banner-top12

Салт-дәстүр 34221314_7bd6ceb49859

Қосқан уақыты Ақпан 26, 2016 | 806 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

АУА РАЙЫНЫҢ АМАЛДАРЫ ТУРАЛЫ БІЛГІҢІЗ КЕЛСЕ

Қазақ халқының жұлдызшылары Айдың тууы, тоғысуы, аралық шағын байқап, бағамдап, сол арқылы ауа райын алдын ала болжап отырған. Олардың жорамалдары үнемі дәл келген.
Әр айда келетін амалдарының саны жиырма төрт. Бұл амалдар ен екі айға бөлінген. Он екісі жазғы маусымға, он екісі қысқы маусымға жатады. Бұлар іштей тағы бөлінеді: алтауы көктем, алтауы жаз, алтауы күз, алтауы қыс маусымына тән.
Осы жиырма төрт амалды өз ерекшеліктеріне сай қысқаша таныстырып отырмақпыз. Бабалар болжамы бойынша, ауа райының амалдарынан хабардар болғыңыз келсе, «Дәстүр» журналын жібермей оқыңыз немесе бір жылға жаздырып алыңыз.

Қаңтар айында

Күннің таласуы
Ол қаңтардың алғашқы күніне тұспа-тұс келетін амал. Бұл кезде күн бой көтереді, ауа-райы өзгеріп, қар жауады, сырғыма жүреді, боран болуы да мүмкін.

Қырықаяқ амалы
Уақыты және мәні: қаңтардың 10 жаңасынан 15 жаңасына дейін жалғасады. Қыс маусымының бірінші амалы.
Басқаша аталуы: қаңтардың қырықаяғы. Қаңтарда қылаулап жауған қарды қырық күн жел үйіріп, бұйдалап тұратынына қаратылған.
Ауа райының ерекшелігі: қар жауады, күн суытады.
Мақал-мәтел, қанатты сөздер: «қарды қылау өсіреді, баланы сылау өсіреді», «қаңтар тумай қарға жарымайсың».

Тоқырау амалы
Уақыты және мәні: қаңтардың 20 жаңасынан 25 жаңасына дейін жалғасатын амал.
Басқаша аталуы: қара суық.
Ауа райының ерекшелігі: бұл кез-үскіріктің аса қатты кезі. Мұны «қызыл соғып тұр» деп те, «қызылдатып тұр» деп те атайды. Бұл мезгілде аяз бет қаратпай, үскірік жалап тұрады. Ағаш бұтақтарына сүңгі тұрып, қар кеш батқанша қылаулайды.
Мақал-мәтел, қанатты сөздер: «күн қаңтарда қарға адым ұзарады».
Ауысып қолданылуы: осы мезгілде қысқы тоқырау мезгілі болғандықтан тоқырау аталған. есепшілер осы амалдан бастап күн ұзарады деп есептейді. Осыған қарап қылау деп айтылады. Тоқыраудың тағы бір аты – Қылау.

Қыс шілдесі
Қаңтардың соңғы күндері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяздар орнайды. Қыстың осындай нағыз өз күшіне енген уақытын «қыс шілдесі» дейді.

Ақпан айында

Ақпан амалы
Бұл ақпан айының 10 жаңасынан 15жаңасына дейін жалғасады. Басқаша аталуы: «жылқышы», «ақ құрық».
Амал кезіндегі әдет-ғұрып: ақпан келді, жылқышы кірді, жылқышының өкпесі қатты болады, оны ренжітіп алмайық деп, жылқышының сыбағасы ретінде кәрі жілік асып, қонақ қылатын болған, сол себепті «жылқышы » деп аталса керек.
Жылқышының құрығына қатқан қырауға қарап « ақ құрық» деген атау берілген. Қазақ «жылқы сауырынан, сиыр бауырынан» деп, аяз күндері жылқыны жабулап, сиырдың астына көң төсейтін болған.
Ауа райының ерекшелігі: бұл бір жыл ішіндегі ең суық, қатты аяз саналады.
Амалға қатысты мақал-мәтел, қанатты сөздер:
«Ақпан-тақпан алты күн,
айғайлатқан қатты күн» немесе
«Ақпанда-тақпан алты күн,
аяздатқан қатты күн.
Өлшеп салған етіңе
қонақ қонса, қатты күн»,
«Ақпан-тақпан алты күн,
айғайлап соқса жеті күн».
«Бойшаң қызда бұғақ қалды, бой тоқтыда құйрық қалды».
Ауысып қолданылуы: Үштің айы – күштің айы.

Үт амалы
Бұл ақпан айының 20-күнінен 25-күніне дейін жалғасатын амал. Үт сөзі туралы айтылымдар әртүрлі, біреулер ол сиыр деген көне қазақ сөзі десе, енді біреулер киіз үйдің саңлауынан түскен сәулені қазақтар үт дейді, содан қалған деседі.
Амал кезіндегі әдет-ғұрып:саудагерлер ерімеген қасат қар арқылы сусын мәселесін шеше отырып, қыстаудағы малшыларға барып, шай-қант, тері-терсек сияқты саудалармен айналысады.
Ауа райының ерекшелігі: қарлар ерігенмен, қатты нығыздалған қар ерімейді.
Мақал-мәтел, қанатты сөздер: «үт кіргенде, сәудагердің к… құрт кіреді».
Жан-жануардағы белгілер: сиыр осы мезгілде жатпай, бір-бірін сүзгілеп ,сықырлап жүріп алатын болған.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑