайпаларды  таратқан  бөлшектері  болмаса, сол  «Ақтайлақ шежіресі» бүтін  қалпында  қолға  әлі  ілікпей  келеді. Ал  зерттелуіне  келсек, 1992 жылы  «Мұра» журналында  «Ақтайлақ би  және  оның  шығармалары»  атты  мақала  жарияланды. Авторы – Бұлантай  ағамыз. Қазірше  зерттеудің  алды да, соңы  да  осы. Әулие  бабамызға  сыбаға  текті  сол  борышқа  келесі  мезгілдер  қарыздар. Бұрын  әлдеқандай  оймен  ол кісі  «дүниеден  өтсе  данышпан, сан жүйрікпен  қағысқан, жинақтар  ешкім  болмаса, артында  қалған  сөз  жетім»  деген  екен. Қытайдағы  бір  жарым  милионнан  астам  ұрпақтарын да  өз  аясына  алған  мынау  жиырма  бірінші ғасыр өскелең  ұрпақтары  алдында Ақтайлақ   бабамыз  да, оның  артына  қалдырған  асыл  өсиеттері  де  ешқашан  «жетім» емес. Ол – әлі  де елімен  бірге, ел  серкесі. Оның  дәлел – фактісі: исі  қазақтың   185  жыл  бойы  қайда  жүрсе де Ақтайлақ  биді  жадында  сақтап  рухани  бесігіне  бөлеп  келгені, кіндік  қаны  тамған  киелі  жұртында  халықаралық  деңгейде ғылыми  конференция ұйымдастырып  ғалым, жоқшы  ұрпақтарының  бүгінгі мына  бас  қосуы, филология ғылымының  кандидаты  Серікқазы  Қорабаев  мырза құрастырған  «Атасы  асыл  сөздің Ақтайлақ би» академиялық үлкен  томының  тас  баспада  басылып  таратылуы  және  атасы  Байғарамен   бірге  сәулеті  көз  тұндыратын   мәр-мәр  кесенесінің  тәуелсіз  елінде  мәңгілікке  тұрғызылуы.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑