banner-top12

Ақпараттар ағымы фото конституции 025

Қосқан уақыты Тамыз 27, 2015 | 426 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Ата заң – ел болашағының негізгі баспалдақтары» атты шара өтті

фото конституции 018фото конституции 049фото конституции 03 фото конституции 037  фото конституции 035 фото конституции 034 фото конституции 025  фото конституции 017  фото конституции 003 фото конституции 122

«Конституция біздің Тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті. Сондықтан да біздің ортақ парызымыз – Негізгі Заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу». Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы. Қазіргі дүниедегі кез келген мемлекет өзінің алғашқы қадамын тәуелсіздігімен қатар, Конституциясын қабылдаудан бастайды. Бұл сол мемлекетті құраушы ұлттың ғасырлардан жинақталған өзіне тән ұстанымының, заңдарының, жүрген жолдарының өзегінен шығып, келешегіне бағдар жасайтын басты белгі. Ұлы даланы мекендеген алты алаштың да өз дала заңдары, өзіндік конституциясы болғаны анық. Орта ғасырдағы түркі бабаларымыздың бітік жазуына бармағанның өзінде, қазақ даласындағы бізге мейлінше мәліметті болып жеткен «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» секілді заң жүйелері қазақ елі Конституциясының ертеректе қаланған іргетасы іспеттес. Қазақ хандары жолға қойған осы жарғыларды дала конституциясы санасақ, оның «баптарының» сөз бастаған шешендер арқылы қалай өрбігеніне, абыз ақсақалдардың қалай таратып, жөнге салғанына тарихтан көп мысал бар. Ал кейінгі ХХ ғасыр басында ұлттық тәуелсіздікті ту етіп ұстаған Алаш қайраткерлері дербес Конституция әзірлегені де тарихтан белгілі.
Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау.
Биыл сол қастерлі Конституциямызға 20 жыл толып отыр. Осы мерейлі мереке қарсаңында Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығында «Ата заң – ел болашағының негізгі баспалдақтары» атты шара өтті.
Шараға заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі, екі мәрте милиция үздігі, Қазақстан Республикасының Ішкі Істер саласының еңбек сіңірген ардагері, «ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Баймұханбетова Жамал Теміржанқызы, Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Әпетова Жаңыл Амантайқызы, белгілі этнограф, «Алтын арқау» ҚБ төрайымы, «Әдет-ғұрып, салт-дәстүр» академиясының академигі Аюп Ғалия Қайдауылқызы, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық саяси кеңес мүшесі, Алматы үздіксіз білім беру колледжінің директоры Райымбеков Қуат Оразбекұлы, Әуезов аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары, полиция капитаны Иманбеков Куаныш Оспанұлы және т.б. қонақтар сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.
Жас талант Марлен Айтақын өз шығармашылығынан өлең оқыды.
Қазақстан Жазушылары кітапханасының меңгерушісі Ағайса Елена Жамелқызы «Конституция – Қазақстан тұрақтылығының өркендеуінің негізі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Шара соңында Алматы қаласындағы 9 Халыққа қызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлерін Конституция күні мерекесіне орай Алматы қаласы ХҚКО директорының Құрмет Грамоталарымен марапаттады.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑