banner-top12

Ақпараттар ағымы IMG_5385

Қосқан уақыты Сәуір 30, 2016 | 534 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері сенбілік өткізді

IMG_5482 IMG_5473

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 3 966 қызметкері қатысты.

IMG_5469IMG_5489

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалы – Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментнің директоры Данияр Ахметов. – Тазалық жұмыстарына Алмалы ауданы, Тастақ ықшам ауданындағы саябақта 120 адам, Медеу ауданы Шығыс айналма жолында 140 адам, Бостандық ауданы, Ботаникалық бақта 190 адам және «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталық» мекемесі орналасқан аумақта 200 адам қатысуда. Тазалық жұмыстарынан бөлек ағаштар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл сенбілік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты еңбек ұжымдарының ынтымағын арттырып, қаланы абаттандыруға да үлкен үлес болмақ. Шараға Алматы қаласының 650 қызметкері қатысуда.

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді, туған қалаларының бақтары мен саяжайларын тазартып, 2 395 көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.

IMG_5403IMG_5445

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», – деді Алматы қаласы бойынша «Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» департаментінің қызметкері Әділ Ботабаев. – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды.

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.

 

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑