banner-top12

Шетелдегі ағайындар шығармашылығынан no image

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2014 | 1  476 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

АРТЫНА ӨШПЕС ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ДАНА АҒАМЫЗ – НЫҒЫМЕТ МЫҢЖАНИ

 

«Өлді деуге болам ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ұлы Абай атамыз текке айтып кетпесе керек. Бүгінде біз күллі ғұмырын, бойындағы дарын қуатын, терең танымын, білімі мен білігін қазақ ұлты үшін жұмсаған белгілі тарихшы, Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Қоғамдық Ғылым академиясының профессоры, лингвист, фольклорист, аудармашы, жазушы және қоғам қайраткері Нығымет Мыңжанұлының үлгілі шығармашылық жолымен ұштасқан өмір тарихын сіздермен бірге бөліспекпіз.
1922 жылы 22 наурызда ҚХР Шынжаң өлкесі Тарбағатай аймағы Толы ауданында дүниеге келген. 8 жасында оқуға кіріп, өз аулында және Шәуешек қаласында бастауыш, орта мекетеп оқыған. 1938 жылы талантты Мыңжан мектепті үздік нәтижемен бітіреді. 1939 жылы Шыңжаннан Кеңес одағына оқуға баратын оқушылар үйрену курсының төрт мерзымдік емтиханына қатысып, үздік нәтижемен өтіп, Үрімжіге келеді. Сол кезде Шың шысайдың кедергісі салдарынан бұл кезектегі шетелге шығып оқитын оқушылардың жолы кесіледі. 17 жастағы Нығымет Шынжаң өлкелік сақшы офицерлер мектебіне ұлттық аудармашылар тәрбиелеу курсысына оқуға түседі. Ондағы оқуды екі жыл оқып жақсы нәтижемен бітіреді. 1941 жылдан 1948 жылдар аралығында аудармашы, қазына меңгермесінің орынбасар бас хатшысы қатарлы қызыметтерді істейді. 1942-1949 жылдары Шынжаң қазақ-қырғыз мәдениет бас қоғамының атқарушы мүшесі, бөлім бастығы міндеттерін, және «Шынжаң газеті» қазақша қосымша шығатын «Мәдениет», «Әдебиет арнасы» атты журналдардың бас редакторы болып істеді. 1947-1949 жылдары «Сәуле» айлық журналының бас редакторлығын, 1948 жылы Гоминдань орталығының заң шығару алқасы қатарлы қызыметтерді қосымша атқараған. 1942-1949 жылдары қазақ-қырғыз мәдениет-ағарту ұйымында қазақ мектептеріне арналған жүйелі, білім көлемі біршама кемелді тіл, әдебиет оқулықтар құрастырып, оқулық мәселесін шешуге араласып, оң нәтижеге қол жеткізген. Өлкелік тіл мектебінің ұсынысымен 1947-1948 жылдары сол мектеп оқушыларына тіл, әдебиет, тарих пәндерінен сабақ берген.
Нығымет Мыңжанұлы 1949 жылы Шынжаңдағы бейбітшілік көтерілісіне қатысады. Жаңа үкіметтің ұлттық істер қызыметін атқарады. 1951 жылы Ши-Ань қаласына жөткеліп, Батыс солтүстік әскери-саяси көмитетте ұлттық істер комисиясының мүшесі, қосымша басқарма бастығы міндетін атқарады. 1953 жылы Бейжиңге ауысып барып, ұлттар баспасының құрылу салтына қатысады және сол баспаның қазақ редакция-аударма бөлімінің меңгерушісі болып істейді. 1958 жылы бүкіл Қытай көлемінде жүрген «Оңшылдарға қарсы тұру қозғалысы» Нығымет Мұқаметтүсіпұлын да қармағына салып алды. Яғни 1960 жылы «тарихи қылмысты» деген жаламен тұтқындалып, Бейжиңдегі түрмеге қамалды.1962 жылы одан Үрімжідегі №1 абақтыға ауыстырылды. Содан 1976 жылы бостандыққа шығып, 1978 жылы ақталды.
Қажымас жігерімен, қайтпас қайсар ер мінезімен есесін ешкімге жібермеген Нығымет атамыз тағы да өмір жолындағы кемеңгерлігін көресете білді. Басы қауыптен әрең ажырасада ол кісі сын сағатта сыр бермей қайтадан жұмыстары бірден қолға алып кетті. 1978 жылы Шынжаң Ұйғыр автономиялы райондық тіл-жазу көмитетіне қызыметке орналасты. 1981 жылы Шынжаң қоғамдық ғалымдар академиясы тіл зерттеу иниституты бастығының орынбасары болып тағайындалады. 1983 жылы Шынжаң қоғамдық ғылымдар академиясы жағынан тете аға зерттеуші, 1987 жылы аға зерттеуші ғылми атағы берілді. 1984 жылы автономиялы райондық «Үздік ғалым техника қызыметкері» болып бағаланған. Және ШҰАР –дың саяси мәслихат кеңесі 4-ші кезекті көмитетінің мүшесі, 5-ші кезекті көмитетінің тұрақты мүшесі, мемлекттік саяси кеңес 7-ші кезекті көмитетінің мүшесі болып сайланады. Автономиялы райондық халық үкіметі ақылшылар кеңесінің мүшесі болып қызымет атқарады. Жүңго түркі тілдер зерртеу қоғамы, Аз санды ұлт жазушыларының қоғамы, Шынжаң тарих ғылми қоғамы қатарлы 20 неше қоғамдық ұйымдардың орынбасар бастығы және ақылшысы болып қызымет жасаған.
Нығымет Мыңжанұлы Аумалы –төкпелі тағдыр тауқымтеін бастан өткізседе өнерге деген құштарлығы мен құлшынысы таусылмаған, қос қанатын кеңге жайып, ғылымға терең бойлады. Ол кісі қазақтың тіл-жазуын, тарихы мен этнографиясын, әдебиетін зерттеу, жазушылық, сөздік құрастыру қатарлы көптеген салаларда ерен еңбек, еселі үлес қосты. 1986 жылы 31 қаңтардан 8 мамырға дейін Федерациялық Германиядағы «Түрік елі дәнекерлігінің» және Түркиядағы «Түрік дүниясы араштұрмалары» қоғамының шақыруымен сол екі елде сегіз рет ғылми кеңеске, оның ішінде Германияда үш рет, Түркияда екі рет қатысты. лекцияларының тақырбы негізінен тіл, тарих салаларын қамтиды.
1.«Қазақтың түпкі тегеі және қазақ деген аттың қайнры мен мағынасы»;
2.«Қазақ халқының қалыптасуы және даму дәуірлері»;
3.«Байырғы қазақ шежіресеі және қазақ тіліндегі туытық байланыс атаулары»;
4.«Қазақ әдебиетінің тарихына шолу»;
5.«Қазақ тілі-жазуы және оның қолдану жағдайлары»;
1989 жылы Американың Гарвард университетінің шақыруымен АҚШ-та ғылыми сапарла болып, ислам діннің қазақ халқында таралуы, қазақтардың дінни нанымдары мен дүниетанымдары атты тақырыптарда бірнеше университеттерде баяндама жасап, ондағы әріптестерімен кездесіп, сұхбаттар өткізді. Елі игілгі үшін ғылым жолында жүрек қанын сарқа жұмсаған атамыз 1993 жылы 22 маусымда Қазақстан Республткасы Ұлттық ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл ғылыми инистутына ғылми сапармен келген шағында кенеттен жүрек ауруы ұстап, 71 жасында өмірден өтеді. Артына өшпес із қалдырған Нықаңның аты бүгінде ел аузында аңызға айналды, кейбір кісілер ол кісінің ақ-адал адамгершілгін, жұмысқа деген жауапкершілігін айтыпжеткізсе, ал «ол қызыметте аса ұқыпты, тыңғылықтыеді, ар іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Ашық-жарқын, мейірімді жандардан еді », – деп қызыметтестері әлі күнге дейін айтып жүр. Ол кісінің тірі кезінде жалықпай жасаған еңбектерін сөзбен айтып тауыса аламспыз…
Ғылми еңбектері:
1.«Қыз жібек» жайында жазғаны Шынжаң газетінде 1943ж. Жарияланған.
2.«Қазақ тарихы» еңбегі Шанхайда «Хань хай чау»журналының 1947 жылы бес санында қытай тілінде жарияланды.
3.«Шәріпқан жайында» Шынжаң газеті және Алтай журналында 1947ж жарияланған.
4.«Алдыңғы арман-ағартушылық» атты мақаласында қазақтың оқу-ағарту тарихын баяндайды. 1947ж «Ағарту» журналы.
5.«Қазақ тарихының дерегі» Үрімжіде шығатын Шынжаң газетінде қазақ, ұйғыр, қытай тілінде жарияланады. 1949ж
6.«Шынжаңдағы қазақтардың шаруашылық жағдай және қоғамдық қатынастары» 1952 жазылып, 1981ж жарияланған.
7.«Қазақ халқының ауыз әдебиеті жайында», «Қазақ тілінің тарихына шолу», «Диван лоғат түріктің қазіргі қазақ тілмен қатынасы» атты еңбектері 1980 жылы жарық көрді.
8.«Қазақ қисасы Бақтияр және оның қырық бұтағы» «Шалңын» журналының 1-ші санында ( Қытай тілінде «Шынжаң халық ауыз әдебиетін зерттеу хабарларының» 2-ші санында жарияланды).1982ж
9.«Қазақ әдебиетінің қиса-дастан жанры» «Мұра» журналында 1982ж 1-ші санында жарияланды.
10.«Қазақ әдебиетінің хал-жайы» 1982ж оқулыққа енген.
11.«Қазақ халқның дастандарына тән кейбір деректер» 1982ж
12.«Қазақтың тіл-жазу жайында түсінік»1980ж
13.«Қазақ ру тайпаларының таңбалары мен ұрандары жайында» «Ұлттарды зерттеу» журналында қытай тілінде 1982ж 4-ші санында жарияланды.
14. «Дада қрқыт кітабы және қазақтың Қорқыт жыры жайында»1983ж «Шалғын» журналы
15. «Еліміз қазақтары» 1985ж, «Қазақтың ел аузындағы 200 дастаны»1986ж. «Қазақтың қысқаша тарихы» атты кітабі қазақша, қытайша екі тілде 1987 жылы басылып шыққан.
Ғалымның өзі тіке жауапты болып құрастырған және редакйиялаған еңбектері мен аударма жасаған еңбектерінің өзі бір төбе. Атап атйтар болсақ, «Қазақ қисалары»1 том,(ұлттар баспасы,1983), «Қазақ тілінің емле сөздігі» ,(ұлттар баспасы,1983), «Қазақ жырауларының жырлары» ,(Шынжаң халық баспасы 1986ж), «Қазақ шежірелері» жинағы 1 кітап ,(Әбдірешит Байболатовпен бірге,1986ж), «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» 1том, (1992ж. Шынжаң халық баспасы)
Н.Мыңжанидың мұралары арасында қытай тілінде жарық көрген құнды еңбектердің де аудармалары жиі кездеседі. Оның қазақ тілінен қытай тіліне аударған еңбектері–«Сәлиха самен» (Су Бэйхаймен бірлесіп аударған,1946ж), «Мәншүк» дастаны,(Шынжаң газеті 1947ж), «әлия» дастан, (Шынжаң газеті 1947ж), Шәкарімнің «Қазақ шежіресі» (Су Бэйхаймен бірлесіп қытай тіліне аударған 1947-1948ж.ж), Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы».
Қытай тілінен қазақ тіліне аударған еңбектері– «Хрчин даласында», (ұлттар баспасы 1953ж) «Бақытты болашақ» (роман,1955ж), Лушуннің «Есалаңның естелігі», «Қайғылы қазақ» шығармалары (Шынжаң халық баспасы,1974ж), Маузьдуңның «Халық демократиясы диктатурасы туралы», «Жаңа демократизим жайында», «Практика жөнінде», «Қайшылыққ жөнінде» қатарлы шығармалар, Лю Шаучидың «Коммунистердің тәрбиеленуі жөнінде» атты шығармасы, «Су бойында» (класикалық шығарма,3-ші кітабі,1976ж), «Қызыл сарай түсі» (класикалық шығарма,4-6-ші кітаптары,1977ж)
Қорыта келгенде Нығымет Мыңжани қазақтану ғылымна еселі үлес қосқан ғұлама ғалым. Ғалымның көпшілік қауымының назарына толық ұсынылмаған еңбектері де бар. Аталмыш еңбектер қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеуге және болашақ ұрпақтарды ұлттық рухта тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Н.Мыңжани еңбектері ғылыми айналымға енгізу жас ғалымдардың алдындағы үлкен міндет.

Бұлбұл (Қытай Халық Республикасы)
Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тыңдаушысы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑