banner-top12

Ақпараттар ағымы IMAG0148

Қосқан уақыты Ақпан 23, 2015 | 685 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Автомектеп реформасы – жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі факторы

 

Өткен сенбіде Алматы қаласы Мамандандырылған ХҚКО мен “Автомектеп KZ қауымдастығы” кәсіби бірлестігінің бірлесе конференция өткізді.

Жыл сайын дүниежүзінде 1 миллионнан астам адам жол-көлік апаты салдарынан жарық дүниемен қош айтысса, тағы миллионнан астамы түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алады. Оның ішінде, мәңгі мүгедек болып қалғандары да аз емес. Ал елімізде жыл сайын 3 мыңнан астам адам қаза тауып, тағы 17 мыңға жуығы жарақаттанады екен.
Алматы қаласы Мамандандырылған ХҚКО мен “Автомектеп KZ қауымдастығы” кәсіби бірлестігінің бірлесе ұйымдастырған “2015 жылғы Автомектеп реформасы – жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі факторы” конференциясы – жүргізушілерді оқыту мен жол қозғалысына жіберу сапасын жақсартуға, сондай-ақ ҚР жолдарындағы апат жағдайларын азайтуға бағытталған “Жол қозғалысы туралы” жаңа Заңның негізгі ережелері мен талаптарын көлік жүргізушілерін дайындайтын оқыту ұйымдарына түсіндіруді мақсат етті.
2015 жылға дейін тек қана Алматы қаласының өзінде 120 автомектеп жұмыс істеген. “Жол қозғалысы туралы” жаңа заң қабылданған соң, республика бойынша аккредиттелген 12 автомектеп қана қалды. Қалған автомектептер аккредитация талаптарына сай келмегендіктен өте алмай қалды. Бүгінде республикадағы барлық автомектептер аккредитация талаптарына сай болу үшін дайындықтарға кіріскен.
“Біз өз қатарымызға республикадағы барлық автомектептерді тартуды Және жол қозғалысы қауіпсіздігі мен оқыту сапасын арттыру мақсатында көлік жүргізушілерді дайындаудың бірыңғай стандартын енгізуді мақсат етіп отырмыз,” – дейді”Автомектеп KZ қауымдастығы” кәсіби бірлестігі Ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Мұрат Әміров.
Конференция аясында Алматы қаласы Мамандандырылған ХҚКО Алматы қаласындағы аккредиттелген 12 автомектеппен өзара әріптестік жөнінде Меморандумға қол қойды. Енді, аталмыш автомектеп бітірушілері Мамандандырылған ХҚКО-ның автоматтандырылған электронды автодромында да емтиханалды дайындықтан өту мүмкіндігіне ие болады. Бұл, түптеп келгенде, жүргізушілердің тыңғылықты дайындықтан өтіп, ҚР жолдарындағы апат жағдайларын азайтуға септігін тигізбек.
Конференция жұмысына Алматы қаласы Ішкі істер басқармасы, Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, Тәуелсіз көлік жүргізушілер ұйымдары, Үкіметтік емес ұйымдар, Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Алматы қаласы ХҚКО баспасөз қызметі.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑