banner-top12

Ақпараттар ағымы 35_6

Қосқан уақыты Шілде 11, 2017 | 373 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Астанада «жасыл» технологияларды енгізу мәселелерін талқылау үшін әлемге танымал ғалымдар кездеседі

12-13 шілдеде Астана қаласында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы» Халықаралық Форумы өтеді, – деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігінің баспасөз қызметі.

 Форум «жасыл экономика» саласында, «жасыл» технологияларды енгізу бойынша халықаралық тәжірибемен алмасу, озық «жасыл» технологиялар мен тәжірибелердің трансферті, «жасыл» даму және бизнесті көгалдандыру мәселелерін талқылау үшін диалогтық алаң болады.

Форум аясында Париж климаттық келісімін іске асыру және «жасыл» қаржыны мобилизациялау үшін төмен көміртекті технологиялар мен саясат мәселелері талқыланады.

Форумға Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, Пәкістанның климатты өзгерту жөніндегі федералды министрі Захид Хамид, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі Норимаса Шимомура және басқа да халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жоғары лауазымды адамдары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады.

Іс-шара шеңберінде Астралия Технологиялар Институты және KaukoInternational Group Фин компаниясымен өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қою жоспарлануда. Олардың мақсаты – жасыл технологиялар жаңа дәуірі жолында даму мен модернизациялауды жеделдету үшін Қазақстандағы экологиялық бағытталған экономикаға белгілі және сенімді жергілікті коммерциялық платформаны орнату.

Бұдан басқа, Форум шеңберінде «Арнасай» Жасыл технологиялар орталығына (Ақмола облысы Аршалы ауданы Арнасай ауылы) бару жоспарлануда. Ол жерде инноваторлар мен жастардың қатысуымен «жасыл» технологиялар көрмесі өтеді.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑