banner-top12

Ақпараттар ағымы австрия

Қосқан уақыты Мамыр 25, 2014 | 570 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Аустрияда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

 

 

Ү.ж. 20 мамыр күні Венада Аустрияның саяси-қоғамдық және іскерлік орталарының қатысуымен Қазақстан – Аустрия қоғамының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшісі Қайрат Сарыбай Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Жолдауы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» Жолдауы бойынша баяндама жасады. Қатысушыларды Жолдаудың негізгі ұстанымдарымен таныстыра отырып, бұл стратегиялық құжаттың басты мақсаты болып ҚР әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі болып табылатынын атап өтті.
Қ.Сарыбай Қазақстан индустрияландыру саясатының стратегиялық жобалар арасында маңызы ерекше екенін атап отырып, осы аяда аталған мақсатты жүзеге асыру үшін аустриялық кәсіпкерлерді Қазақстанға инвестициялар және заманауи технологияларды белсенді тартуға шақырды.
Өз кезегінде Қоғам Төрағасы, Аустрия Экономика палатасының Вице-президенті Р.Шенц және қоғамның басқа да мүшелері ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауында мемлекет дамуының басым бағыттары және оларды іске асыру бойынша нақты тапсырмалар айқындалғанын баса айтты. Қатысушылардың ортақ пікіріне сәйкес, «Қазақстан – 2050» – республиканың сенімді дамуының басты даңғыл жолына айналмақ.
Қазақстан – Аустрия қоғамының мүшелері аустриялық саяси-қоғамдық, іскер орталар мен БАҚ араларында аталған құжаттың негізгі мазмұнын насихаттауға дайындықтарын білдірді.
Сонымен бірге, кездесу шеңберінде Астанада өтетін ЭКСПО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрме жөнінде ұсыным ұйымдастырылды. Бұл көрменің өткізілуі болашақ энергия көздерінің дамуы мен қолданысына өз үлесін қосатыны, үздік әлімдік технологияларды ұсынуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ бұл саладағы ұтқыр бағдарламалар мен жаңа шешімдерді дамытуға ықпал ететіні туралы да айрықша айтылды.
Жиынға қатысушылар қазақстан-аустрия ынтымақтастығының барлық салаларда үдемелі және қарқынды дамып келе жатқанын да атап өтті.
Қазақстан – Аустрия қоғамы Елбасының Аустрияға 2012 жылғы ресми сапарының қарсаңында құрылған болатын.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑