banner-top12

Ақпараттар ағымы img-0821

Қосқан уақыты Қазан 8, 2016 | 540 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

Азаматтарға арналған үкіметтің қызметкерлері Қазақстан бойынша 425 ағаш отырғызды

img-0821 img-0830   img-0797img-0938 img-0827 img-0873 img-0915 img-0904

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалының департементтерінің  қызметкерлері сенбілік өткізді. Бұл жолы да департаменттің тату-тәтті ұжымы қаланың әл-Фараби даңғылы бойындағы аллеяға 25 боз арша және қайыңдар отырғызды.Ұжым осы аллеяға мамыр айында да ағаштар отырғызған болатын. Олар бүгінде жайқалып, қалаға сән беріп тұр.

Алматы қаласы “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінің директоры Данияр Ахметовтің айтуынша, шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған кең ауқымды  «25 игілік іс» акциясы шеңберінде өткізілуде. «Бүгін біз ел болып атап өтіп отырған айтулы мереке қарсаңында, қаламыздың гүлденуі мен жасылдануына өз үлесімізді қосудамыз. Қаланың әл-Фараби даңғылының бойындағы аллея тағы да ағаштармен толықты. Бұл жер қала тұрғындарына қуаныш сыйлап, демалатын орнына айналады деп сенеміз», – дейді Данияр Сағындықұлы.

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Алматы қаласында ғана емес, еліміздің барлық қалалары мен облыс орталықтарында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында орталық аппарат пен облыстық филиалдардың қызметкерлері 425 ағаш отырғызды, оның ішінде қайың, қарағай, жөке, шетен, тіпті боз арша ағаштары бар. Сенбілікке мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің инспекторларынан бастап басшыларына дейін белсенді ат салысты.

Естеріңізге салсақ, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өткізіп отырған мұндай шара бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік корпорацияда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған республикалық спартакиада және  мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты «Мемлекеттік тіл – қызмет көрсету тілі» тақырыбында республикалық байқау, ал шілде айында – «Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында мемлекеттік корпорация қызметкерлері балаларының арасында сурет салу байқауы өтті.

Гүлмарал Ерсұлтанқызы

 




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑