banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_7694

Қосқан уақыты Қыркүйек 27, 2018 | 271 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Автоәуесқойлар онлайн түрде «права» алуды өнер майталмандарынан үйренді

IMG_7721 IMG_7704IMG_7613IMG_7644 IMG_7603 IMG_7613IMG_7703IMG_7688

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы Мамандандырылған ХҚО бөлімінде автокөлік иелеріне арналған акция өтті.

Акцияға композитор әрі әнші-педагог Алтынбек Қоразбаев, әнші, актриса Айжан Нұрмағамбетова және т.б. өнер майталмандары қатысты. Отандық шоу-бизнес өкілдері күні бойы электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беріп, азаматтарға жүргізуші куәлігін тез әрі оңай алу жолдарын көрсетті.

«Әрбір адам  құжаттарын ауыстыру үшін күн тәртібін бұзбай, өз уақытын үнемдеуіне жағдай жасау мақсатында мұндай акцияларды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірге автобазарларда, сауда орталықтарында және т.б. адамдар көп жиналатын орындарда өткізіп жүрміз» – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Акция барысында айтулы қонақтар ЭЦҚ жазып алып, мобильді үкіметке тіркелді, айыппұл, салық берешектерін тексеріп, төлемдер жасады. Сонымен қатар олар басқа  автокөлік иелеріне «Жүргізуші куәліктерін беру»,  «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметтерін онлайн алу үдерісін көрсетті.

Көптеген мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алу еш қиын емес. Ол үшін pki.gov.kz  арқылы ЭСҚ алуға өтініш беріп, мемлекеттік корпорацияның кез-келген фронт-офисіне барып өтінішін растап, қажет болса өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан қызмет алуға байланысты  толық кеңес алуына болатынын естеріңізге саламыз.

 

Анықтама үшін:  Жыл басынан бері Алматы қаласы №1 Мамандандырылған ХҚО-дан 69206 жүргізуші куәлігі алынған. Онлайн түрде 888 жүргізуші куәлігі алынған. 282874 автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу қызметтері тіркелген. Онлайн түрде – 237. Күніне 1500-2300 адамға қызмет түрлері көрсетіледі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑