banner-top12

Ақпараттар ағымы 4

Қосқан уақыты Сәуір 7, 2017 | 455 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«ХҚКО» басшылары бір күнге инспекторлар міндетін атқарды

 

   IMG_401420170407_15252320170407_153803

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының барлық басшы құрамы «Дублер күніне» қатысты.  Осылайша, Алматы қаласы «ХҚКО» департаментінің директоры Данияр Ахметов бірнеше сағатқа ХҚКО кеңесшісіне айналды, ал оның Алмалы, Бостандық, Наурызбай және Мамандандырылған ХҚКО-да болып, қызмет алушыларға қызмет көрсетті.

Ахметовтің айтуынша, «Дублер күні» бүгін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде жүргізілуде.

«Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл» және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты.

Біз халықпен кері байланыс орнату үшін және ХҚКО-ларда  қызмет көрсету деңгейін көтеру үшін фронт-офистерде жиі жұмыс істеуге тырысамыз. Себебі, ХҚКО-дағы бизнес-процесті жолға қою үшін өзіміз халықпен бетпе-бет жұмыс істеп көруімізге тура келеді.

6IMAG0532IMG-20170407-WA0023

Бүгінгі іс-шарада департамент басшылығы мен бөлімдер басшылары бірінші қатардағы инспекторлармен тең отырып, тұтынушыларға мемлекеттік қызмет стандарттарына сай кеңес беріп, құжаттарын қабылдайды. Сонымен қатар  дайын құжаттарды беру секторында құжаттарды таратып, EGOV бұрышында электронды үкімет порталы арқылы тұтынушыларға қызмет көрсетеді, – деді Данияр Сағындықов.

Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт-офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк-офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттікт өлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру жәнет.б. жүргізуге мүмкіндік береді.

IMG-20170407-WA0021 IMAG053320170407_152105

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін  349 фронт-офистері, оның 18-і  Алматы қадасында жұмыс істейтінін естеріңізге саламыз.

Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑