banner-top12

Ақпараттар ағымы photo_2020-03-16_19-08-02

Қосқан уақыты Наурыз 17, 2020 | 108 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

 «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алуға шақырады

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Ол вирустың таралу қаупі алдында цифрландырудың инфекцияны алдын алу мен қорғанудың тиімді шараларының бірі екенін атап өтті.

«Цифрлық инновациялар көптеген мүмкіндікке жол ашады, ресурстарды үнемдейді, өмірімізді жеңілдетеді. Көп нәрсені бүгінде онлайн тындыруға, тауарларға тапсырыс беруге, төлемдерді, салықты, айыппұлдарды өтеуге, тіпті құжаттар мен мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуға болады. Мұның барлығы цифрлы технологиялардың арқасы», – деп атап өтті ол өз жазбасында.

Осылайша, Балташева «Цифрлы мен» акциясының басталғанын мәлімдеп, қазақстандықтарды бір-бірімен өздерінің пайдаланып жүрген цифрлық жаңашылдықтарымен бөлісуге шақырды. Мәселен, корпорация төрайымы ХҚО-ға тек жұмыс бабымен баратынын, ал қажетті құжаттар мен анықтамаларды алу үшін egov.kz пайдаланатынын, қазақ-түрік лицейінде оқитын ұлының үлгерімін edypage арқылы тексеретінін айтты. Ол сонымен қатар театр мен ұшаққа билеттерді интернетте сатып алатынын жазды. Пост авторы электронды түрде үйіне азық-түлік алдыртып, кітапқа тапсырыс бере алатынын да қосып өтті.

Әсемгүл Балташеваның  эстафетасын  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалының директоры Данияр Батанұлы Қырықбаев та  қолдайтынын білдіріп,өзінің цифрлық дағдыларымен бөлісті.  Ол 18 түрлі қызметті

  1. Коммуналдық қызметтерді онлайн төлеймін;
  2. Дәрігерге алдын-ала жазылам;
  3. Авиа және ТЖ билеттерін ресімдеймін;
  4. Кітап сатып аламын;
  5. Достарымды құттықтап, сыйлықтар жіберем;
  6. Шетелдегі достарыммен байланысып, сөйлесем;
  7. Балаларымды балабақша кезегіне қоям;
  8. Жүргізуші куәлігіміді онлайн ауыстырам;
  9. Көлігіме автобөлшектерге тапсырыс беріп, алдырам;
  10. Зейнетақы төлемдерімді тексерем;
  11. Қажетті анықтамаларды аламын;
  12. Мемлекеттік тест тапсыру үшін өтініш берем;
  13. Спорт секцияларына жазылам;
  14. Онлайн тіл курстарын оқимын;
  15. Баламның оқу үлгерімін тексеремін;
  16. Көлігіміді мемлекеттік тіркеуге қоямын;
  17. Азаматтармен онлайн-конференция өткізем;
  18. Салық бойынша берешегімді төлеймін  және т.б. онлайн қызметтерді  онлайн алып жүргенін айта келіп,  «Мен баршаңызға «Цифрланып, трендте болыңыз!» дегенді жиі айтып жүрмін. Цифрланудың пайдасы, дәл қазіргідей қиын кезеңде  қажет болып отыр. Егер мемлекеттік қызметтерді  электрондық үкімет порталынан немесе смартфоныңыздағы қосымшалар арқылы онлайн алуды білсеңіз, онда ешқайда бармай, денсаулығыңызға нұқсан келеді деп қауіптенбей, үйде отырып-ақ қызметтерді ала бересіз. Азаматтарға арналған үкіметтің фронт-офистері арқылы көрсетілетін 642 қызметтің 608-ін онлайн ала аласыз. Смартфон арқылы 60 қызмет түрі қолжетімді. Сондықтан ХҚО-ға барудың қажеті де жоқ…»  деп кеңес береді ол.




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑