banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_8977

Қосқан уақыты Тамыз 29, 2014 | 614 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Астана-Минск» радиокөпірі интеграциялық процесстер аясындағы білім беру мүмкіндіктерінің өзекті мәселелеріне арналды

 

28 тамыз күні интеграциялық процесстер аясындағы білім беру мүмкіндіктерінің өзекті мәселелеріне арналған «Астана-Минск» радиокөпірі өтті. Бағдарламаның жазбасын 1 қыркүйекте сағат 12:15-те Қазақ радиосының эфирінде тыңдауға болады, деп хабарлады «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз хатышысы Рауан Есқали.
Қазақстан Республикасы тарапынан радиокөпірге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық орталығының директоры Қарлығаш Бөргекова, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тұран-Профи» «Халықаралық кәсіптік академиясы «Біліктілікті арттыру институты» мекемесінің ректоры, ҚР колледждер Ассоциациясы президенті, Халықаралық «Шыңғысхан» академиясының академигі Мәнен Омаров қатысты.
Беларусь Республикасы тарапынан радиокөпірге техника ғылымдарының докторы, доцент, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университетінің ақпараттандыру және оқу ісі бойынша проректоры Борис Никульшин және Беларусь Республикасы Білім министрлігі Шетелдіктермен байланыс Басқармасының кеңесшісі Кирилл Дерябин қатысты.
Бағдарлама барысында екі мемлекеттің білім саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Қос тарап білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттырып, студенттермен өзара алмасудың маңызды қадамдарына тоқталды. «Астана-Минск» радиокөпірін Астана тарапынан журналист Әлібек Әбділов жүргізсе, Минск тарапынан тізгінді Дмитрий Рубашный ұстады.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑