banner-top12

Айтарым бар DSC_0991

Қосқан уақыты Ақпан 3, 2017 | 431 рет оқылды | сайтқа қосқан shalqar

0

«Азия балаларының» өкілдері универсиаданың атлеттер ауылында

Атлеттер ауылына «Азия балалары» спорттық ойындарының халықаралық комитетінің делегаттары келді. Ұйымдастырушылар оларды аралатып көрсетті. Делегаттарды «Пирамиданың» үшінші қабатындағы саз аспаптары музейіне алып келіп, халқымыздың бай мәдени дәстүрімен таныстырды.
Ойын бітісімен бұл нысандардың қаланың қарамағына өтетіні қонақтарды қатты таң қалдырды. Бұлар аз қамтылған отбасылар мен әлеуметтік жағдайы нашар адамдардың тұрғылықты жеріне айналады.
Бес мың орындық атлеттер ауылында қазір 2,5 мыңдай адам тұрып жатыр. Инфрақұрылымы жолға қойылған бұл жерде фитнес-зал, супермаркет, емхана, кафе, пошта бөлімшесі, кәдесый алуға арналған дүкен мен гүл дүкеніне дейін бар.
Діни рәсімге арналған бөлмелер, вакс-кабиналар мен биатлон қаруын сақтайтын камера да жоқ емес. Бұларды жалға алатындар да дайын екен. Олар – Алатау ауданының санэпидемстансасы, халыққа қызмет көрсету орталығы мен олимпиадаға әзірлік орталығы.
Сонымен бірге, қонақтарға қазақ спортшыларының неге 10-шы корпуста тұрып жатқанын айтып берді. Өйткені Қазақстан жарыс өткізіп жатқан ел ретінде қонақтарға барлық жағдайды жасауы керек. Ұйымдастырушылар оны «Алматы-Аренаға» жақын тұрғандықтар әдейі таңдап алыпты.
Қонақтар экскурсиядан кейін көргендеріне дән риза болып, сувенир сататын дүкеннен кәдесыйлар алды.

Інжу Сағидолла




Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to Top ↑