banner-top12

Оқырман хаты no image

Қосқан уақыты Мамыр 15, 2014 | 3  959 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

1

АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

 

Қазіргі таңда барлық отбасында күннен-күнге автокөліктер көбейіп келе жатқанына бәріміз куәміз. Сол автокөліктердің тарихы жайлы біле бермейді екенбіз.. Автомобиль атауы гректің «авто»-өзі, «мобиль» – қозғалатын деген сөздерінен шыққан. Жер бетіндегі алғашқы автомобиль 1970 жылы құрастырылыпты. Оны француз инженері Николя Жозеф Кюньо ойлап тапқан болатын. Бумен жүрген автомобиль сағатына 4 шақырым жылдамдықпен ғана қозғалды. Алайда бұл машинада тежегіш орнатылмағандықтан, ол тас қабырғаға соғылып, жарамсыз болып қалды.
Ал 1885 жылы неміс өнертапқышы Карл Бенц жанармаймен сағатына 16 шақырым жылдамдықпен қозғалатын үш дөңгелекті көлік құрастырды. Арада сегіз жыл өткен соң Карл Бенц төрт дөңгелекті көлік құрастырды.
1895 жылы неміс өнертапқышы Готлиб Даймлер бірінші мотоциклді құрастырған болатын. Бір қызығы Карл Бенц пен Готлиб Даймлердің автомобиль шығаратын жеке фирмалары бола тұра, бір қалада тұрса да, екеуі бір-бірімен мүлде кездеспепті. Ал кейіннен екі өнертапқыш бірігіп «Даймлер-Бенц» деген жаңа атауға ие болады. Бұл компания әлем нарығына «Мерседес» көлігін шығарып келеді.
1895 жылы Францияның атақты «Рено» компаниясы құрылды. «Рено» -әлемдегі такси көліктерін шығарған тұңғыш компания. Автомобильдердің түрлері өте көп. Олар бір-бірінен сыртқы пішіні мен жылдамдығы, жанармайды үнемдеуі мен ерекшеленеді. Автомобильдер құрастырылмас бұрын бірінші қағаз бетіне түсіріледі. Жаңа құрастырылған көліктер түрлі сынақтан өткізіледі. Мұндай сынақ краштест деп аталады. «Краш»-ағылшынның апат, «тест»-сынақ деген сөзінен шыққан. Сынақтар сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан көліктің арнайы дайындалған қатты қабырғаларға немесе заттарға немесе заттарға соқтығысы арқылы жасалады. Сынақтың мақсаты- болашақ адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Арнайы тексеру алаңында автомобильдерді өте қатты жүргізіп, олардың жылдамдығы және тежегіштерінің жұмыс істеу мүмкіндіктері анықталады.
Автомобильдердің келесі бір түрі жолсыз немесе нашар жолдармен жүруге арналған көліктер. Мұндай көліктер джип деген атауға ие. Бұл көліктердің 4 дөңгелегі қатар айналады. Жолы нашар, тау қыраттарында жүруге арналған көліктердің ішінде ең танымал «Хаммер» көлігі. Бұл көлікті әуел басында американдық «Дженерал» фирмасы өз армиясы үшін шығарған болатын.Бірақ бұл әскери мақсатта пайдалану үшін шығарылған көлік көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Сұранысқа ие болғандықтан сатылуға шығарыла бастады.
Ең қымбат, ең сәнді үлгідегі көліктерді шығарумен айналысатын «Роллс-Ройс» атты компания да бар. Мысалы «Роллс-Ройс» маркасындағы көліктер арнайы тапсырыспен ғана құрастырылады. Сол кекілді «Мазерети», «Бентли» көліктері де әлемдегі ең қымбат көліктердің қатарынан орын алады. Көлік шығаратын компаниялар спорт көліктерін де құрастыра бастады. Ал Италияның «Феррари» фирмасы тек спорттық жарыстарға арналған көліктер ғана шығарады.
Ал дүниежүзі бойынша көлік түрлерін көп шығаратын мемлекет-Жапония. Жапондардың атақты «Тойота», «Хонда», «Мицубиси» сияқты атақты фирмалары жылына 8 мл. көлік шығарады екен. Ал Американың «Дженерал моторс» компаниясына қарайтын зауыттар 6 миллион көлік құрастырса, Германия 5 миллионға жуық көлік дайындайды. Қазір жер шарының қай түкпірінде де көліктің түрлері көп. Бірақ нақты қанша екенін ешкім білмейді. Ғалымдардың айтуына қарағанда дүние жүзінде 600 миллионға жуық автокөлік бар екен.

Асылбаев Рысдәулет,
Алматы индустриалды колледжінің студенті

 




One Response to АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

  1. Сандуғаш says:

    өте керемет, қызық екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑