banner-top12

Ақпараттар ағымы FTK_4174

Қосқан уақыты Сәуір 16, 2015 | 681 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО іске қосылатын болады

2015 жылдың соңына қарай Ақтөбе қаласында саны бойынша 10-ншы мамандандырылған ХҚКО іске қосылатын болады. Мамандандырылған ХҚКО Батыс-2 ауданында салынуда, оның алып отырған учаскесі 4 жарымнан астам гектарды құрайды.

Жаңа мамандандырылған ХҚКО Елбасының автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру функцияларын ХҚКО қарамағына беру туралы тапсырмасының шеңберінде салынуда. «ХҚКО» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Руслан Ерғалиевтің айтуынша орталықтың құрылысы қызуқанды жүріп жатыр. «2014 жылдың соңында Ақтөбе облысының әкімдігі құрылыс компаниясымен шарт жасасты. Қазіргі уақытта учаскені бөлу жүргізілді, ғимарат орналасатын жер жұмыстары аяқталды, іргетасы қаланды, электр желілері жүргізілді, енді қабырғалары тұрығызылуда», – деп атап өтті ол.

Жаңа орталықта көлік құралдарын тіркеуге/қайта тіркеуге және жүргізуші куәлігін алуға болады. Бизнес процесстерді автоматтандыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау ақтөбеліктерге жүргізуші куәлігін 2 сағатта алуға мүмкіндік береді, дәл осы уақыт автокөлікті тіркеуге де кетеді.

Мамандандырылған ХҚКО-ның автоматтандырылған автодромында  пайдаланылатын заманауи электрондық бақылау жүйесі жүргізу бойынша емтиханның практикалық бөлігін тапсыру кезінде адами факторды толыққанды жоюға мүмкіндік беретіндігін атап өту керек.

Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментінің деректері бойынша 2014 жылы көлік құралдарының 44 мыңнан астам бірлігі тіркеуден өткен және 22 мыңнан астам ақтөбеліктер жүргізуші куәлігін алған.

Анықтама ретінде: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Петропавл қалаларында 9 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде. 2015 жылы мамандандырылған ХҚКО-ларды Ақтөбе және Қостанай қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.

 

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑