banner-top12

Керек кеңестер images

Қосқан уақыты Желтоқсан 1, 2014 | 477 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Автокөлікті техникалық байқауды халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу

Автокөлікті техникалық байқауды халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуге, оған сапалы диагностика жасауға мүмкіндік беретін келісім ратификацияланғаны бәрімізге мәлім. Енді тұтынушыларымыз халықаралық техникалық байқау сертификатын Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп ала алады.
Ол үшін тұтынушы жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі, сонымен қатар халықаралық сертификатты беруге мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек, күнтізбелі жыл үшін көлік құралдарына салықты төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі мен мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту туралы куәліктің көшірмелерімен орталыққа келіп өтініш жазуы қажет. Қызмет ақылы түрде екі жұмыс күні ішінде дайындалады.
Сондай-ақ, бұл қызмет жайлы толық мәлімет алғыңыз келсе, 1414 біріңғай байланыс орталығына хабарласуыңызға болады.

Алматы қаласы бойынша ХҚКО мекенжайлары:

Әуезов аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Жандосов көш., 51

Алмалы аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көш., 221.

Алатау аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Шаңырақ-2» ықшам ауданы, Жанқожа батыр көш., 2

Бостандық аудандық бөлімі
Алматы қаласы, «Алмагүл» ықшам ауданы, 9а

Медеу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Марков көш., 44

Жетісу аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Төле би көш., 155

Түркісіб аудандық бөлімі
Алматы қаласы, Рихард Зорге, 9

Мамандандырылған ХҚКО бөлімі
«Саялы» ы.а. Аққайнар көш. 1
Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑