banner-top12

Оқырман хаты no image

Қосқан уақыты Маусым 3, 2014 | 1  095 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

   Атамекенім –  егеменді Қазақстан

 

Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашанда мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның – алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың бірінші міндеті.Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған.

Қазақстан мемлекетінде 130 дан аса ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығы атамекеніміздің шаңырағы астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Меніңұлтым ұйғыр, бірақ мен атамекенім Қазақстан болғандықтан мемлекеттік тіл қазақ тілін білуді парыз деп есептеймін. Өйткені мен осы мемлекетте дүниеге келіп, білім алып қызмет жасаудамын. Мен орталығымызда өтетін барлық іс-шараларға қатысып тұрамын. Былтыр орталығымызда өзге ұлт өкілдері арасында өткен ана тілді меңгеру сайысында өз өнерімді, қазақ тілін жақсы меңгергенімді көрсетіп бірінші орынды иелендім.

Мен осындай егеменді тәуелсіз Қазақстан  мемлекетінде тұратынымды мақтан тұтамын.

Гулбахар Машрапова,

                                      ХҚКО РМК Алматы қаласы бойынша

филиалы Әуезов аудандық

                  бөлімінің инспекторы, ұйғыр ұлтыныңөкілі

                       

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑