banner-top12

Ақпараттар ағымы 0e96762a8c19b4a71036d3e28158cbff

Қосқан уақыты Тамыз 1, 2019 | 94 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Ашық есік күні өтеді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Халықаралық “Жанашыр” қоғамдық қоры Қазақстан халқы Ассамблеясымен (Алматы қаласы Достық үйі Медиация кабинетімен) бірге Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында медиацияны дамытуға қолдау көрсету мақсатында  2019 жылғы 5 тамыз күні сағат 11.00 -де Алматы қаласы, Әуезов аудандық фронт офисте  (ЦОН, Жандосов көшесі, 51 үй) «Келісім» ашық есік күнін өткізеді.

Шара Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданысқа енгізілген күні (2011 жылғы 5 тамыз)  – республикалық бірыңғай медиация күніне орай ұйымдастырылады.

Ашық есік күніне Алматы қалалық Соты, Алматы қалалық Прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалы (Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, Жер кадастры, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мамандандырылған ХҚО салалары бойынша),  АХАЖ, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі, Алматы қаласы ҚХА, «Нұр Отан» партиясы, халықаралық Медиация орталығы өкілдері қатысып, еңбек, заң және басқа даулар бойынша кеңесті қажет еткен халықты қабылдайды.

Сұрақтарыңыз болса, келіңіздер!

 

Өтетін уақыты: 2019 жылғы 05 тамыз, сағат 11-00-де.

Өтетін орны: Алматы қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Әуезов аудандық фронт-офисі, Жандосов көшесі, 51.

Қосымша мәліметтер үшін: 8(727) 9738533, 87017118302, 87073240176, 87009738533 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑