banner-top12

Ақпараттар ағымы kunimhan-ve-cokay

Қосқан уақыты Шілде 25, 2016 | 478 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

АСТАНАДА БİР МЕКТЕПКЕ ОН ЖЫЛДАН БЕРİ ШОҚАЙ АТЫНЫҢ БЕРİЛМЕУİНЕ КЕДЕРГİ НЕ?

kunimhan-ve-cokay13654335_10153904871224582_897683047274466557_n 13626538_10153904869559582_8496595370387181868_n-1

Астанада № 51 мектеп гимназиясының директоры Күнімхан Дүйсенова Ыстамбұлда от жаққан жерімізге келіп дастарқандас болып шай ішіп отырмыз. Осы білімді директор, асыл мұғалым қазақтың біртуар мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқайдың атын өзі басқарып отырған мектепке беруді он жылдан бері армандап келеді екен.

Осы орайда Шоқайтанушы ғалым ретінде бізбен танысқысы келетінін, оның сәтінін бүгін түскенін айтып қуанышын білдірді. Оның бүкіл арманы 1917 жылдан көз жұмған 1941 жылға дейін Қазақстан тәуелсіздігі үшін қажымай күрес жүргізен және осы ұлы мақсат жолында жанын құрбан қылған Мұстафа Шоқайдың атын өзі басқарып отырған мектепке беру. Бірақ бұл туралы тиісті орындарға берген өтініш құжаттары он жылдан бері қабылданбай келеді екен.

Иә бұл әр адам түсіне бермейтін күрделі мәселе. Бұл Қазақстанда ұлттық тарихи сананың әлі толық қалпына келмегендігінің айқын белгілерінен бірі. Бір мақаламда жазып едім: Саяси тәуелсіздік бір күнде келеді. Ал сана тәуелсіздігі бір күнде келмейді, оған ондаған жылдар керек. Мәселен Қазақстан парламенті 16 желтоқан 1991-де шешім қабылдап елдің тәуелсіздігін жариялады. Бітті. Сөйтіп Қазақстан сол кезде бір минутта тәуелсіз мемлекет болып шыға келді. Ал сана тәуелсіздігі болса, солай бір минутта, бір сағатта, тіп бір жыл, он жылда пайда бола алмайды. Кеңестік үкіметтің қазақ халқының санасына 74 жыл бойы сіңірген өзінің ана тіліне, төл мәдениетіне, ұлттық тарихына нұмқұрайды, тіпті оларды менсінбеу, ұлы мемлекет қайраткерлеріне сатқын ретінде қарауға негізделген идеологиясынан арылу оңай емес. Оған ондаған жылдар керек.

Міне тәуелсіздікке 25 жыл толса да, Қазақстан тәуелсіздігінің басты тұлғасының бірі Мұстафа Шоқайға әлі де болса ел ордасы және тәуелсіздіктің символ қаласы деп аталған Астанада бір көше аты берілмей отырғанын басқа қалай түсінемізІ Көше былай тұрсын, директоры он жылдан бері бүкіл құжаттарды дайындап жанын салып үкіметтік орындарға өтініш хаттар берсе де, бір мектепке Шоқай атының берілуіне ұлықсат етілмей отыр. Бұған кім кедергі болып отырІ Әрине әлі Кеңестік идеологиядан тәуелсіздігін толық ала алмай келе жатқан  кейбір адамдардың санасы.

Солай болса да, Күнімхан директор үмітін жоғалтпаған. Оның ендігі үміті, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты биыл беріліп қалуы. Лайым солай болғай!

Әбдіуақап Қара
Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑