banner-top12

Ақпараттар ағымы NazarbayevaBolashak1_584_438_95

Қосқан уақыты Қаңтар 30, 2015 | 678 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Дариға Назарбаева Берлинде қазақстандық студенттермен кездесу өткізді

      NazarbayevaBolashak2_584_438_95

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтар күні ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары – Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселері жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі Дариға Назарбаева өзінің сапары аясында Берлинде «Болашақ» мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді.
Сұхбат бейресми түрде өтіп, соның барысында Д.Назарбаева болашақ мамандарды Қазақстандағы өзекті жастар саясатының көрнісі, еңбек нарығы және жас мамандар үшін мемлекетік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Кездесу кезінде Елбасы дайындағын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тұрғысынан біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани түрлену үдерісіндегі болашақ ұрпақтың рөлі ерекше орын алды.
Өз кезегінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар Германияның жоғары үздік оқу орындарында білім алуға берген мүмкіншіліктер үшін мемлекетке өздерінің алғыстарын айтып, алған білімдерін Отанда қолдануға берік ниеттерін білдірді.
Іс-сапардың қорытындысы бойынша ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары «Хабар» телеарнасына сұхбат беріп, Берлинде неміс тарапымен өткен келіссөздердің нәтижелері туралы хабарлады.


ҚР СІМ баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑