banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Шілде 6, 2014 | 556 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Астанада Берлин Еуразиялық Клубының 10-шы отырысы өтті

 

2014 жылғы 1 шілде күні Астана қаласында Берлин Еуразиялық Клубының (БЕК) 10-шы отырысы өтті,  – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Шара барысында Қазақстанның ДСҰ-на кіру үдерісі және ҮИИДМБ бағдарламасының жүзеге асырылуы мәселелері талқыға салынды.

Отырысқа Германия мен Еуропа қоғамдық-саяси, іскерлік және сарапшылар топтарының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, герман тарапынан – бұрынғы Экономика министрі және Бундестаг депутаты М.Глос, Герман экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры Райнер Линднер, Сыртқы саясат жөніндегі герман қоғамының директоры Эберхард Зандшнайдер,Eurasian Transition Group ұйымының директоры Михаэль Лаубш, Герман экономикасының ОА-дағы өкілі Йорг Хетч және т.б.; қазақстандық тараптан – Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау, Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.Жақсылықов, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Алдаберген, ҚСЗИ директоры Б.Сұлтанов, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры С.Ақымбеков және т.б.

Клуб отырысы барысында ашық және қызу пікір алмасулар орын алды, Қазақстан жәнеГермания саясаткерлері мен сарапшыларыҚазақстанның ДСҰ-на кіру үдерісі, қазақстандықэкономиканы жаңартуға бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуы және т.б. тақырыптар бойынша өздерінің ойларымен бөлісті.Осы орайда ҚР мен ГФР арасында сауда және инвестициялар, білім және ғылым салаларындағысеріктестікті нығайту жолдарына үлкен назар аударылды.

Астаналық БЕК кездесуіне қатысқандардың жалпы пікірлері бойынша, “Қазақстан-2050” Стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен басымдылықтар арқасында республикамызда әлемнің отыз дамыған елдерінің қатарына енуге толық мүмкіндіктер бар. Табиғи және адам ресурстарына бай Қазақстан дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге, аймақтық және әлемдік интеграциялық үрдістерде белсенді түрде қатысуға,Германия сияқты дамыған мемлекеттермен диалогты және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑