banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_6986

Қосқан уақыты Тамыз 5, 2019 | 260 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ашық есік күндері Алматыда апта сайын өтеді

IMG_7004IMG_7040IMG_7029IMG_7044IMG_7100IMG_6959IMG_6955 IMG_6925 IMG_6935 IMG_6983 IMG_6960 IMG_7014 IMG_7035 IMG_7002 IMG_6978 IMG_6911

Гнездилова Наталья Николаевна көптен шешілмей жүрген мәселесін бүгін шешіп, алғысын жаудыруда. Мұрагерлікке байланысты мәселелеріншешу үшін біраз табалдырықты тоздырған көрінеді. Бүгін Ашық есік күні өтетінін, онда қаланың құзіретті орындарының өкілдері қабылдау өткізетінін естіп келген екен…

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттің корпорациясының Әуезов аудандық фронт-офисінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласы Достық үйі Медиация кабинетімен бірлесе ұйымдастырған ашық есік күні, Наталья Николаевна тәрізді 20-дан аса адам өздерінің сұрақтарына жауап алды.

Алматы қалалық Соты, Алматы қалалық прокуратурасы,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы (Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, Жер кадастры, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мамандандырылған ХҚО салалары бойынша),  АХАЖ, Алматы қаласы ҚХА, Көші-қон қызметі басқармасы, халықаралық Медиация орталығы өкілдері қатысып, банк несиелері, мұрагерлік, алимент төлеу, қылмыстық істер, еңбек қатынастары және тағы басқа сұрақтары бойынша кеңес алды, мәселелерін шешті.

     «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кабинетімен бірге жыл соңына дейін осындай қабылдаулар өткізіп отыруды жоспарлаған болатын. Бүгінгі шара республикалық бірыңғай медиация күніне орай ұйымдастырылып отыр. Әртүрлі тақырыптағы мұндай ашық есік күндері апта сайын өтетін болады», – дейді шара ұйымдастырушысы, Халықаралық «Жанашыр» қорының басшысы Жаңыл Әпетова.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға қолдау көрсету мақсатында өткен шарада Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович,  Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Шардинов Ахметжан Бакримұлы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Қырықбаев Данияр Батанұлы, Д.А. Қонаев атындағы  Еуразиялық заң академиясы ҚХА кафедрасының меңгерушісі Батталханов Болысбек Заманбекұлы, Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Лукашев Всеволод Анатольевич және басқа құрметті қонақтар даталы күнмен құттықтаған ресми бөлім, осы күні кешке дейін созылған қоғамдық қабылдауға ұласты.

Шараға шешен, кәріс, әзербайжан, грек, ұйғыр, орыс, ауған, ингуш және т.б. қазақстандық этностар өкілдері атсалысты.

Бүгінгі шараның негізгі мақсаты шиеліністі жағдайдан ши шығармай, дауды сотқа жеткізбей шешудің жайын жұртшылыққа түсіндіру болғандықтан, халықаралық медиация орталығының  кәсіби медиаторлары мен ҚХА медиаторлары азаматтармен етене араласып жұмыс істеді. Ақпараттық парақшалар таратып, сауалнамалар жүргізді.

“Қазақстандағы татуластыру рәсімдерінің өміршеңдігі кәсіби медиаторлар, судьялар мен адвокаттарға ғана байланысты емес, ең алдымен, өз уақытын, қаржысын үнемдеп, қарым-қатынасты сақтай отырып, дауды балама түрмен шешуге ұмтылатын азаматтардың құқықтық санасына байланысты», – дейді Алматы қаласы ХҚА Медиация кабинетінің меңгерушісі Нұрсәуле Әлтекова.

Мұндай ашық есік күндері алдағы уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының барлық фронт-офистерінде жалғаспақ.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑