banner-top12

Ақпараттар ағымы no image

Қосқан уақыты Маусым 30, 2014 | 729 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Аты аңызға айналған гимнасшы, олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким «KAZsport» телеарнасын туған күнімен құттықтады

 

 Аты аңызға айналған гимнасшы, олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы Нелли Ким «KAZsport» телеарнасын Туған күнімен құттықтады. Осы мерекеге орай ол өзінің тарихи мекені – Қазақстанға «Қазақстан» РТРК шақырумен келді. Спорттағы алғашқы жетістіктерге қол жеткізген Шымкент қаласында болды.

Осыдан тура 1 жыл бұрын, 2013 жылдың 1 шілдесінде «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының негізінде елімізде тәулігіне 21 сағат хабар тарататын тұңғыш «KAZsport» телеарнасы жұмыс істей бастады. Арнайы мамандандырылған телеарна Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырысы бойынша құрылды.

Бір жыл ішінде «KAZsport» телеарнасының көрермендері тікелей эфирден спорт түрлерінен 2000 жуық трансляцияларды тамашалады. Шетелдің барлық спорт шараларында телеарнаның түсірілім топтары жұмыс істеді.

12 ай ішінде «KAZsport» аты аңызға айналған спорт қаһармандары, спорт түрлері бойынша командалар жайында 36 деректі фильм түсірді. «Где вы, чемпионы?» циклы шеңберінде 87 бағдарлама түсіріліп, эфирге берілді. Мұның барлығы күн сайын эфирге шығатын жаңалықтар мен арнайы репортаждармен толығып отырды.

«KAZsport» сонымен қатар әлемдік тәжірибені де енгізуде. Алғаш рет отандық теледидар тарихында «KAZsport» телеарнасынынң комментаторлары оқиға орнынан – Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан стадиондардан жұмыс істеуде. Аталмыш тәжірибе келешекте де жалғасын табады.

Үстіміздегі телемаусымда телеарна ағылшынның Премьер-Лигасын, жазғы Азия ойындарын, жасөсіпімдер арасындағы Олимпиада ойындарын, Алматыда өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатын және тағы да басқа спорт шараларын көрсетуді жоспарлап отыр.

«KAZsport» телеарнасының туған күніне орай бірнеше ірі жоба әзірленді. Соның біреуі – аты аңызға айналған гимнасшы, олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы туралы түсірілген «Наша Киманелли» деректі фильмі. «KAZsport» телеарнасы отандық теледидар тарихында алғаш болып атақты чемпион туралы өмірбаяндық фильм түсірді. Арнайы түсірілім тобы АҚШ-та, оның бірінші спорт мектебі сақталған Шымкентте және Алматы қаласында болып қайтты. Бас қаһарманның қатысуымен деректі фильмнің тұсау кесері 1 шілде күні сағат 19.00-де «Kinopark 7IMAX 3D» («Керуен» сауда орталығы) өтеді.

Отандық спорт телеарнасын туған күнімен сонымен қатар  грек-рим күресінің палуаны, алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының спорт шебері, Әлем және Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, екі дүркін әлем чемпионы, бокстан олимпиада ойындарының чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев, қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін және әлемнің үш дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Илья Ильин және тағы да басқа танымал спортшылар құттықтады.

Қазақстан» Телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑