banner-top12

Ақпараттар ағымы Изображение 202

Қосқан уақыты Шілде 21, 2016 | 438 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлері оралмандарға ақпараттар берді

Изображение 105Изображение 070Изображение 062Изображение 107

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінің өкілдері Халықаралық «Жанашыр» қорымен бірге Алатау және Наурызбай ауданындағы оралмандармен дөңгелек үстел өткізді.

Изображение 550 Изображение 423 Изображение 272 Изображение 163

Жиынға қатысқан Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы, Алматы қаласы Көші-қон полициясы, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерімен бірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша «ХҚКО» департаментінің қызметкерлері де Мемлекеттік корпорация көрсететін мемлекеттік қызметтер жайлы ақпараттар берді.

Изображение 393 Изображение 398 Изображение 424 Изображение 344

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болатынын, Ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтініш беруге болатыны туралы айтты. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтар үшін, жұмысын жоғалтқан жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және жұмыссыз азамат ретінде есепке қою рәсімі жеңілдетілгенін де еске салды. Енді бұл екі қызметті де жергілікті Жұмыспен қамту орталығына жүгіне отырып, бір мезгілде алуға болатынын айтты.

Изображение 202 Изображение 197 Изображение 152 Изображение 151Мамандандырылған ХҚКО-ларда автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын 2 сағаттан көп уақыт кететін)  мүмкіндік беретін қанатқақты жобаны іске қосылғанын, сондай-ақ, мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсететінін, ол үшін 1414 нөміріне телефон шалса, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері 72 сағат ішінде  үйіне барып қызмет көрсететінін және т.б. оңды өзгерістер жайлы оралмандарды хабардар етті. Және көптеген қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға болатынын, алу жолдарын көрсетіп, аранайы буклеттерді таратты.

Жиынға қатысқан Алатау, Наурызбай ауданының тұрғындары көптеген сұрақтарына жауап алды.

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑